ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ТҰЛҒАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Магистр аға оқытушы Жаппарқұл Ж.Ә
Студент Ахмет Е.С
Шымкент университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
Формирование личности средствами физической культурыжизни
Дене жаттығуларын оқытудың ең басында шҧғылданушы ҥлгілі
сипатына (қҧрылымы бойынша) барынша жақын қимылды орындауы ҥшін
тырысуы қажет. Бҧл ҥшін екі әдісті қолдану керек: бірінші-жағдайда
жеңілдету, қимыл қарқынын тӛмендету; екіншісі-спорт жаттығуларын жеке
қимылдар мен амалдарға қимыл қҧрылымдары бойынша барынша
қарапайым жаттығуларға бӛлу. Оқытудың бірінші әдісі бҥтін деп, екіншісі-
бӛлшектеу деп аталады. Олардың бірігіуін кешенді әдіс деп атайды.
Ең бір дҧрыс әдіс ретінде кешенді әдісті тануға болады. Бӛлшектеу
немесе бҥтін әдістің кҥрделі қимылдарды оқытуда ӛзіндік мәні жоқ. Алайда,
«кешенді әдіс» деген тҥсініктің ӛзі оның мазмҧнын аша алмайды. Бҧнда
қимылдың анализ-синтезі тҥсінігін қолдану дҧрыс.
Қимылдың
талдау-жинақтауы
дене
тәрбиесі
мен
спорттың
педагогогикалық ҧстанымдарының бірі ретінде кӛрінеді. Бҧл ҧстаным,
бҧның алдында айтылғандай кҥрделі идеяларды, қҧбылыстар мен
әрекеттерді барынша қарапайым ҧғымдарға тҥсінуі, меңгеруі және дамытуы
жақтарынан жеңіл ҧғымдарға бӛлшектеу қажет заңдылығына негізделеді.
Дене жаттығуларын оқытуда талдау-жинақтауды іске асырудың
міндетті талаптары бӛлшектенген жҥйе бҥтін жаттығуларда ӛзінің
органикалық бірлігін жоғарылатпаудан тҧрады. Бӛлінген бӛліктер фазалар
мен элементтер кҥрделі ҥйлесімге біріктірілгенге дейін барынша жақсы
бекуі тиіс. алайда жекелеген бӛлшектерде ҧзақ жаттығулар кҥрделі дене
жаттығуларын бҥтіндей орындауда қимыл ҥйлесімі бҧзылады. Сондықтан
спорт жаттығуының бірнеше бӛліктері, фазалары мен элементтерін бір-
біріне кезеңдеп ауысып, бір мезгілде шҧғылдану қажет.
Талдау деңгейі шҧғылданушының бӛлшектенген жҥйе қимылын дҧрыс
орындау қабілетіне байланысты болады. Әр шҧғылданушы ҥшін әрбір спорт
жаттығуын да ол дҧрыс, әрі спорт жекпе-жегінің шынайы жағдайында
тҥгелдей орындай алатын аталған спорт жаттығуларының топтарына тән
кҥш жҧмсап жасай алатын бӛліктер мен фазаларды табу қажет.
Дене жаттығуларын меңгерудегі табыс оның топтарын ҥйрену
бірізділігіне тәуелді. Әрбір кҥрделі дене жаттығуларында бӛліктер, фазалар
мен элементтер болады, олардың дҧрыс орындалуынан кӛп деңгейде қимыл
тиімділігі байланысты болады. Спорт жаттығуларының негізін бҥтіндей-
негізгі бӛлім
, спорт жаттығулары бӛлімінің негізін-
негізгіфаза
; спорт
жаттығуының негізгі фазаларын-
негізгі элемент
деп бӛледі. Мысалы,
140
биіктікке, секірудің тӛрт бӛлімінің (жҥгіріп келу тебілу, кедергіден ӛту,
қону) негізгі бӛлімі тебілу; тебілудегі негізгі фаза тебілу аяғын және соған
лайық, дене қалпын қою; фазада тебілу ҥшін негізгі элементтер бел мен
иықтың қимылы болып табылады.
Спорт жаттығуларының негізін белгілеуді ішінара жасаған жақсы,
ӛйткені оқытуды соның ӛзінен бастау керек. Тҥрлі спорт жаттығуларында,
сол сияқты олардың жеке бӛліктері мен фазаларында қимыл негізгі басында,
ортасында және соңында болады.
Егер біз ҥйренетін кҥрделі қҧрылысты дене жаттығуларын Н әрпімен,
ортасын С әрпімен, соңын К әрпімен белгілесек, онда сызбада кҥрделі дене
жаттығуын ҥйренуінің бірізді дҧрыс ҥш нҧсқасын келтіруге болады.
Бірінші нҧсқада кҥрделі дене жаттығуының негізгі бӛлімі басында тҧр.
Ол бірінші меңгеріледі. Одан кейін қимылдың ортаңғы бӛлімінің тәсілі
ҥйретіледі. Оған енді меңгерілген бастапқы бӛлімі қосылады. Бҧның
соңынан жаттығудың қорытынды бӛлімінің тәсілі ҥйретіледі. Оған
меңгерілген ортаңғы бӛлім қосылады. Соңында спорт жаттығуының тәсілі
бҥтіндей меңгеріліп, бекітіледі. Екінші нҧсқада спорт жаттығуының негізгі
бӛлімі ортасында, ал ҥшінші нҧсқада соңында болады.
Сонымен, кҥрделі дене жаттығуларының тәсілі ҥнемі қарапайымнан
кҥрделіге немесе басынан соңына қарай, яғни әрекеттің жҥру ретімен
орындалмайды. Бірінші кезеңдерінде негізгі бӛлім, фаза немесе
элементтерді ҥйреніп, сосын оған басқаларын қосу керек.
Саналылық және сезімдікті бақылау дене тәрбиесімен спорттың
педагогикалық ҧстанымдарының бірі болып табылады. Бҧл ҧстаным
адамның қимылы мен психикасы арасындағы заңды байланысқа
негізделген.
Орындалатын қимылдар ең алдымен сезім мҥшелерімен қабылданады.
Оларды кӛруге болады, кейде одан шығатын дыбыстарды естуге болады, ең
бастысы оларды кинестезикалық сезіммен қабылдау болып табылады.
Қимыл әрекетін оқыту процесінде сезім мҥшелерінің қосынды әрекеті
орталық жҥйке жҥйесінде жинақталады. Одан кейінгі әрекеттерде
туындаған бейнелерді тексеріп, нақтылауға мҥмкіндік беретін жаңа сезім
пайда болады. Қимылды орындауға жаңа әрекеттер жасағанда жаңадан
ҥйренетін қимыл туралы барынша дәл ҧғымдар қҧрылып, санада
жинақталып, тҥйінделетін жаңа сезімдер пайда болады. Олар тәжірибе
жҥзінде қайтадан тексеріледі. Қимыл дағдыларын меңгерудің бір кезеңінің
екіншісінен айырмашылығы қимылды орындауды ашуда жаңа сезімдер,
тіпті жаңа сезімдерді қабылдаулардан тҧрады. Кез-келген дағдыны,
меңгеру, кез-келген қҧбылысты танудың бірізділігі мен мәні осыған
қҧрылған.
Орындалатын қимылдың бірнеше жақтарын тану деңгейі дене
жаттығуларын оықтудағы табыстың шарты болып есептеледі. Жоғары
маманданған спортшы орындалатын спорт жаттығуларын жақсы
бақылайды. Осыған байланысты ол оны ӛте жетілдіріп орындауға қабілетті
болады.
141
Дарындылық пен қимыл тәжірибесінің теңдігінде оқыту нәтижесі
туындаған сезімге зейінді шоғырландыру қабілеті мен ҥйретілген
ҧғымдардың деңгей байланысты болып табылады. Оқушының зейінін
аудару қаншалықты жақсы болса, оқу нәтижесі де соншалықты жақсы
болады. Бҧл сыртқы қоздырғыштарға да, сол сияқты оқушының ӛзіндік
ойына да қатысты.
Алайда қимылды орындау барысында шешетін қимыл міндеттерін
олардың қҧрылымына сәйкес бақылау сезім аппараттарымен жҥргізіледі. Ол
қимылды орындау барысында терде, бҧлшықетте, буындарда, сіңірдегі
пайда болатын сезімдермен, яғни кинестезиялық сезімдермен жҥзеге
асырылады.
Қимылдың негізгі сипаттарына сәйкес кинестезиялық сезімталдықтың
жекелеген пайда болуын бӛліп қарастырады: «Кеңістік сезімі», «Қашықтық
сезімі», яғни қимылды кеңістікке лайық мӛлшерлеу қабілеті; «Снарядты
сезіну», яғни снарядтың пішінін, салмағын, серпімділігін нәзік сезінуді
дамыту; «уақытты сезіну», яғни ӛз қимылдарын уақытпен ҥйлестіру
қабілеті; «қоршаған орта сезімі» («суды сезіну», «ауаны сезіну», «қарды
сезіну», «мҧзды сезіну»), яғни қоршаған ортаның қарсылығын бағалау
қабілеті.
Туындаған кинестезиялық сезім жҥйелілік жаттығуларында сақталады.
Жақсы меңгерілген қимыл қҧрылымы қаншалықты ҧзақ ҥзіліс болғанымен
ҧмытылмайтыны белгілі. Велосипедпен жҥруді жақсы меңгерген адам егер
осы арада оншақты жыл ӛтсе де осы жаттығуды орындауға қабілетті
болады. Бҧл орындалуы бҧлшықет кҥшін кӛп талап етпейтін ағзаның
арнайы дамуын немесе қорқыныш сезімімен кҥресуді талап етпейтін жҥзуге,
коньки тебуге, т.б. спорт жаттығуларына қатысты болады. Кинестезиялық
сезімге келсек, ол сабақтағы аз ғана ҥзілісте де ҧмытылып кетеді.
Қимыл дәлдігі кҥрделі болған сайын жаттығу арасындағы ҥзіліс те
соншалықты қатты әсер етеді. Егде тартқан цирк әртісі былай деген: «Егер
мен бір кҥн жаттықпасам, онда оны жалғыз мен сезем, егер екі кҥн
жаттықпасам, оны менің жолдастарым сезеді, егер ҥш кҥн жаттықпасам,
оны енді кӛрермендер де сезеді».
Санадан тыс сезімдік бақылаудың мәні қимылдың автоматтануы
кӛлемімен сипатталады, онда адам қимыл міндетін жеке топтарға зейін
аудармай-ақ орындайды.
Сонымен, бір адамның сезімдік бақылауға қабілеттілігі аталған қимыл
әрекетіне оның машықтану деңгейіне байланысты болып табылады.
Тыныс алу саналы тҥрде (белгілі бір шамада) реттеуге болатын ағза
қызметіне жатады. Ағза бҥтін зат. Ондағы барлық қызмет ӛзара байланыста
болады. Сондықтан тынысалуды реттеп, тынысалуды қимылмен және
дененің белгілі қалпымен ҥйлестіріп, ағзаның басқа да қызметтеріне әсер
етуге болады. Психикалық және дене әрекеттері ӛзара байланыста
болғандықтан, тыныс алуды реттеу, психикаға да әсер ететін болады. Дене
тәрбиесі мен спорт сабақтары оқытушысының міндеттерінің бірі тыныс
алуды қимылмен дҧрыс ҥйлестіруге оқыту болып табылады.
142
Тыныс алу жаттығуларын жҥйелі қолдану арқылы тыны салу бҧл –
шықеттерді дамытып, кеуде жасушысының қозғалмалылығын және
тегістігін ҧлғайтады, ӛкпенің ӛмірлік кӛлемін арттырып, денсаулықты
нығайтады, ӛзін-ӛзі жақсы сезінуге кӛмектеседі, жҧмыс қабілетін
арттырады.
Дене жаттығуларын және тыныс алу әдісіне оқытудағы бірізділік
ҥйренетін қимылдың кҥрделілігіне байланысты болады. Қарапайым дене
жаттығуларындағы қимыл мен тыныс алуға оқыту бір мезгілде жҥргізіледі.
Кҥрделі дене жаттығуларын оқытуда тыныс алу әдісін меңгеру қимыл
тәсілін меңгеруден қалып қояды. Бірінші кезеңде оқушылардың зейіні
қимыл қҧрылымында ғана тіркелді. Оқытушы оқушының тынысты ҧстап
қалмай бірсыдырғы тыныс шығарғанына жеткізуге тырысады. Қимылды
меңгеру шамасы бойынша ғана оқушылар ҥйренетін жаттығуды дҧрыс
орындауда тиімді тыныс алу тҥріне оқытылады.
Дене жаттығулары ӛз дәлдігі бойынша неғҧрлым кҥрделі болған сайын,
соғҧрлым оның қимылмен тыныс алу дәлдігін оқыту мен оның тәсіл
негіздерін меңгеру арасында кӛп уақыт жҥреді.
Қарапайым дене жаттығуларын орындау уақытындағы тыныс алу
бойынша әдістемелік нҧсқауларда мынадай ережелер келтірілген: 1) тек
мҧрын арқылы дем алу (тыныштықта, оның ішінде ҧйықтағанда ауызымен
дем алған адамдар мҧрын қуысы ауруларымен жиі ауырады); 2) кеуде
қуысын қысатын киімді немесе беkбеу тағудан бас тарту керек; 3) дҧрыс
сымбатты сақтау; 4) «тӛменгі» және «толық» тыныс алуды пайдалану; 5)
денені қатыстырып, баяу қимылдағанда тыны алуды тіктелген кезде, ал дем
шығарғанды бҥгілгенде жасау керек; 6) егер бҧлшықет жиырылуы босаңсуға
ҧласса, онда босаңсу кезінде дем алып, жиырылған кезде дем шығару қажет;
7) егер қимыл шапшаң ырғақта жҥргізілсе, онда бір тыныс алумен бірнеше
қимыл, ал дем шығарғанда бір-екі қимылға кӛп жасалады.
Спорт жаттығуларында қимыл қоршаған ортаның қҧрылымы мен
аясына байланысты тыныс алумен жалғасады. Тыныс алу әдісімен спорт
жаттығуларын тӛрт топқа бӛлеміз.
Бірінші топқа тӛзімділікте кӛрінетін айналымдық спорт тҥрлері жатады.
Бҧл тҥрлерде тыныс алу ырғақпен жҥргізіледі. Орта және алыс қашықтыққа,
коньки тебуде, ескес есуде және де басқа тҥрлерінде тыныс алу кезіндегі
ерін пішіні «и» әрпіндей, ал дем шығарғанда «у» әрпіндегідей болады. Дем
шығару адам шырақты ҥрлеп ӛшіргендей болады. Ол демді ішке тартудан
гӛрі ҧзақ әрі қарқынды болады. Ескек есу, жҥзу және басқа да айналымдық
спорт тҥрлерінде тыныс алу мен шығарудың қатынасы олардың
қҧрылымдық ерекшеліктері мен қимыл жылдамдығына тәуелді болмақ.
Тыныс алудың жиілігі қимыл жылдамдығына, ал қимыл жиілігі-тыныс
алу жиілігіне байланысты жҥреді. Сондықтан тӛзімділікті қажет ететін
айналымдық спорт тҥрлерінде қашықтық мәресінде тыныс алуды жиілеткен
жӛн. Бҧл қимыл жиілігін ҧлғайтуға кӛмектеседі (ең болмағанда оны
сақтауға).
143
Екінші топқа жеке тҧлғалық тҥрде орындалатын жылдамдық, кҥш спорт
тҥрлері жатады. Ондағы кӛбірек жҧмсалған кҥш сәттері кҥшенуге
жалғасады. Тыныс алуды ҧстап тҧру кеуде қуысын тіркеуге кӛмектеседі, сол
арқылы белсенді қимылға жеткізетін бҧлшықеттердің жиырылуы ҥшін
жақсы жағдай туғызады. Лақтытруда, шаңғымен трамплиннен секіруде, суға
секіруде снарядпен бірнеше гимнастикалық жаттығуларды орындағанда
және ауыр атлетикада тыныс алу осылай жҥргізіледі.
Ҥшінші топқа қимыл орындау жағдайы кҥрт ӛзгеретін айналымдық
емес спорт тҥрлері жекпе-жек бірсайыспен спорт ойындары жатады.
Спорттың бҧл тҥрлерінде кҥш жҧмсау уақытында тыныс алуды тежеуден
сақтану спорт жекпе-жегін ӛнімді жҥргізу қабілетін сақтауға кӛмек береді.
Егер қимыл соңында кӛп кҥш жҧмсалса, онда тыныс шығару шапшаң
жҥреді.
Тӛртінші топқа спорттың нысанаға ату тҥрлері жатады. Бҧл тҥрлерде
дәлдеу мен шҥріппені басу кезінде кӛптеген мергендер демін жартылай
ішіне тартып немесе жартылай шығарады. Бҧл кеуде қуысының тербелуден
және иық белдеуін қимылдаудан сақтайды. Тыныс алуды тежеу
орындалатын қимылға зейінді жақсы аударға жәрдемдеседі, ол 12-15
секундқа жалғасады. Егер бҧл уақытта мерген атып ҥлгере алмаса, ол
кӛздеуді тоқтатып, бірнеше рет терең тыныс алып, тыныс шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |