«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет51/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143
Байланысты:
6-.-

 
Библиографиялық тізім 
1.
Дене шынықтыру мәдениеті және спорт тарихы, олимпиадалық 
ойындар. Оқу қҧралы Шымкент 2016 
2.
Гимнастиканы оқыту әдістемесі. Шыршықбаев С.А., Алайдаров И.К., 
Тулеев Е.И., Казмамбетова А.А. оқу қҧралы Шымкент 2019
3.
Атакаева А.Т.Қимылды ойындар.-Шымкент.-2018.Оқу қҧралы.-73бет


148 
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Магистр, аға оқытушы Кадырбаев Т.А 
студент Жақсылық А.Н. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Особенности физического развития старшеклассников 
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 
жастағы оқушылар жатады. Жоғары сынып жасындағы оқушылардың 
денесінің ӛсуі мен даму ҥрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы 
ағзасының мҥшелері мен жҥйелері бірқалыпты жағдайда дамиды.
Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде 
бойдың ӛсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы кӛбірек ӛсе
бастайды. Жасӛспірім ҧл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан 
қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, 
салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене кӛлемімен 
салыстырғандағы бҧлшық ет кӛлемі қыздардікіне қарағанда 13 % кӛп, ал
тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасӛспірім ҧлдардың қыздарға 
қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ҧзын болып келеді. 
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сҥйектері ӛздерінің ӛсіп болу, 
қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сҥйектері 
жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық 
сҥйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста 
жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сҥйегінің ӛсуі 
жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. 
Білезік сҥйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сҥйектері 16-18 жаста 
қатып, аяқталады. Жамбас белдеуінің сҥйектері: ортан жілік 18-20 жаста 
ӛсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сҥйектері қыздарда 
16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін ӛсіп, одан әрі қарай ӛсуін тоқтатады. 
Табан сҥйектерінің: ӛкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының ӛсуі 
бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан
кҥмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-
18 жасқа дейін биік ӛкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ 
киімдер табан кҥмбезінің дҧрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез
шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің ӛкшесі 1,5-2 см 
болғанда табан кҥмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы 
дамиды. Осы кезеңде сҥйектері қатайған жастар ағзасы ҥлкен жҥктемелерді 
тӛзімді қабылдайды. 
Сҥйек аппаратының бекуі бҧлшық ет, сіңір дамуымен қатар жҥреді. 
Бҧлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бҧлшық еттерінің кӛлемі, 
кҥштері ӛседі. Осы кезең – жастардың бҧлшық еттерінің кҥші мен
тӛзімділігін дамытуға тиімді уақыт. 


149 
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бҧлшық еттері 
аздап, жамбас бҧлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде 
клеткасы, жҥрек, ӛкпе, ӛкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бҧлшық 
еттерінің кҥші, ауаны қабылдау кӛлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз 
болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу 
органдарының функционалдық мҥмкіншіліктері тӛмен болады. 
Жігіттердің жҥректерінің кӛлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға
ҥлкен, жҥрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жҥректің жиырылу кҥші
кҥшті болып келеді де, қан тамырларына кӛп қан мӛлшерін жібереді. 
Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары 
болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. 
Олардың ӛкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз 
болып келеді. 
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық 
қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге кӛтеріледі. Олардың 
қозғалыс қҧрылымын тҥсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, 
уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ҧғыну, дәл қайталау, бҥкіл 
қозғалысты тҧтас орындау мҥмкіншілігі қалыптасады. 
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге 
ҧмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау 
қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ 
олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене 
қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады. 
 
Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас 
жігіттер арасында бӛлек жҥргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, 
физиологиялық және психологиялық ӛзгешеліктері, ерекшеліктері дене 
тәрбиесі жаттығуларын ҥйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен 
әдістерін әр тҥрлі тҥрде таңдауды, жҥктемені әр тҥрлі беруді, сабақты бӛлек 
ҧйымдастыруды талап етеді.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен кҥш, 
кҥш-жылдамдығы жаттығуларына, кҥш тӛзімділігіне, аэробты тӛзімділікке 
кӛп кӛңіл аудару қажет. Қимыл ҥйлесімділігі қабілеттілігін дамыту 
жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша қҧра алу, тепе -
теңдікті ҧстап, бҧлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар 
аударса дҧрыс болады. 
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен ӛткізілетін дене тәрбиесі 
сабақтары кӛбінесе жаттықтыру тҥрінде жҥргізіледі. Жаттығуларды ойын 
әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда кӛбінесе жарыс әдістері 
қолданылады. 
Осы жас кезеңінде олардың дене қҧрылымдарын, дене және 
техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін кӛбірек 
қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар 
техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дҧрыс деңгейде 
дамытуларына кӛмектесеміз. 


150 
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын ҥйрену және меңгеру 
дҧрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып 
жҥргізілуі қажет. Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сҥйектері 
ӛздерінің ӛсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, 
жауырын сҥйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік 
немесе иық сҥйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 
жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сҥйегінің ӛсуі 
жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. 
Білезік сҥйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сҥйектері 16-18 жаста 
қатып, аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет