Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі


Наурыздық ұғымдар мен нышандар, ғұрыптар мен рәсімдер



бет16/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Наурыздық ұғымдар мен нышандар, ғұрыптар мен рәсімдер

Бүгінде наурыздық нышан ретінде қазақ халқының алуан түрлі фольклорлық туындыларын Наурыз мейрамына телу орын алуда. Алайда, мейрамды олайша «байыту» мерекенің маңызы мен өзегін бұрмалауға, ақырында оның дәйексіздендіруге апарып соғатынын ескеру керек.


Ежелгі Наурыздың мерекеленуі ғарыштық жыйылу құбылысының мәнін құрайтын үш санатына: дәм, үн, өңге негізделіп, бұлардың әрқайсысы ғарыштық жетілудің кепілі ретінде жеті еселенуден тұрған. Йағный, жеті дәмнен – наурызкөже; жеті түспен – құрақ көрпе тігу (бүгінде құрақ көрпенің о бастағы мәні көмескі тартып, оның тек қана тұрмыстық сыйпаты қалған), айналаны, үйді, адамды, жануарларды алуан түске безендіру; жеті үнмен – жеті қоңыраумен, жетіген аспабымен болмаса жеті адамның хор айтуымен ескі жылды есіркеп, жаңа жылды мадақтау жүзеге асырылған. Аталмыш нышандарды паш ету арқылы аспан көшінің көрінісін іске асыру арқылы кәзіргі адамзаттық карнавалдар мен хоровод секілді дәстүрлер туындаған.
Аңырақай тауындағы жартастағы суретке куә болғанымыздай, Наурызды мерекелеуде он екі мүшелдік айуан бейнелерінің қатысуы міндетті нышан болғандығында ешкімнің дауы жоқ. Сондай-ақ, «Аластау» рәсімінің де өз алдына орны болғандығы күмәнсіз. Ал, «Ұйқыашар», «Селтеткізер» секілді дәріптер де Ырыс таңын қарсы алуға арналған бірден бір ғұрып болса керек.
Бұған қоса, Наурыздың мерекеленуі жеті күнге созылса керек, оған қазырғы еліміздің батыс тұрғындары 14 наурыздан көрісу мен наурызкөже асуды бастап кететінін қосуға болады. Бұл бұрынғы күнтізбе бойынша наурыздың басқы күндері, ал оған бір апта қоссақ, қазырғы 21 наурызды аламыз.
Наурызға тән ұғымдардың барлығы да бір ғана мерекенің мәнін ашудан шыққан десек, қателесеміз. Керісінше, Наурыздың мереке болуының өзі белгілі бір ежелгі адамзаттық идеяның түрлі сенімдер мен тұжырымдарға бөлшектелмей тұрғандағы тұтас үрдісінің шырқауынан шыққан. Бізді осындай ойларға жетелейтін наурыздық мына ұғымдар мен рәсімдерге тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет