Дәріс №3. Елдер және елтану.
Сұрақтар:
Елдің қалыптасуы және трансформациялануы. – Елдерді топтау және жүйелеу. Салыстырмалы елтану. – Проблемалық және конструктивтік елтану.- Стратегиялық дамуды жобалау.- Әлемдегі макроаймақтар – елдердің тобы.
Елдердің қалыптасуы және трансформациялануы.
Эконом-географтар елдерді зерттегенде мынандай сұрақтарға жауап беруге ұмтылады: Ел дегеніміз не? Олар қайда және қалай орналасқан? Қашан пайда болды? Неге пайда болды? Қалай тіршілік жасап жатыр және қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін?
Елдің пайда болуы – белгілі бір табиғи жағдайдың негізінде, халық және шаруашылықпен бірте-бірте толықтырылу арқылы көршілес елдерден табиғаттық, экономикалық, әлеуметтік ерекшілігімен сипатталатын, біркелкі кешенді вертикалдық және горизонталдық кеңістік құрылымының құрылуын айтамыз.
Мұның арқасында, кеңістіктік және уақытша шегарасы бар мемлекет қалыптасады. Қорыта келгенде, ел – белгілі бір табиғат кешені негізінде құрылған субконтиненталдық деңгейдегі әлеуметтік- шаруашылық кешенді айтамыз. Ол кеңістікте уақытша, ішкі және сыртқы байланыста мемлекет ретінде белгіленеді. Яғни, ел – мемлекеттің кеңістік формадағы өмір сүруі (тіршілік), ал мемлекет елдің құқықтық формадағы өмір сүруі.
Жоғарыдағы анықтамаларға жүгіне отырып, елтану деп -
кеңістікте, уқытта, ішкі және сыртқы байланыста мемлекеттік формасы арқылы белгілі елдерді: субконтинендалдық деңгейде табиғи-әлеуметтік-экономикалық кешен ретінде зерттейтін пәнді айтамыз
Елдерді топтау және жүйелеу.
Елдерді топтарға және класстарға:
1.аумақтың көлемі және халықтың саны бойынша топтауға
болады (үлкен, орта, кіші)
2.әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша
( жоғары деңгейде дамыған және дамып келе жатқан)
3.саяси құрылымы бойынша.
4.демографиялық үрдісі бойынша.
5.жан басына шаққандағы экономикалық пайда және т.б.
Елдерді топтаудың басты экономикалық-географиялық негізі – елдерді табиғи-әлеуметтік-экономикалық кешен ретінде зерттеу арқылы, барынша әртүрлі көрсеткіштерді қамтуды көздейді.
Әлемдегі кәзіргі елдерді топтау.
Дүние жүзі саяси картасында 230 мемлекет бар деп есептеледі. Кәзіргі елдерді топтау әртүрлі көзқараспен: аумақтың көлемі, халықтың саны, географиялық орынының ерекшілігі, қоғамдық құрылысының ерекшілігі, әлеуметтік-экономикалық деңгейі, тарихи – географиялық сипаты, физико-географиялық ұқсастығы және т.б. жүргізіледі.
Аумағының көлемі және халқының саны бойынша гигант – елдер: Қытай, Индия, АҚШ, Канада, Бразилия, Ресей. Бұл бағытта Қала-мемлекет ретінде: Андорра, Ватикан, Монако, Сингапур бөлуге болады. Бұл көрсеткіш бойынша көп мемлекеттер ортада тұр, мысалы, Ұлыбритания, Вьетнам, Италия, Франция, Жапония
Елдердің географиялық орны, оның сыртқы географиялық нысаналармен қатынасы және өзара қарым-қатынасы арқылы анықталады. Географиялық орны микро- мезо- макро орын болып бөлінеді.
Елдің микроорны – оны қоршаған локалдық төменгі рангтағы географиялық нысаналармен: таулар, өзендер, теңіздер анықталады. Мысалы: «анд» елдері, «нил бассейіні елдері».
Елдің мезо орны – оны қоршаған екінші рангтағы географиялық нысаналармен анықталады. Мысалы, құрлықтық, немесе теңіздік шегаралар. Мысалы: «жер орта теңіз» елдері, «Бенилюкс»
Елдердің макроорыны жоғарғы рангтағы географиялық нысаналармен, яғни, жердің ірі аймақтарына қатынасты орыны бойынша анықталады. Мысалы, материктер мен мухиттарға байланысты орны: Азия елдері, Африка елдері.
Елдердің тарихи-географиялық обылыстарға қатынасы бойынша «араб елдері», «Арабтық Шығыс» (Машрик) деп топтайды.
Физикалық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты топтау жүргізіледі: мысалы, Оңтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Африка.
Елтану пәнінде елдерді топтау арқылы зерттеу мен оқып білуге ыңғайлы болады. Ол үшін, мына қағидаларды ескеру керек:
1.елдің географиялық орнының ерекшілігі;
2.халықтың тарихи дамуы және мәдениеті;
3.мемлекеттің табиғат жағдайларының аса ерекшілігі;
4.халықтың саны және аумақ көлемі;
5.экономикалық даму деңгейі;
6.тарихи-мәдениет ерекшілігі.
Дүние жүзі елдерінің географиясы пәнінде мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне көп назар аударылады.
Әлемдегі кәзіргі елдердің типтері.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша дүние жүзі мемлекеттері 2 топқа бөлінеді:
Экономикалық дамыған елдер.
Экономикалық дамып келе жатқан елдер.
Бұл елдерді әрі қарай топшаларға бөлуге болады:
Экономикасы дамыған елдерге 60 тан астам мемлекетті
атайды. Оның ең басты экономикалық көрсеткіші – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ).
ІЖӨ - дегеніміз әр елдің халқының бір жылдағы өндірген тауарлары мен жасаған қызметінің (услуги) біртұтас бағасы (доллармен есептегенде)
Экономикалық дамыған І топқа 7 ел («ұлкен жетілік»): АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада кіреді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 20 дан 40 мың долларға жетеді. Бұлардың ішінде бірінші орынды АҚШ және Жапония алады. Бұл екеуінің үлесіне 20% өнеркәсіп өнімі тиеді. Егер АҚШ табиғи – ресурстық потенциалға бай болса, Жапония ғылым, техника мен технология потенциалына бай болып келеді.
Әр ел өзіне тән географиялық ерекшілігімен көрінеді. Біздің мақсатымыз – картографиялық, статистикалық, геоақпараттық және т.б. мәліметтерді жинау, сараптау, талдау, тұжырымдау арқылы дүние жүзінің жекелеген аймақтарына, елдеріне кешенді географиялық сипаттама беру.
Кешенді географиялық сипаттама - әдеби шығарма.
Негізгі әдебиет: 5, 29, 32, 33, 34, 35, 42, 43, 50.
Дәріс №4. Халық географиясы.
Сұрақтар:
Халықтың саны, жыныстық, жастық , этникалық және әлеуметтік құрылымы- халықтың көш-қоны және өмір сүру сапасы, халықтың кеңістік құрылымы(орналасуы мен қоныстануы) – урбанизация, субурбанизация, рурализация.
Халықтың саны, жыныстық, жастық, этникалық және
әлеуметтік құрылымы.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси география үшін халықты зерттеудегі басты мақсат: халықтың орналасуы мен қоныстануы, көші-қоны заңдылықтары мен ерекшіліктері, яғни сыртқы қоршаған ортаның әсерінен туындалатын халықтың кеңістіктегі қозғалысын анықтайды, сараптайды,талдайды, тұжырымдайды, ғылыми шешімдер қабылдайды.
Жоғарыда айтылған сұрақтарды шешу үшін халықты әр қашанда өзгеріп отыратын жүйе ретінде қарап, оның әртүрлі салаларын, құрылымнан, жүйелерден тұратынын, сыртқы ортаның әсеріне тәуелді және керісінше сыртқы ортаға әсер ететінін ескеруіміз керек. Сондықтан, бұл мәселелерді шешу үшін, халықтың биологиялық, этникалық және әлеуметтік құрылымына сипаттама беру керек.
Биологиялық құрылымын «демографиялық пирамида» түрінде қарастыруға болады.
Демографиялық пирамида – белгілі бір елдің халқының санын, оның аумақ бойынша таралуын (халық санағы, басқада статистикалық есептеулер арқылы), жыныстық, жастық , құрылымын анықтауды көздейді
Этникалық құрылымға анықтау және баға беру үшін екі бағыт қарастырылады. Бірінші – этникалық біркелкілік экономиканың дамуына тиімді әсер етеді, себебі, қоғамдық келісім, мақсатқа жету әдістерін таңдау, ұжымдық келісімдер мен шешімдерді, әдістерді қабылдау жылдам қарқынмен жүргізіледі.
Әлеуметтік құрылым халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызы зор, яғни, жанұя, өндірістік ұжым, әртүрлі әлеуметтік топтар, халықтың ұдайы өсіп-өнүіне, өмір сүруге қажетті материалдық база жасауға, тұрмыстық қажетті мәселелерді шешу мен қорғауға күш салуға және қоғамдық құрылымның функциялық қызметін атқаруға әсер етеді.
Геодемографиялық үрдістерді кешенді зерттеу арқылы ЭӘжСГ халықтың кеңістегі қозғалысын, оның себептерін және болашағын болжау арқылы, қоғамда болып жатқан проблемаларды шешуге ат салысады. Мысалы: көші-қонға кешенді баға бергенде, оның басты себебі - өмір сүру сапасы екенін анықтауға болады.
Өмір сүру сапасы және көші қон.
Өмір сүру сапасы деп – халықтың тіршілігіне, сыртқы ортаға әсер ететін кешенді баға бере отырып, халықтың кеңістіктегі қозғалысын анықтауды айтамыз. Мысалы, халықтың көші-қон үрдісіндегі шешім қабылдау себептері.
Әр адамның бір жерден екінші жерге қоныс аударуын өмір сүру сапасымен түсіндіре отырып, оның алты параметірін атауға болады. Олар: халықтың әл-ауқаты, қауыпсіздік, еркіндік , өзінің мүмкіндігін (талабын) қолдану, денсаулық және өмір сүру ұзақтығы.
Халықтың кеңістік құрылымы (орналасу мен
қоныстану)
Орналасу деп – белгілі бір аумақтағы елді мекендердің өзара қарым-қатынасы мен байланысы, тығыздығы.
Халықтың орналасу формалары аумақтың табиғат ерекшеліктеріне, шаруашылықтың даму деңгейіне және елді-мекендердің түрлеріне байланысты. Олар:
-ауылдық елді мекендер – қоғамның аграрлық даму деңгейіне байланысты
-қала мен қалалық кенттер – қоғамның индустриалдық даму деңгейіне байланысты
-қала маңайы және урбандалдған кеңістік – қоғамның постиндустриалдық даму деңгейіне (офис және ақпарат) байланысты.
А.Ю Скопинаның кітабындағы 51 суретті қарасаңыз елді мекендер формасының әр түрін:дисперсиялық ареалдық ,дәліздік, ошақтық , топтық , желілік, шоғырлық , жоғары шоғырлық
Урбанизация, субурбанизация, рурализация
Қалада өмір сүру (урбанизация) қала маңайында өмір сүру (субурбанизация), ауылдық елді-мекендерде өмір сүру (рурализация). Қала салудың теоретигі Э. Ховардың «Три магнита» деген кітабында әр елді – мекен түрлерінің өмір сүруге тиімді және тиімсіз жақтарын білуге болады (53 сурет, Скопин А.Ю кітабін қараңыз).
Экономикалы, әлеуметтік және саяси географиясы қаланы өмір сүруді максималдық тұрғыда қаматамасыз ететін халықтың жоғарғы деңгейде шоғырланған, тығыздалған елді-мекен деп қарастырады (Ю.Г Скопин кітабын қараңыз) яғни, қаланың қалыптасуы мен дамуы деп -біріне –бірі қарсы екі мақсатты шешуге – тұрғындардың өмір сүруге қажетті жағдайын жоғарғы деңгейін шешу арқылы шектелген аумақта халықтың шоғырлануын айтамыз.
Қаланың орналасуын кеңістікте ұйымдастыруы мен бірге оның ішкі функционалдық құрылымы дамиды, яғни, маманданған ішкі қалалық аудандар мен зоналар құрылады.
Қаланың функционалдық құрылымы
Әрбір қаланың басқару және ақпараттық, саудалық, өнеркәсіптік, көліктік, тұрғын үй,(селитеба) рекреациялық және т.б зоналарға, аудандарға бөлінеді. Онда халықтың тұрмыстық қажеттелігі, өмір сүру сапасы және т.б. мәселелер шешіледі. Функционалдық қызметтері бойынша қалалық функционалдық қызметі бойынша әртүрлі модельдерді ұсынуға болады.(әкімшілік, өнеркәсіптік, қаржылық, мәдениеттік және т.б.)
Қаланың динамикасы (даму қарқыны)
Қаланың динамикасы екі үрдісті қарастырады. Бірінші –қаланың шекарасының өзгеруі және сыртқы ортамен өзара қатынасы мен байланысы. Екінші - қала ішіндегі өзгерістер: функционалдық құрылымы, халықтың қозғалысы, капитал, тауар, қызмет жасау, көлік, инфрақұрылым, институциалық өзгерістер және т.б.
Қаларды топтастыру
Қаланы топтастуры арқылы табиғат жағдайын, мәдениет менталитет, экономикалық пен техникалық даму деңгейі, комфорт, әлеуметтік пен этникалық құрылым, тұрмыстық қажеттілікті шешу және т.б. толып жатқан сипаттарды анықтауға болады.
Геоурбанистиканың классигі, француз ғалымы Жаклин Боже-Гарнье 6 қалалық топты, 14 қалалық топшаларды бөледі. Мысалы: бірінші топқа – Еуропа қалалары, оны 4 топшаға: 1) солтүстік қалалар, 2) Батыс Еуропаның Орталық бөліміндегі қалалар, 3) Жерорта теңізі қалалары, 4) Шығыс Еуропа қалалары деп бөледі.
Негізгі терминдер мен түсініктер: қала, қаланың кеңістік және функционалдық құрылымы, қаланың динамикасы, қаларды топтастыру.
Географиялық атаулар: Пекин, Чикаго, Москва, Париж, Роттердам, Волгаград, Стокгольм, Амстредам, Стамбул, Токио.
Сұрақтар:
1) Қала дегеніміз не? 2) өзіңіз тұрып жатқан қала қандай кеңістік құрылымы тобына жатады? 3) өзіңіз қаланың қандай функционалдық зонасында тұрасыз? 4) қала өзінің шекарасын қандай себептермен өзгертеді?. 5) Еуропа қалаларының топшаларын атаңыз? Қазақстан қалаларын қалай топтауға болады ?.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 8, 10, 11, 12, 14, 21, 22, 26, 33, 34, 35.
Дәріс № 5. Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану географиясы
Сұрақтар:
Негізгі түсініктер. – Табиғат жағдайы мен ресурстарының үйлесімді орналасуына баға беру.-Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру. – Экологогеографиялық аудандастыру.- Аумақтың табиғи-ресурстық потенциалы (АТП)
Негізгі түсініктер
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану географиясының басты түсініктері: Табиғат қоры, Табиғат ресурстары. Табиғат жағдайы, Табиғат қорын зерттеу және баға беру, табиғатты пайдалану, табиғатты тұтыну, табиғатты қайта қалпына келтіру, табиғат жағдайы мен ресурстарының үйлесімді орналасуы, аумақтың табиғи – ресурстық потенциалы және баға беру, қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру, эколого-экономикалық аудандастыру. Табиғат қоры деп - белгілі бір кеңістіктегі (аумақтық) өлі және тірі табиғаттың заттары мен күштерінің біртұтас қосындысын айтамыз. Табиғат қоры , табиғат жағдайы және ресурстары болып бөлінеді.
Табиғат ресурстары - өндіріс күштерінің белгілі бір даму сатысында қоғамынң қажетін қанағаттандыру үшін материалдық өнімдерді өндіруге пайдаланатын табиғаттың денелері мен күштерін, нақты айтқанда, табиғат ресурстарының өндіріс құрал жабдықтары мен тұтынатын бұйымдарға айналуын айтамыз.
Табиғат жағдайы деп – белгілі бір кезендегі өндіргіш күштердің даму сатысында адамның өмір сүруі мен тіршілік етуіне қажетті табиғат элементтері мен күштерін айтамыз.
Табиғат ресурстарының қоры деп – экономикалық және әлеуметтік дамуға пайдалануға жарайтын сапалық және сандық түрде зерттеліп анықталған табиғат фондысының бір бөлігін айтамыз.
Табиғат қорын зерттеу және баға беру бірнеше кезеңннен тұрады. Бірінші кезең: табиғат қорын зерттеу, пайдалану, қайта қалпына келтіру. Екінші кезең: табиғат өнімдерін тұтыну, ол табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарын пайдалану мен онда өзгерістерге байланысты.Үшінші кезең: табиғатты қайта қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты.
ЭӘжСГ аумақтың табиғи – ресурстық потенциалының жеклеген түрлерін ғана емес ( мұнай, көмір, газ және т.б.) олардың аумақта, мемлекетте үйлесімді орналасу ерекшеліктеріне баға береді.
Табиғи – ресурстық потенциалы деп – белгілі бір аумақтық табиғат жағдайы мен ресурстар жиынтығын айтамыз. Ол баға бойынша есептеледі, яғни табиғи – ресурстық байлығының тұтас көлемі.
Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарының үйлесімді орналасуына баға беру үш бағытта: компоненттерді анықтау, біртұтас және қорытынды баға беруде көрсеткіштердің саны әртүрлі болуы мүмкін.
Біздің қазақ экономистерінің аныктамасына жүгінсек, "Табиғи ресурстарының территориялық үйлесуі дегеніміз — мемлекеттің, республиканың, облыстың белгілі бір бөлігінде табиғи ресурстарының өзара үйлесуі мен бір-бірімен жақын орналасуы және өндірістік күштерінің даму денгейіне байланысты өнеркәсіп аудандарының, тораптарының және басқа өндірістік топтардың материалдық (шикізат, отын, энергия, су, т.б,) базасына айналуын айтамыз".
Табиғат жағдайы мен ресурстарының белгілі бір кеністіктегі үйлесуін табиғи-ресурстық кешен деп те айтуға болады, Бұл ұғымның құрамына кез келген территорияның жер, су, орман, отын-энергетика, минералдық-шикізат, т.б. ресурстары, климат, рельеф, т.б. табиғат жағдайлары кіреді. Табиғи ресурстық кешеннің жоғарыда айтылған элементтері
бір болғанымен, олардың құрамы, көлемі, үйлесуі, сапасы, т.б. әр территорияда әр түрлі болады.
Территорияның табиғи-ресурстық потенциалын зерттеу және оларды экономикалық тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін салуда экономикалық география ғылымында табиғи-ресурстык циклдер деген концепция пайда болады. Бүл циклдар заттардың және энергияның әлемдік айналым жүйесіндегі табиғи-ресурстарының динамикасын және шаруашылыкта табиғи-ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді (өндіру, өңдеу, тұтыну, кайта калпына келтіру, т.б.). Қазіргі кезде негізгі алты табиғи ресурстық циклдерді атауға болады: Энергиялық ресурстар және энергия, рудалық ресурстар және металл, рудалық емес шикізаттар, орман ресурстары және ағаш материалдары, агроклиматтық ресурстар және ауыл шаруашылығының шикізаттары, фауна және флора ресурста-ры, су ресурстары.
Аумақтың табиғи-ресурстық потенциалына әлеуметтік-экономикалық географиялық баға беру — ғылымның басты максаттарының бірі болып есептеледі.
Табиғи-ресурстық потенциалдың жеке элементтеріне немесе оған тұтас сапалық және сандық баға беру әдістері әр түрлі және толығымен әлі де ғылыми негізделмеген. Казіргі кезде оған ба-ғалық, баллдык әдістер қолданылып жүр. Мысалы, алгашқы өнімдердің бір жыддағы көрсеткіштерін пайдалану (көмір өндіру, электр энергиясын шығару, т.б.). Бұл біріншіден, әр түрлі табиғи ресурстардың бағалық көрсеткішінің ара қатынасын біріктіріп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Себебі, олар әр түрлі өлшемдермен өлшенеді (тонна, кВт, текше метр, т.б.). Екіншіден, әр түрлі мемлекеттін, ауданның, облыстың, территориялық-өндіріс кешенінің табиғи-ресурстық потенциалын салыстыруға жағдай жасайды (Мысалы, Карағанды мен Ақмола облыстарының табиғи-ресурстық потенциалын салыстыруға, кұрылымын, пайдалану денгейін, болашағын анықтауға мүмкіндік тудырады).
Табиғи-ресурстық потенциалға балл арқылы баға бергенде, оның шаруашылықка пайдалануға құндылығын, көлемі, шығымы, техникалық және еңбек шығыны, т.б. есепке алы-нады. Бұл әдіс белгілі бір территорияның табиғи-ресурстык потенциалы деңгейін анықтауға және салыстыруға болатынын көрсетеді.
Экономикалық баға берудін екі бағыты бар:
ресурстың абсолюттік құндылығын аныктау. Бұл әдіс
табиғат байлығын зерттеу, ашу, игеру, табиғи ресур-
сқа немесе шикізатка айналдыру, т.б. кететін белгілі
бір шығын болып табылады;
салыстырмалы баға беру. Бұл әдіс табиғат-ресурстарын
пайдаланғанда қосымша экономикалық тиімділіктің
пайда болуына негізделген. Яғни, сапалы табиғи ре-
сурспен, сапасыз табиғи ресурсты салыстыру аркылы
пайда болатын экономикалық тиімділікті айтамыз.
Баға берудің мұндай жолы ресурстардың табиғи
касиеттеріне байланысты болып келеді (қоры, сапасы,
географиялық орыны, т.б.). Сонымен бірге, адам еңбегі
арқылы пайда болған қасиеттерін айтуға болады (то-
пырақтың құнарлылығын арттыру, кен рудасын байы-
ту арқылы сапасын жаксарту, т.б.)
Табиғат ресурстарымен табиғат жағдайына баға бергенде 14 факторды есепке алады. Олардың ішінде: жер, су, гидроэнергетика, отын, минералдық шикізат, рекреациялық орман, биологиялық, өсімдік пен жануарлар, топырақ ресурстары қамтылады.
Табиғат жағдайының 7 түрі: рельеф, инженерлік – геологиялық жағдайы, сейсмикалық, климат, агроклиматтық жағдайы, радиация, су басуы (тасқын).
Табиғат ресрутсарын 5 балдық бағамен есептейді: 1 балл -ресурс жоқ, 1 балл – жергілікті маңызы бар ресурс, 2 балл – аймақтық маңызы бар ресурс, 3 балл – ұлттық маңызы бар ресурс, 4 балл – дүние жүзілік маңызы бар ресурс.
Табиғат жағдайына баға беру: 0 балл – жоқ, 1 балл – ыңғайлы табиғат жағдайы, 2 балл - өте ыңғайлы (А.Ю. Скопин кітабында 45 – суретті қараңыз).
Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру
Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру 3 вариантта жүргізіледі.
Бірінші вариант – аймақтарда нолдік (төменгі) деңгейде игерілген кезеңде ( адамның және әлеуметтік, экономиклық, нысаналардың әсері жоқ кезде) жүргізіледі. Екінші вариант – аймақты локалдық және желілілік экономикалық игерілген деңгейде, эколого-экономикалық экпертиза жүргізу арқылы жүргізіледі. Үшінші вариант - аймақтардағы ареалдық - желілік және жаппай - тұтас игерілген деңгейде жүргізіледі. Мұндай аудандар дамыған халықтың орналасу жүйесімен көзге түседі.
Зерттеу әлеуметтік, эколого - экономикалық экспертиза жүргізу арқылы табиғатқа, экономикалық нысаналарға, халыққа табиғаттың әсерлерін анықтауға, болжауға бағытталады.
Эколого- географиялық аудандастыру
Эколого- географиялық аудандастырудың басты мақсаты табиғатты қалпына келтіру және табиғатты қорғау үшін белгілі бір аймақтық проблемалық мәселелері бар аумақтарды анықтау.
Проблемалық мәселелері бойынша: эколгиялық апат, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдында, экологиялық қолайсыз зона, бірден – бір, өте сирек экожүйесі бар аумақ және т.б.
Негізгі терминдер: Табиғат қоры (фондасы), табиғат ресурстары, табиғат жағдайы, табиғат ресурстары қоры, табиғат қорын зерттеу және баға беру, табиғат өнімдерін тұтыну, табиғатты пайдалану, табиғатты қалпына келтіру және қорғау. Табиғат жағдайы мен ресурстарының үйлесімді орналасуы және оған баға беру, қорашаған ортаның әсеріне (ықпал ету) баға беру, эколого-географиялық аудан.
Географиялық атаулар: Москва, Тюмень, Санкт-Петербург, Чернобыль, Арал.
Сұрақтар:
1.Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары айырмашылығы ?
2.Табиғатты пайдалану кезеңдерін атаңыз.
3.Өзіңіз тұрған қаладағы табиғат жағдайымен табиғат ресурстарының үйлесіміне баға беріп, Москва, Тюмень Санкт-Петербург қалаларымен салыстырыңыз.
4.Өзіңіз тұрған аймақта қоршаған ортаны қорғауға арналған ірі жобалар туралы не білесіз?
5.Өзіңіз тұрған аймақ қандай эколго-гоеграфиялық аудан тобына жатады.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 11, 14, 17, 18, 19, 20, 26, 33, 34, 36.
Дәріс №6. Шаруашылық географиясы
Сұрақтар:
Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы. – Ауыл шаруашлығы кәсіпорынның орналасу моделі. - Өнеркәсіп кәсіпорынының орналасу моделі. – Қызмет сферасы кәсіпорынның орналасу моделі.
Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы
Шаруашылық саласы деп – бір типтегі тауарлар өндіретін немесе қызмет жасайтын (киім, аяқ киім, жинақ және т.б.) кәсіпорындар тобын айтамыз. Функионалдық қасиеті (қызметі) бірыңғай салалар тобын - шаруашылық секторы деп айтамыз.
Шаруашылық секторы: алғашқы (бірінші) секторға (аң аулау, балық аулау, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі) бөлінеді. Бұл сектордың басты мақсаты табиғаттан өнім алу (мысалы, шикізат өндіру)
Екінші сектор (өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, энергетика), басты мақсаты бірінші сектор шығарған өнімдерді өңдеу.
Үшінші сектор (көлік байланысы, қаржы, басқару, халыққа әртүрлі қызмет ету (услуги), сауда). Басты мақсаты бірінші және екінші сектордың жұмысының жүруіне және тауар мен байланыс арқылы тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |