Ауыл шаруашылығын кәсіпорындарының орналасу моделі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының орналасу моделін алғашқы рет неміс географыИогон Фон Тюнен (1826ж) ұсынды. («Изолированное государство в его отношении к сельскому хозяйству и национальной экономии» кітабын қараңыз).
Тюнен ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі үш факторын қарастырады: 1) көліктік шығын; 2) өндірістік шығын; 3) табиғат жағдайы және табиғат ресурстары (топырақ құнарлығы, агроклиматтық ресурстар (жарық, жылу, ылғал) және т.б.).
Ауыл шаруашылығы өндірісін орналасу моделінде Тюнен мынандай қағиданы қарастырды: Нақты өнімді өткізетін рыногы бар белгілі бір аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, сыртқы әсерлерге тәуелді емес ауыл шаруашылығы аймағын айтады. Ауыл шаруашылығы өнімдері көлік-арба көлігімен тасымалданады және олар көлік пен өндірістік шығынды қосқанда бір-біріне тәуелді болады.
Өнеркәсіпті орналастыру моделі
Тюненнің моделінен 83 жыл өткеннен кейін неміс эконом-географы Альфред Вебер «Теория штандорта промышленнности – Берлин, 1909ж» деген кітап шығарды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуына «өндірістік шығынды минимизациялау» принципін ұсынды.
Вебердің моделіндегі негізгі қағидалар: а) шаруашылық облысын бөлектеп қарау, б) шикізат өндіру, еңбек рыногы, өнеркәсіп өнімдерін тұтыну орталықтары нүктелерін алдын-ала қарастыру, в) кәсіпорынды орналастыруға шешім қабылданғанда: көлік шығынын, еңбек төлемін барынша азайту, агломерациялық тиімділікті барынша пайдалану арқылы шикізат пен дайын өнімдерді тасымалдауды, құрылысқа, энергетикаға, инфрақұрылымға, коммуналдық – тұрмыстық салаларға кететін шығындарды үнемдеу.
Өнеркәсіптің орналасу принциптері туралы Вебердің теориясын 1940 жылы Август Леш жалғастырды. Оның «Географическое размещение хозяйства» деген кітабындағы ұсынысы бойынша ең басты орналасу принціпі: бәсекелестік жағдайда барынша экономикалық пайда табу. Ол үшін мынандай факторлар: демпинг, салық жүйесі, мемлекеттік шегара, халықаралық сауда, техникалық прогресс, орталықтың аймақтармен байланысы, ж.т.б сияқты факторларды ескеру керек. Орналасу принциптері мен факторлары мемлекеттің экономикалық ландшафтысын құрайды, яғни «өндірістің орналасуы мен тауар тұтынуды ара –қатынасын тепе-теңдікте ұстайды».
Тұрмыстық қызмет жасау кәсіпорындарын орналастыру моделі неміс ғалымы Вальтер Кристаллерге байланысты. Оның «Центральное место южной Германии (1933) деген кітабында Оңтүстік Германияның елді-мекендерінің орналасуын сараптай отырып, олардың бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқанына назар аударады (теориториялық орын). Олардың иреархиялық (сатылық) деңгейі бойынша жеті деңгейде қарастырады (сурет 73, Скопин Ю.А.).
Кеңістікте қалыптасқан елді – мекендердің орналасу жүйесін сараптай отырып, Кристаллер белгілі-бір зонаға (аумаққа) қызмет етуші орталық орын (қала) барлық шығындарды (көліктік, тұтынудың саны мен сапасы және т.б) азайтуды мақсат етіп, неғұрлым қызмет ету жиі болған сайын, тұтынушлыра көліктік және басқа шығындарды төмендетуге (минимизациялауға) тырысады, яғни қызмет етеін кәсіпорындар жақын елді-мекендерге орналасу керек. Ал, егер қызмет ету сирек болған сайын, қызмет ететін кәсіпорындары бар елді – мекендер алыстай береді.
Негізгі терминдер мен түсініктер: салалық және секторлық шаруашылық бірінші, екінші және үшінші сектор, табиғатты пайдаланусекторлары, адам капитаны, технологиялық капитал, инфрақұрылым және басқару; Тюнен, Ветер, Лещ және Кристаллер торы.
Географиялық атаулар: Москва маңайы, Чероповец және Орал-Кузнецк металлургия комбинаты, Шверин, Мюнхен, Штургарт, Нюрнберг, Сібір, Кипр.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1.Шаруашылық салалары мен секторлық құрылымы арасындағы айырмашылық.
2.Тюменнің кеңістік құрылымы және оның жағдайы туралы моделі дегеніміз не?
3.Вебердің орналасу принципі және жағдайы туралы моделі не?
4.Кристаллердің орталық орын теориясы бойынша қызмет ету сферасы кәсіпорындарының орналасуы мен қаланың рангалық деңгейінде қандай байланыс бар?
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 13, 23, 25, 26, 27, 33, 34, 35,
37, 44.
Дәріс №7. Инфрақұрылым географиясы.
Сұрақтар:
Анықтама және негізгі түсініктері. –Көлік және байланыстың салалық құрылымы. Көлік салаларының ара қатынасы. Пошта және электерлік байланыс.- Кеңістік құрылымы.
Анықтама жіне негізгі түсініктер.
«Инфрақұрылым деп – хабарларды беру және алмасуға арналған техникалық кешеннің элементтерінің қосындысын айтамыз»
Инфрақұрылымның салалары : а) көлік - өндірістің, тауардың, қызмет атқарудың бір жерден екінші жерге тасымал-дануы. б) байланыс – қатынас, хабар тарату, жариялау элементтерінен тұратын технокешен. в) сумен, энергиямен, жылумен, тазалаумен және т.б. қамтамасыз ету, соңғы кездерде, «әлеуметтік инфрақұрылым» деген түсінік пайда болды. Ғылым, денсаулық, білім беру, мәдениет, халыққа әртүрлі тұрмыстық қызмет атқару салаларын жатқызады.
Инфрақұрылымның басты мақсаты: кеңістікте толассыз тасымалдау, алмасу (шікізат, халық, ақпарат, техника, қаржы капиталы және т.б.) болғандықтан, технокешен элементтері желілік құрылымдары пайдаланады.
Оның басты мақсаты: тасымалдау үрдісінің толассыз жұмыс жасауы, көлемін, уақытын төмендету,(азайту), оның аумағын барынша тарылту, яғни, шығынды минималдық деңгейге жеткізу. Инфрақұрылымның экономикалық-географиялық ерекшілігі: желілік, толассыздық және үздіксіз жұмыс жасау.
Көлік және байланыстың салалық құрылымы.
Қөліктік инфрақұрылым екіге бөлінеді: бірінші топқа: елдер (халықаралық қатынас) мен қалалар арасындағы ( қалааралық қатынас), екінші топқа: ішкі қалалық қатынас және ауылды елді мекендер арасындағы қатынас, туризм және экскурсиялық қатынасы және т.б. (ішкі қалалық және қала маңы аралық қатынас)
Бірінші топ 7 негізгі саладан тұрады ішкі су (өзен), теңіз, темір жол, автомобиль, әуе, электрон және құбыр көліктері.
Екінші топ – метрополитен, трамвай мен троллейбус, автобус, такси, аспалы жолдар, ат-арба , велосипед және т.б.
Көліктің басты экономикалыө статистикалық көрсеткіші – жүк айналымы (тонна-километр), жолаушы айналымы (жолаушы-километр), көліктің материалдық – техникалық базасы (жолдардың ұзындығы, көліктің саны), көліктің тасымалдау экономикасы (тариф, шығын, пайда (кіріс). Сонымен бірге, экономикалық географияда жолдың 1000 км аумаққа шаққандағы тығыздығы есептеледі. Ол аймақтың көліктік игеру деңгейін көрсетеді. Көліктегі болатын әртүрлі авариялардың деңгейі де есептеледі, ол көлік инфрақұрылымының дамуы мен тасымалдауды ұйымдастырудың деңгейін көрсетеді.
Көлік салаларының ара қатынасы.
Көлік салаларының ара қатынасын кешенді тұрғыда баға беру үшын мына көрсеткіштер қолданылады :
1. Тасымалдау жолдарын құруға кеткен шығын; 2. Көлік құрал-жабдықтарына кеткен шығын; 3. Қосымша шаруашылық: жүкті тиеу және түсіру, жерді игеруге, қоймаға және т.б. кеткен шығын; 4. Еңбек ақы төлеу және отынға кеткен шығын; 5. Әр тонна жүкке, әр жолаушыға кеткен шығын; 6. Әр жолаушыны, әр жүкті тасымалдауға кеткен уақыт; 7. Көліктің әр түріне тиесілі жүктің көлемі (салмағы); 8. Жол апаттары; 9. Табиғат жағдайына тәуелділік; 10. Толассыз (үздіксіз) пайдалану; 11. Желілік;
12. Көліктің тасымалдау кезінде бүлінуі, шығыны деңгейі.
Жоғарыдағы он екі көрсеткіштер бойынша максималдық, минималдық және орташа баға беруге болады.
Негізінен көлік салалар ара қатынасын салыстырғанда біріншіден, оның капиталды пайдалану деңгейі, екіншіден, технологиялық даму деңгейі, үшіншіден, жылдамдығы, тасымалдау көлемі ескеріледі.
Дегенмен, әлемнің әр аймақтарының табиғат жағдайы, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуы, әр түрлі көлік жүйелерінің құрылуына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның көлік жүйесінің жұмысына көз салсақ (2006ж), еліміздің жүк аналымында (барлығы – 328,5 млрд т/км), темір жол үлесі –
57,4 %, құбыр – 27,0%, автомобиль – 15,6%, өзен – 0,03%. Жолаушы аналымында: автомобиль- 85,8%, оның ішінде автобус -58.7%, таксомотор -26,5%, қалалық электр қөлігі (тролейбус, трамвай) – 0,6%, әуе жолы – 2,8%. Басқа елдермен салыстырсақ, Жапония мен Ұлыбританияда теңіз жолына жүк айналымының 88,3% және 80,5% келеді, Германияда 48,5%, жүк айналымы автомобиль көлігі үлесінде, АҚШ-та жүк айналымының 31,6% темір жолы, 24,1% - автомобиль жолы, 18,7% - теңіз жолы, 15,3% - құбыр, 9,9% өзен үлесіне тиеді.
Пошта және электерлік байланыс.
Аумақтық көлік жүйесі коммуникациялық байланыс пен толықтырылады. Байланыс екі топқа: Пошталық байланыс және электерлік байланыс болып бөлінеді. Пошталық байланыс көлік пен байланыс арасында қосымша орын алады, және көлік жүйесін пайдаланады. Электерлік байланыс өзіне тән коммуникациялық құрал-жабдықтарды пайдаланады: телеграф, телефон, бейнетелефон, радиобайланыс, телевизия, факсималдық пен компьютерлік байланысы, ұялы телефон.
Байланыстың экономикалық статистикалық көрсеткіштері: хабарланулар саны, байланыс құрал жабдықтарының жан басына шаққандағы саны, уақыты, кіріс, тариф, қызметкерлер саны және т.б.
Көліктің және байланыстың кеңістік құрылымы.
Аумақтағы көліктік-коммуникациялық кешеннің басты даму факторларының бірі оның кеңістік құрылымы (инфрақұрылымдық элементтердің геокеңістікте өзара орналасу қарым қатынасы) болып табылады. Әр елде, әр аумақты барынша тиімді көлік жүйесінің конфигурациясын құру үшін әртүрлі критерияларды есептеуге тура келеді. Себебі, тасымалдауға кететін шығын көбеймесе, азайған жоқ. 85 сұретте (Скопин Ю.А) бес қала бойынша 3 вариант көлік жүйесін құру ұсынылған. Мұндағы басты мақсат: көліктерді құруға кететін шығынды, тасымылдауға кететін уақытты және басқа әртүрлі шығындарды азайту мақсат етіледі. Ол үшін екі топтағы моделдер ұсынылады. Бірінші, үлкен қала мен каланың маңайы жағдайын ескере, екіншісі, біркелкі орналасқан елді мекендер арасындағы жол қатынасын есептейді.
I топтағы моделдеуге – И.Кольдың, У.Айзардтің моделдерін қарастыруға болады (1850ж). Неміс географы И.Коль өзен жүйесін қарастыра отырып, оның өзен арнасы бойынша иерархиялық құрылысты (деңгейін) есепке алады ( су жинау көлемі, геометриялық формалары, ағыс жылдамдығы, тарамдылығы және т.б.).
ІІ топтағы моделдеуге біркелкі орналасқан елді-мекен (аулдық) қарастырылған. Басты мақсаты: тасымалдау, керекті жолдарды құруға кететін шығынды, тасымалдауға керекті уақытты азайту және барлық елді-мекендер арасында тұрақты көліктік байланысты орнату болып табылады.
Негізгі терминдер мен түсініктер: инфрақұрылым, көлік, байланыс, желілік, толассыздық және үздіксіз тасымалдау, ішкі су (өзен) теңіз, тамір жол, автомобиль, әуе, электрон, құбыр көліктері, метрополитен, трамвай, троллейбус, автобус, таксомотор көліктері, аспалы жолдар, ат-арба көлігі, жүк айналымы (т/километр), жолаушы айналымы (жолаушы/км), материалдық техникалық база, көлік тарифы, терминал тарифтары, жүк тиеу мен түсіру пункттары, транзиттік төлем, кеден салығы, кіріс (пайда), 1000 шақырымға шаққанда жолдардың тығыздығы, аймақтың көліктік игеру деңгейі, жол апаты (апатқа ұшыраған адам саны), пошталық байланыс, телеграф, телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, радиобайланыс, көліктік – аумақтың коммуникациялық кешені және ұйымдастырылуы.
Географиялық атаулар: Шығыс Сібір, Батыс Сібір, Ресейдің Еуропалық бөлігі, Жапония, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ямал-Батыс Еуропа, Туркменистан – Қытай – Жапония, Әзербайжан, Қазақстан.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Инфрақұрылым дегеніміз не? 2. Қазақстанның көлігі мен байланысының салалық құрылымы ерекшіліктері неде?
3. Қазақстанның Каспий аймағынан мұнайды тасымалдаудың варианттары және тиімділігі: Ресей мен Қара теңіз арқылы Еуропаға, Әзербайжан, Грузия және Турция арқылы Еуропаға, Орта Азия арқылы Персі шығанағына, Қазақстан арқылы Батыс Қытайға.
Негізгі әдебиеттер: 5, 8, 13, 14, 26, 35.
2.3 СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ
«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» курсы бойынша семинарлық сабақтар қарастырылмаған.
2.4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ
«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» курсы бойынша зертханалық сабақтар қарастырылмаған.
2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмыс жасау сабақтарының жоспары
1 ТАҚЫРЫП. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы
Тапсырма: шаруашылықтың секторлық және салалық құрылым (алғашқы, екінші және үшінші секторлары) схемаларын құру. Шаруашылықтың белгілі секторына салалардың қандай топтары кіретінін білу маңызды. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымдары арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру.
СӨОЖ өткізу түрі: қарастырылатын тақырыптары мен сұрақтардың негізгі терминдерімен ұғымдарын талдау. Берілген тақырып бойынша студенттердің жазба жұмыстарын талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: дәрістер мен әдебиеттер көмегімен шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымдарын анықтау және осы құрылымдардың жекелеген схемаларын құру (өзіндік үлгі). Схемалардың жазбаша талдауын беру. Кесте түрінде сипаттама беру. Кестенің ұсынылатын үлгісі
Секторлар
|
Шаруашылыққа кіретін салалар
|
Алғашқы сектор
|
|
Екінші сектор
|
|
Үшінші сектор
|
|
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
2 ТАҚЫРЫП. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдері
Тапсырма:
1. Дәптерге И.Тюненнің моделін салу
2. А.Ю.Скопиннің моделіне талдау беру
СӨОЖ өткізу түрі: әртүрлі авторлардың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдерімен танысу. Модельдерді сипаттау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге И.Тюнен мен А.Ю.Скопиннің моделін салу. Жазбаша түрде нқты талдауын беру. Олардың айырмашылықтарын анықтап, салыстырмалы талдауын беру. Талдау кезінде сұрақтарға жауап беру. Тюнен мен Скопин модельдерінің шарттары мен кеңістіктік құрылымы қандай ? Терминдер мен ұғымдардың жазбаша анықтамалығын беру.
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
3 ТАҚЫРЫП. Өнеркәсіптің орналасу моделдері
Тапсырмалар: берілген тақырып бойынша баяндамалар дайындау.
СӨОЖ өткізу түрі: әртүрлі авторлардың өнеркәсіптің орналасу моделдерімен танысу. Моделдерді сипаттау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге Вебердің бір шикізат көзіне және бір өткізу нарығына, екі шикізат көзі мен бір өткізу нарығына арналған моделін салу, Вебердің өнеркәсіп штандорты теориясын оқу. Жазбаша түрде нақты талдау беру. Тақырып бойынша баяндамалар дайындау. Баяндама көлемі компьютерлік баспамен 2-6 болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Баяндама дайындау барысында Вебер моделіндегі орналасу шарттары мен принциптері қандай ?
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
4 ТАҚЫРЫП. Қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдері
Тапсырмалар: берілген тақырып бойынша рефераттар дайындау.
СӨОЖ өткізу түрі: қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдерімен танысу. Моделдерді талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге неміс ғалымы Вальтер Кристалердің қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасуының классикалық зерттеу теориясының сипаттамасын беру. Тақырып бойынша рефераттар дайындау. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Реферат жазу барысында тақырыпты ашып, қала рангымен Кристаллердің орталық орындар теориясымен қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу сәйкестігін түсіндіру керек.
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
5 ТАҚЫРЫП. Көлік пен байланыс жүйесінің салалық құрылымы
Тапсырмалар:
«Әлемнің көліктік көпірлері» схемасын құру
Кескін картаға дүние жүзінің теміржол, авто, су жолы, әуе және құбыржол көліктерін түсіру
Дүние жүзілік байланыстың салалық құрылымының сипаттамасы
Инфрақұрылымға анықтама беру
СӨОЖ өткізу түрі: Әлемдік көліктік тор мен байланыстың моделдерімен танысу. Моделдерді талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерде әлемнің көліктік торының схемасын салу, дүниежүзілік байланыстың салалық құрылымының сипаттамасын беру. Коль, Айзард, Бекманның моделдерін талдау (Скопин А.Ю. Введение в экономическую и социальную географию. М.: ВЛАДОС, 2001. С.194-206). Коль мен Айзард моделдерінің негізгі айырмашылықтарын анықтау. Дүние жүзінің экономикалық атласын пайдаланып, дүние жүзінің кескін картасына әлемдік көліктердің барлық түрлерін түсіру. Негізгі терминдер мен түсініктердің терминологиялық сөздігін құру. Дүние жүзінің атласы көмегімен Каспий аймағы мұнайын Ресей, Грузия, Түркия арқылы тасымалдау жолдарын қарастыру.
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
6 ТАҚЫРЫП. Дүние жүзінің табиғи жағдайлары мен табиғат ресурстары
Тапсырмалар:
Табиғи жағдайлар мен табиғат ресурстарының үйлестігін бағалау
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Табиғат ресурстары жүйесін анықтау
СӨОЖ өткізу түрі: Әлемдік табиғи жағдайлар және табиғат ресурстарымен танысу. Дүниежүзілік ресурстардың сипаттамасы.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі, қосымша әдебиеттер және №1 мен №2 кестелер көмегімен дәптерде табиғи жағдайлар мен табиғат ресурстарының сәйкестігін (ТЖРСБ) бағалау сипаттамасын беру және табиғат жағдайлары мен ресурстарының территориялық сәйкестігінің жалпы бағалануын есептеу. (Скопин А.Ю. Введение в экономическую и социальную географию. М.: ВЛАДОС, 2001. С.129-130).
Кесте 1
Табиғат ресурстары
|
Жер
|
Су
|
Гидроэнер-гетикалық
|
Жылу
|
Минералдық-шикізат
|
Орман
|
Рекреациялық
|
Балағау
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Кесте 2
Табиғат жағдайлары
|
Рельеф
|
Инженерлік-геологиялық жағдайлар
|
Сейсми-калық
|
Климат
|
Агрокли-маттық
|
Жылдық күн сәулесінің мол түсетін күндері
|
Су
тасқыны
|
Бағалау
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) барысында Леопольд матрицасы пайдаланылады (Скопин А.Ю. Введение в экономическую и социальную географию. М.: ВЛАДОС, 2001. С.130-135). ҚОӘБ барлық нұсқаларын қарастыру.
№3 және №4 кестелер көмегімен табиғат ресурстары жүйесін анықтау және жазбаша сипаттама беру.
Кесте 3
Пайдалы қазбалар
|
Жанғыш (мұнай, газ, көмір, жанғыш тақта тас, радиоактивті элементтер)
|
Металдық (қара, түсті, полиметалдар, сирек және бағалы)
|
Қайта қалпына келмейтін ресурстар
|
Бейметалдық (фосфорит, калий тұзы және т.б.)
|
Құрылыс материалдары
|
Техникалық (асбест, графит, тальк)
|
Кесте 4
Рекреациялық ресурстар
|
Мұхиттар мен теңіздер жағалауы
|
Өзендер мен көлдер жағалауы
|
Тау-орман массивтері
|
Минералдық сулар мен емдік саздар көздері
|
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
2.6 Студенттердің өздігімен орындайтын жұмыстары негізіндегі сабақтар
1 ТАҚЫРЫП. Халықтар географиясы
Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: дәріс берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.
Тапсырма: «Халық орналасуының аймақтық ерекшеліктері» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Халықтың жастық-жыныстық құрылымы; «Халықтың экономикалық белсенді бөлігі» дегенді қалай түсінесіз ? «Демографиялық пирамида» дегеніміз не ? Халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымы дегенді қалай түсінесіз ? Дүние жүзінің аймақтары бойынша халықтың өсу қарқынын қарастыру. Статистикалық берілгендер негізінде дүние жүзі халқы санын аймақтар бойынша график арқылы көрсету, өсу қарқынын есептеу. Аналитикалық жазба құру.
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
2 ТАҚЫРЫП. Қала типтері
Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: дәріс берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.
Достарыңызбен бөлісу: |