Назар аударыңыз!



бет5/5
Дата22.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#12183
1   2   3   4   5

Тапсырма: «Дүние жүзінің өте ірі қалаларының (миллионерлер) ерекшеліктері, олардың географиялық жағдайлары мен тарихи дамуы» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Қалаларды қай ғылымдар зерттейді ? Қаланың кеңістіктік құрылымының қандай түрлерін білесіз және олардың қандай айырмашылықтары бар ? Қандай миллионер-қалалар сізге белгілі ? Берілген тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің терминологиялық сөздігін құру. Рефератта миллионер-қалалардың картографиялық материалдарын беру.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
3 ТАҚЫРЫП. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның теориялық негіздері
Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: кезеңдік басылымдар берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «М.В.Ломоносовтың экономикалық географияның қалыптасуындағы рөлі» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Экономикалық және әлеуметтік географияның дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар; М.В.Ломоносовтың қандай еңбектерін білесіз ? Экономикалық және әлеуметтік географияның қалыптасу кезеңдері.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
4 ТАҚЫРЫП. Табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалану географиясы
Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: әдебиет берілгендері пайдаланып, берілген тақырып бойынша баяндама әзірлеу. Баяндама көлемі компьютерлік баспамен 5-6 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «Жер шарындағы рудалы пайдалы қазбалардың қалыптасуы мен орналасу заңдылықтары» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Қара металдардың шикізат базасы болып не табылады ? Түсті металдардың қандай түрлерін сіз білесіз ? Рудалы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары дегенді қалай түсінесіз ? Берілген тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің терминологиялық сөздігін құру.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
5 ТАҚЫРЫП. Шаруашылық географиясы
Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: әдебиет берілгендері пайдаланып, берілген тақырып бойынша баяндама әзірлеу. Баяндама көлемі компьютерлік баспамен 5-6 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «Жер шарындағы отын ресурстарының орналасу заңдылықтары» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Отынның шикізат базасы болып не табылады ? Отын ресурстарының қандай түрлерін сіз білесіз ? Отын ресурстарының орналасу заңдылықтары дегенді қалай түсінесіз ? Берілген тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің терминологиялық сөздігін құру.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Елдердің пайда болуы мен трансформациясы

  2. Елдер топтары әлемнің макроаймақтары ретінде

  3. Аудандар анықтамасы мен түрлері

  4. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы

  5. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу моделдері

  6. Өнеркәсіптің орналасу моделдері

  7. Қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдері

  8. Инфрақұрылым географиясы

  9. Ғаламдық ақпараттық кеңістік

  10. Ғаламдық экологиялық мәселе

  11. Ғаламдық демографиялық мәселе

  12. Ғаламдық азық-түлік мәселесі

  13. Ғаламдық шикізат мәселесі

  14. Әлемдік мұхитты игеру ғаламдық мәселесі

  15. Ғаламдық білім

  16. Дүние жүзінің нашар дамыған елдерінің ғаламдық мәселесі

  17. Дүние жүзі халқы

  18. Халықтың жастық-жыныстық, этникалық және әлеуметтік құрылымы

  19. Өмір сапасы мен халық көші-қоны

  20. Халықтың кеңістіктік құрылымы (орналастыру)

  21. Урбандалу, субурбандалу, рурализация

  22. Қалалар географиясы

  23. Қаланың кеңістіктік құрылымы

  24. Қаланың функционалдық құрылымы

  25. Қалалар типтері

  26. Геосаясат және геоэкономика

  27. Экономикалық және әлеуметтік география болашағы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ: «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәні бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның зерттеу пәні мен құрылымы

  2. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы жаңа бағыттар

  3. Адамзат қоғамының дамуындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері

  4. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның зерттеу әдістері

  5. «Территория» және «территориялық ортақтық» категориялары (студент таңдауымен географиялық нысан бойынша)

  6. Территорияның табиғи-ресурстық потенциалы

  7. Территорияның әлеуметтік-демографиялық потенциалы

  8. Территорияның шаруашылық потенциалы

  9. Халықаралық территориялық (географиялық) еңбек бөлінісі

  10. Ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі

  11. Дүниежүзілік территориялық интеграция (мысалы, Еуропалық Одақ, Орталық-Азиялық экономикалық одақ және т.б.)

  12. Өндіргіш күштердің орналасу категориясы (студент таңдауымен географиялық нысан бойынша)

  13. Өндірісті территориялық ұйымдастыру (таңдау бойынша)

  14. Өндірістің территориялық құрылымы (таңдау бойынша)

  15. Өндірісті территориялық ұйымдастыру факторларының концепциясы (студент таңдауымен өндіріс салалары бойынша, мысалы, түсті металлургияны территориялық ұйымдастыру факторлары)

  16. Өндірісті территориялық ұйымдастыру заңдылықтары (студент таңдауымен, мысалы, өндіргіш күштердің тиімді орналасуы мен заңдылықтары)

  17. Елді экономикалық аудандастыру сұрақтары

  18. Территориялық кешендендіру сұрақтары (мысалы, Қарағанды-Теміртау ТӨК, студент таңдауы бойынша)

  19. Адамзаттың демографиялық мәселелерін зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (нақты географиялық нысандар бойынша)

  20. Адамзаттың азық-түлік мәселелерін зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (географиялық нысандар бойынша)

  21. Экологиялық мәселелерді зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (географиялық нысандар бойынша)

  22. Экономикалық мәселелерді зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (нақты географиялық нысандар бойынша)

  23. Әлеуметтік мәселелерді зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (нақты географиялық нысандар бойынша)

  24. Шикізатты пайдалану мәселелерін зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (нақты географиялық нысандар бойынша)

  25. Энергетикалық мәселелерді зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (нақты географиялық нысандар бойынша)

  26. Саяси мәселелерді зерттеудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері (нақты географиялық нысандар бойынша)

  27. «Табиғат-халық-шаруашылық» геожүйелерінің өзара қатынас заңдылықтары

  28. «Табиғат-шаруашылық» геожүйелерінің өзара қатынас заңдылықтары

  29. «Халық-шаруашылық» геожүйелерінің өзара қатынас заңдылықтары

  30. «Табиғат-халық» геожүйелерінің өзара қатынас заңдылықтары

  31. Табиғат ресурстарын жіктеу сұрақтары

  32. Географиялық ойлау және оның қоғам өміріндегі маңызы

  33. Географиялық экспертиза және оның қоғам өміріндегі маңызы

  34. Географиялық болжау және оның қоғам өміріндегі маңызы

  35. Шетелдік экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға шолу

  36. Геоақпараттық жүйелер және оларды пайдалану мәселелері

  37. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ғылымдар жүйесіндегі орны

  38. Территорияның әлеуметтік-демографиялық үрдісі (таңдау бойынша)

  39. Мектепте білім берудегі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның рөлі мен міндеттері

  40. Экономикалық географияның ғылымдар жүйесіндегі орны

  41. Әлеуметтік географияның ғылымдар жүйесіндегі орны

  42. Саяси географияның ғылымдар жүйесіндегі орны

  43. Экономикалық, әлеуметтік және саяси география теориялары дамуының негізгі кезеңдері

  44. Жер қыртысы және шаруашылық

  45. Климат және шаруашылық

  46. Теңіздер және шаруашылық

  47. Құрлық сулары және шаруашылық

  48. Құрлықтың органикалық әлемі және шаруашылық

  49. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға үлес қосқан ғалым


2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Экономикалық аудан деп:

A) белгілі бір елдің шаруашылығының маманданған территориялық бөлігі;

B) белгілі бір елдің: саяси-әкімшілік бөлінуі;

C) белгілі бір елдің таксономикалық бөлшектенуі;

D) белгілі бір елдің әкімшілік бөлінуі;
E) белгілі бір елдің аймақтық бөлінуі.

2. Субурбанизация деп:

A) қалалардың өсуі;

B) қалалардың топтасуы;

C) қалалардың бір-бірімен қосылып кетуі;

D) қала тұрғындарының қала маңайына көшуі;


E) қаланың “биіктеп” өсуі.

3. Урбанизация туралы түсініктің қайсысы дұрыс:

A) халықтың территориялық орналасуы;

B) қала халқының өсуі мен қалалық әдет-ғұрыптың таралуы;

C) ауыл шаруышылығында халықтың үлесі;

D)қалалардыңтоптасуы;


E) рурализация.

4. Өндіргіш күштерін орналастыру деп:

A) территориялық құрылым

B) өнеркәсіп торабы мен орталығы

C) өндіргіш күштерінің динамикалық дамуы мен таралуы

D) табиғат объектілерінің таралуы


E) барлық жауап дұрыс емес

5. Халық географиясы ғылымының зерттеу тақырыбы:

A) халықтың өсіп-өнуі;

B) халықтың құрылымы;

C) халықтың құрамы;

D)халықтың территориялық жүйесі және оның құрылуы;


E) халықтың саны, өсу қарқыны.
6. Өндірістің орналасуына транспорттық фактордың әсері:

A) өнім өндіру мен дайын өнімдерді тұтыну арасындағы территориялық алшақтықты азайтады;

B) өнімнің бағасын арттырады;

C) өнімнің бағасын төмендетеді;

D) территориялық еңбек бөлінісіне әсеретеді;
E) территориялық еңбек интеграциясына әсер етеді.

7. «Экономикалық-географиялық орын» факторы деп:

A) белгілі бір географиялық объектінің қоршап жатқан экономикалық маңызы бар географиялық объектілерге байланысты қатысы;

B) белгілі бір геогафиялық объектінің қоршап жатқан табиғаттық объектілерге байланысты қатысы;

C) белгілі бір географиялық объектінің градус торына байланысты қатысы;

D)белгілі бір географиялық объектінің географиялық координатқа

қатысы;
E) белгілі бір географиялық объектінің физикалық географиялық объектіге қатысы.
8. Ішкі жалпы өнім:

A) Халықтын тұтынған тауарлары мен қызмет етудің тұтас бағасы, мемлекеттік сатып алу және күрделі қаржыдан тұратын көрсеткіш;

B) белгілі бір елдің шаруашылығы өндірген өнімнің тұтас бөлігі;

C) белгілі бір экономикалық көрсеткіштер бойынша шаруашылық салалары арасындағы ара-қатынас;

D)жүк және жолаушы айналымы көрсеткіші;
E) белгілі бір елдің бюджетін құрайтын көздер.

9. «География» қай ғылым жүйесіне кіреді?

A) жаратылыстану;

B) қоғамдық;

C) гуманитарлық;

D)әлеуметтік;


E) жаратылыстану мен қоғамдық.

10. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісін анықтайтын:

A) мемлекеттің экономикалық даму деңгейі;

B) белгілі бір өнімге мамандану және оны экспорттау арқылы көзге түсу;

C) д/ж саясатында белгілі орын алу;

D) мемлекеттің белгілі бір өнімге тұтынушылық мүмкіндігі;


E) мемлекеттің экспорт және импорт құрылымы.

11. Қоғамды аумақтық ұйымдастырудың категориясы:

A) антропогендік ландшафт;

B) географиялық орта;

C) қоршаған орта;

D)өндірістің территориялық құрылымы;


E) табиғаттық орта.

12. Өндірісті территориялық ұйымдастыру мен даму жолдарының кезеңдері:

A) экономикалық аудан – территориялық еңбек бөлінісі, өндірістің орналасуы, территориялық еңбек интеграциясы;

B) территориялық еңбек интеграциясы, территориялық еңбек бөлінісі, экономикалық аудан, өндірістің орналасуы;

C) өндірістің орналасуы, территориялық еңбек бөлінісі, территориялық еңбек интеграциясы, экономикалық аудан;

D) территориялық еңбек бөлінісі, экономикалық аудан, өндірістің орналасуы, территориялық еңбек интеграциясы;


E) экономикалық аудан, территориялық еңбек бөлінісі, территориялық еңбек интеграциясы, өндірістің орналасуы.

13. Географиялық еңбек бөлінісінің дамуын итермелейтін басты себеп:

A) рухани байлық;

B) халыққа қызмет көрсету;

C) экономикалық пайда;

D)шығындыазайту;


E) өнімнің құнын арттыру.

14. Қоғамды территориялық ұйымдастыру:

A) табиғат ортасының территориялық құрылымының тұтастығы мен басқару;

B) географиялық ортаның құрылымының территориялық үйлесімі мен басқару;

C) өнеркәсіп құрылымының территориялық үйлесімі мен басқару;

D) халықтың территориялық үйлесімі мен басқару;


E) ауыл шаруашылығы территориялық құрылымының үйлесімі мен басқару.

15. Географиялық орта:

A) пайдаланылмаған табиғи орта;

B) адаммен игерілген гидросфера бөлімі;

C) адаммен игерілген географиялық қабық бөлімі;

D)адаммен игерілген литосфераның бөлімі;


E) экономикалық-географиялық орта.

16. Территорияның аумақтық потенциалы деп:

A) табиғат ресурстарының қосындысы;

B) демографиялық және шаруашылық ресурстардың қосындысы;

C) шаруашылық пен табиғат ресурстарының қосындысы;

D)демографиялық пен табиғат ресурстарының қосындысы;


E)табиғаттың демографиялық шаруашылық ресурстарының қосындысы.

17. «Табиғат жағдайы» туралы түсінік –

A) Адамның тірішілігіне керекті табиғат компоненттері;

B) Өндірістің дамуына керекті табиғат компоненттер;

C) Материалдық өнімдер алуға керекті табиғат компоненттері;

D) Адамның дем алуы мен денсаулығына керекті табиғат

компоненттері;
E) Материалдық емес өндіріске керекті табиғат компоненттері.

18. Экономикалық және әлеуметтік география қандай ғылыми жүйеге жатады:

A) жаратылыстану географиялық ғылыми жүйе;

B) қоғамдық географиялық ғылыми жүйе;

C) табиғаттық географиялық ғылыми жүйе;

D) теориялық географиялық ғылыми жүйе;


E) экологиялық географиялық ғылыми жүйе.

19. Экономикалық географияның нақтылы мағынада зерттеу объектісі:

A) табиғаттық орта;

B) географиялық қабық;

C) табиғат – халық – шаруашылық;

D)географиялықорта


E) экономикалық аудан.

20. Экономикалық географияның зерттеу тақырыбы:

A) өндіріс күштерінің: әртүрлі аудандар мен мемлекеттердегі орналасу жағдайы мен ерекшеліктері;

B) табиғаттың: әртүрлі аудандар мен мемлекеттердегі орналасу жағдайы мен ерекшеліктері;

C) халықтың: әртүрлі аудандар мен мемлекеттердегі орналасу жағдайы мен ерекшеліктері;

D) саясаттық: әртүрлі аудандар мен мемлекеттердегі орналасу жағдайы мен ерекшеліктері;



E) әлеуметтің: әртүрлі аудандар мен мемлекеттердегі орналасу жағдайы мен ерекшеліктері.
Дұрыс жауаптарының кілті


Сұрақ нөмірі

Дұрыс жауаптары (А, В, С, D, Е)

1

А

2

D

3

В

4

С

5

D

6

А

7

А

8

В

9

Е

10

В

11

D

12

С

13

С

14

В

15

С

16

Е

17

А

18

В

19

С

20

А


2.9 ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ СҰРАҚТАРЫ


  1. Территорияның шаруашылық потенциалы туралы түсінік

  2. Қалалардың функционалдық құрылым және олардың моделдері. Қалалар динамикасы. Қалалар типтері

  3. Территорияның әлеуметтік-дмеографиялық потенциалы туралы түсінік

  4. Көлік пен байланыстың салалық және кеңістіктік құрылымы

  5. Территорияның табиғи-ресурстық потенциалы туралы түсінік

  6. Экологиялық-географиялық аудандастыру

  7. Қазіргі әлемдегі елдердің экономикалық-географиялық типологиясы. Елдер топтары дүние жүзінің макроаймақтары ретінде

  8. Өнеркәсіптің орналасу моделі – Вебер Моделі

  9. Дүние жүзі елдерінің жіктелуі

  10. Ауыл шаруашылығының орналасу моделі

  11. Экономикалық география және саяси география географиялық ғылымдар және жалпы ғылымдар жүйесінде

  12. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы

  13. «Елтанудың» зерттеу нысаны мен пәні

  14. «География және инфрақұрылымның» анықтамасы мен негізгі ұғымдары

  15. Дүние жүзі елдерінің пайда болуы мен трансформациясы

  16. Жер қыртысы ресурстары және олардың өнеркәсіпте пайдаланылуы

  17. Н.Н.Баранский мен Н.Н.Колосовскийдің экономикалық географияда жаңа бағыттардың пайда болуындағы рөлі

  18. Жер қыртысы ресурстары және олардың ауыл шаруашылығында пайдаланылуы

  19. Экономикалық география ғылымының дамуы үшін экономикалық-географиялық идеялар мен жұмыстардың дамуы

  20. Урбандалу және субурбандалу. Қалалар географиясы

  21. КСРО-дағы экономикалық географияның дамуы

  22. Жер шары халқының тығыздық заңдылықтары

  23. Өнеркәсіптің капиталистік дамуы кезеңіндегі экономикалық география

  24. Қалалар анықтамасы. Қалалардың кеңістіктік құрылымы (шахматтық, радиалды-сақиналық, сызықтық және т.б.)

  25. Ұлы географиялық ашулар кезіндегі сауда қатынастарының дамуы және коммерциялық географияның пайда болуы

  26. Жер қыртысы ресурстары және олардың энергетикада пайдаланылуы

  27. Әдеби көздердегі экономикалық география элементтері

  28. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ)

  29. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы теориялық негіздер

  30. Халықтың өмір сүру сапасы (бағалаудың экономикалық, әлеуметтік индикаторлары)

  31. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның салалық және аймақтық парадигмалары

  32. Адамдардың дүние бөліктеріне орналасуы. Жер шарындағы дүние бөліктері мен жекелеген елдер бойынша халықтың тығыздығы

  33. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның зерттеу нысаны және ішкі құрылымы

  34. Жер шары халқының өсу динамикасының болжаулары

  35. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның зерттеуінің ғылыми әдістері

  36. Минералдық шикізаттардың географиялық орналасу заңдылықтары

  37. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның басқа ғылымдармен байланысы

  38. Табиғи жағдайлар мен табиғат ресурстары сәйкестігінің бағалануы (ТЖРСБ)

  39. Экономикалық география әлеуметтік-экономикалық кеңістіктік-уақыттық жүйелер туралы ғылым ретінде

  40. Жер қыртысы ресурстарын экономикалық пайдалану


Мазмұны
1. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ SYLLABUS…...............3

1.1.Оқушылар туралы мәлімет...........................................................3

1.2. Пән туралы мәлімет......................................................................3

1.3.Пререквизиттері.............................................................................4

1.4.Постреквезиттері............................................................................4

1.5. Пәннің қысқаша мазмұны............................................................4

1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі...................................................................................................5

1.7. Әдебиеттер тізімі..........................................................................7

1.8. Баға туралы ақпараттар...............................................................11

1.9. Курстың саясаты мен процедуралары....................................... 13



2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР..14

2.2. Дәріс тақырыптары мен бөлінген сағаттар.............................. 14

2.3.Семинарлық сабақтар жоспары.(қарастырылмаған)................ 44

2.4.Зертханалық жұмыстың тақырыптары мен бөлінген сағаттар............................................................................................... 44

2.5. СОӨЖ тақырыптары мен бөлінген сағаттар........................... 44

2.6. СӨЖтақырыптары мен бөлінген сағаттар............................... 49

2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары (СӨЖ б-ша студенттің реферат жазуы)......................................................... 52

2.7. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету (қарастырылмаған)................................................

2.8.Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары................................ 55

2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары........................................... 61


ОӘК география кафедра отырысында талқыланды (хаттама№7, 24.02.2009ж )


ОӘК Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

(хаттама №5, 17. 04.2009ж )



«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе»

пәні бойынша

«050116-География» мамандығы үшін
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Кожахмет Мұратхан

Басуға . қол қойылды. Пішімі 60x84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі ес-б.т. Таралымы 10 дана. Тапсырыс №



Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасының баспаханасында басылып шықты 100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет