Назар аударыңыз!



бет2/5
Дата22.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#12183
1   2   3   4   5

Үй жұмысын орындауды бақылау реферат орындау арқылы жүргізіледі және әр реферат 10 баллға бағаланады. Семестр алғанда орта балл шығарылады. Рефераттық жұмысты орындауда 5 тен астам әдебиет көздерін және интернет-ресурс мәліметтерін пайдалану міндетті түрде болу керек. Реферат жұмысын орындау талаптары: қағаз формат А4, шрифт Times New Roman, кегль – 14, поля жоғарыдан 25 мм, төменнен 25 мм, оңнан – 30мм, солдан 20 мм. Жұмыстың көлемі 10 беттен кем емес, 20 беттен артық емес болу керек. Рефераттың жоспары, кіріспесі, тақырып бойынша әдебиеттік шолу, негізгі бөлімі, қорытындысы, қолданған әдебиеттер мен интернет – ресурстардың тізімі болу керек. Географиядағы реферат жұмыстарда картографиялық материалдардың болуы міндетті. Қорытынды бақылау (емтихан) 40 баллмен есептеледі, тестілеу арқылы жүргізіледі.


1.9 Курстың саясаты мен процедурасы

Пәнді оқыту барысында студенттерге мынандай әкімшілік талаптар міндеттеледі:

- кесте бойынша үзіліссіз сабаққа қатысу

- аудиториядағы сабаққа кешікпеу

- тапсырылған ағымдық және аралық тапсырмаларды сапалы және уақытында тапсыру

- семинарлық сабақтарда белсенді қатысып, үй тапсырмаларын шығармашылық тұрғыда сапалы орындап, географиялық ойлау жүйесін дамыту керек.

- Бақылау жұмыстарының барлық формасын орындауға қатысып, уақытында тапсыру

- академиялық сабақта студенттер бір-біріне және оқытушыға кедергі келтірмей, мазасын алмай, шуламай, ұялы телефонды үзіп тастау керек

- компьютер класындағы, интернет-залдағы оқу залындағы, аудиториядағы материалдық базаға ұқыпты қарап, университет және оқу корпусында тазалықты сақтау керек

- кітапхананың кафедраның оқу-әдістемелік құралдарына, ғылыми және мерзімдік әдебиеттеріне, картографиялық фондасына, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау керек және уақытында тапсыру керек.

Сабаққа кешігу, оқу тәртібін бұзу, тапсырмаларды уақытында тапсырмау, емтиханға қатыспау - әкімшілік тарапын шаралар қолдануға мәжбүр етеді және студенттің қорытынды рейтингалық балына әсер етеді. Сабақты белгілі бір себептермен босатса, студент арнайы құжат тапсыру керек.

Жалпы рейтингалық балдан айып балының көлемі:

- сабақ босату – 10%

- тапсырманы орындамау – 10%

- тапсырмасын уақытында тапсырмау – 10%

- сабаққа кешігу - 10%

- сұрақ – жауаптарға жүйелі жауап бермеу - 10%

- сабақты өткізуге кедергі жасау - 10%


Жалпы рейтингалық балдын мадақтау (қолдау) балының көлемі:

1. Белсенді жұмыс - 10%

2. Ойлы тұрғыда жауап беру - 10%

3. Тапсырманы мерзімнен бұрын тапсыру - 10%

4. Қосымша тапсырмалар орындау - 10%
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.2. Дәріс сабақтарының тезистері.

Дәріс тақырыптары мен бөлінген сағаттар





Тақырытар «Т»

Дәріс

сағат саны



СОӨЖ

сағат саны



СӨЖ

сағат саны



1

2

3

4

5

Т1
Т2
Т3

Т4

Т5



Т6

Т7


География ғылымдарының жүйесі, оның тұтастығы

Ғылымның дамуын тарихи әдәспен талдаудың маңызы

Елдер және елтану.

Халық географиясы

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану

Географиясы

Шаруашылық географиясы

Инфрақұрылым географиясы



3
2
2

2

2



2

2


3
2
2

2

2



2

2


3
2
2

2

2



2

2





Барлығы

15

15

15


Дәріс №1. География ғылымдарының жүйесі, оның тұтастығы.

Сұрақтар: Экономикалық географияға анықтама. - Зерттеу нысанасы және тақырыбы.- Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы.-Коммерциялық география.-Камералдық статистика.- Аймақтық парадигма. - Салалық парадигма. - Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның теориялық негізі.- Экономикалық-географиялық орын концепциясы.- Экономикалық аудандастыру теориясы.-Қоғамдық аумақтық ұйымдастыру теориясы және аймақтық даму.-Шаруашылықтың аумақтық құрылымы.- Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның ғылыми әдістемесі.- Географиялық зерттеулер әдісі.
Экономикалық географияға анықтама. Зерттеу нысанасы және тақырыбы.

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география – геокеңістікте табиғат жағдайы мен ресурстары, халық және шаруашылықтың өзара байланыста орналасуы мен таралуын

( Жер шары бетінде және Дүние жүзі мұхиттары аквоториясында) шаруашылықтың табиғатқа әсері және табиғаттың қоғам өміріне әсерін зерттейтін ғылым.

Қолданбалылық тұрғыда қарағанда бұл ғылымға мынандай анықтама беруге болады : ЭӘ ж С география нақты географиялық кеңістікте экономикалық, әлеуметтік және саяси нысаналардың орналасуы мен аумақтық ұйымдастыру ерекшіліктерін зерттейтін ғылым.

Шаруашылықтың дамуы мен орналасуы геокеңістіктің барлық көлемінде таралмаған, сондықтан ЭӘ ж С географияның зерттеу нысанасы антропосфера (экосфера), яғни, шаруашылық дамыған және орналасқан геокеңістік болып есептеледі.

Антропосфераның көлемі Жер планетасы аумағының 20 км биіктікке дейін (510 млн. кв.км), Дүние жүзі мұхитының деңгейімен тереңдігі 11 км.- ге дейін тау биіктігімен алғанда 10,2 млрд. куб.км. болып есептеледі.

Кеңістік кезеңде Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский мынандай анықтама берді – « қоғамдық өндірістің орналасу заңдылықтары мен экономикалық аудандардың құрылуын зерттейтін ғылым». Ю.Г.Саушкин – « аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттейтін ғылым». Кәзіргі ғалымдардың анықтамасына жүгінсек А.Ю.Скопин – «антропосфераның трансормациялануын және ақпараттық пен жүйелік бағыттары негізінде геоэкономикалық проблемаларды шешу жолдарын іздеу арқылы қоғамды аумақтық ұйымдастыруды зерттейтін ғылым. Мұнда, геоэкономикалық проблеммалар деп табиғат пен қоғамның өзара байланысы әсерінен болатын жүйелі өзгерістер немесе негативтік әлеуметтік, саясаттық, экономикалық, экологиялық, технологиялық өзгерістерді айтамыз.




Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы
Әр ғылымның элементарлық зерттеу нысанасы болады. Мысалы , физикада – суперструна, математикада – сан, ал

ЭӘ ж СГ- да – локалитет (ағылшынша Locaity – белгілі бір үлкенді – кішілі жергілікті жер), немесе «территория» (аумақ).

Мысалы, химиялық заттың молекуласы табиғат атомынан тұрса, географияда – жергілікті жер (аумақ) табиғаты , халық атомы –

елді-мекендер, шаруашылық атомы – кәсіпорын (фирма, компания).

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ішкі құрылымы 4 сипаттан тұрады: кеңістік, уақытшылық, материалдық, ұйымдастырушылық (5 сурет, Ю.Г.Скопин қараңыз).
Коммерциялық география.

Ұлы географиялық ашылулар (XV-XVI ғғ), одан кейін теңіз саудасы мен әлемдік рыноктың дамуы коммерциялық географияның дамуына әсер етті. (Италия және Голландия көпестері). Коммерциялық география сауданың дамуы үшін әртүрлі мағлұматтар мен мәліметтер жинаумен айналысты (маусымдық сұраныс және ұсыныс, сауда маршруттарының қауыпсіздігі, теңіз порттарының сипаттамасы, жаңа рынок орталықтары тұралы сипаттама, шикізат ресурстары т. б.)


Камералдық статистика.

Kamera – неміс сөзі, үй деген мағна береді. Яғни, камералдық статистика дегеніміз – сауда және географиялық экспедиция арқылы көптеген мәліметтер мен мағлұматтарды жинау, талдау мен сараптау және тұжырымдау арқылы үй (мемлекет) тұралы статистикалық мәліметтер жинау. Камералдық статистиканың негізін салған неміс географы Ахенваль (Н.Н. Баранскийдің айтуы бойынша), мынандай мәселелерге көңіл бөлуді ұсынады: 1) мемлекеттің аумағы, шегарасы, әкімшілік бөлінуі; 2) мемлекеттік құрылысы және мемлекет аппараты (басқару жүйесі); 3) қаржы және бюджет; 4) табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық салалары; 5) әскери күші, флот; 6) басқа елдермен қарым-қатынасы.


Аймақтық парадигма.

XX ғасырдың басында эконом-географтар көптеген географиялық мәліметтер мен мағлұматтарды жинақтау және бір жүйеге келтіруге ұмтылды. Осының нәтижесінде экономикалық аудандардың құрылуын, дамуын зерттеу қалыптасты.

Экономикалық ауданды экономикалық- география ғылымының зерттеу нысанасы және тақырыбы деп есептеді.Экономикалық аудан деп жер бетінің бір бөлігінде географиялық нысаналардың (құбылыстардың) бір бірімен өзара байланысуы арқылы дамыған әлеуметтік-экономикалық кешен деп есептеледі.

Бұл бағытта американдық географ Р.Хартшорн, Н.Н.Баранский, И.Г.Александров, Н.Н.Колосовский және басқа еңбектерін қарауға болады (оқулықтар тізімін қараңыз)

Мысалы, Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский экономикалық аудандастыру теориясы негізін салды. Экономикалық аудандастырудың негізіне географиялық еңбек бөлінісі, яғни белгілі бір аумақтың арнайы өнім шығаруға мамандануы болады деп тұжырымдады. Энергиялық-өндірістік циклдың – дамуы арқылы (өндірістің технологиялық кезеңдері), экономикалық аудандардың салалық және аумақтық құрылымының дамуын негіздеді.

Қорытындай келе, Экономикалық аудан деп табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық жүйесі біртұтас, кешенді дамуы арқылы ұлттық экономикалық деңгейде белгілі бір өнім өндіруге маманданған мемлекеттің бір аумағын айтамыз.


Салалық парадигма

Салалық географияның негізгі бағыты қолданбалы ғылымдармен тығыз байланыса отырып нысаналарды зерттеуді тереңдету. Осыған байланысты Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияда дифференциация (бөлшектену) үрдісі жүріп жатыр. Гылым экономикалық, әлеуметтік, саяси география болып бөлінсе, әрі қарай халық географиясы, шаруашылық салалары географиясы (мысалы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік) , табиғат ресурсы және табиғат пайдалану географиясы және т.б. болып бөлінеді.


Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның

теориялық негізі

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның теориялық негізі: Теория, концепция және категориялардан тұрады.

Негізгі теориялар: өндіргіш күштерін орналастыру, аумақтық (географиялық) еңбек бөлінісі, аумақтық (географиялық) еңбек интеграциясы, экономикалық аудандастыру, дүние жүзі шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы, халықты орналастыру және қоныстану, геоурбанистика, қоғамды аумақтық ұйымдастыру. Негізгі концепциялар: экономикалық-географиялық орын, өндірісті орналастыру жіне аумақтық ұйымдастыру заңдылықтары. Негізгі категориялар: аумақ (территория), аумақтық ортақтық , табиги – ресурстық потенциал (ТРП), әлеуметтік-демографиялық потенциал (ЭДП), шаруашылық (әлеуметтік-экономикалық) потенциал.
Экономикалық-географиялық орын концепциясы.

1. Экономикалық-географиялық орын дегеніміз – белгілі бір экономикалық-географиялық нысананың (кәсіпорын, аудан, қала және т.б.). экономикалық маңызы бар сыртқы қоршаған көрсеткіштерге қатынасы.

2.Экономикалық-географиялық орын көрсеткіштерге байланысты: көліктік-географиялық, аграрлық-географиялық, өнеркәсіптік-географиялық, демографиялық-географиялық және т.б. болып бөлінеді, сонымен бірге теңізжағалаулық, орталық, перифериелік, көрщілік т.б. бөлінеді. Олар кеңістікте және уақытқа сай өзгеріп отырады. Ауқымы бойынша: макро-мезо-микро орын деп бөлінеді. ЭГО-ың үш атрибуты: 1) кеңістік қатынас; 2) оның потенциалдық мүмкіндігі; 3) қашықтық орны.


Экономикалық аудандастыру теориясы.

Экономикалық аудандастыру дегеніміз – белгілі бір елдің өзара қатынастығы маманданған тұтас шаруашылық бөлігінің кеңістік жүйесін анықтау арқылы, белгілі бір елдің өндіргіш кұштерінің аумақтық құрылымын бөліп шығару. (Саушкин Ю.Г.)

Аудандастыруға әсер ететін факторлар: аумақтық еңбек бөлінісі, техникалық база (өндіріс) , шаруашылықтың техникалық деңгейі, еңбек ресурстары, табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары (табиғи-ресурстық потенциал).

Экономикалық аудандастыру принципі: экономикалық, энергетикалық, ұлттық, кешендік даму, болашақтық, әкімшілік.
Қоғамдық аумақтық ұйымдастыру теориясы және

аймақтық даму.

Аумақ (территория) – белгілі бір табиғаттық және антропогендік құрылымдар мен қасиеттері бір бөлігі.

Аумақтық-географиялық орнымен, өзіне тән табиғи ресурстық, әлеумет- демографиялық және шаруашылық (әлеуметтік-экономикалық)потенциалдан тұрады, яғни геожүйенің үш компонентінен тұрады: табиғат-халық-шаруашылық.

Аумақты экономикалық-географиялық зерттеу – оның физико-географиялық ерекшіліктерін, экономикалық-географиялық ерекшіліктерін анықтау арқылы өндіргіш күштерінің белгілі бір салаларын орналастыруға керекті ресурстар базасын сараптап, сандық жіне сапалық баға беріледі.

Аумақтың басты қасиеттері:

а) географиялық орны;

б) көлемі;

в) табиғат жағдайы мен ресурстары, олардың табиғат

кешенін және өзара қатынасын құрау;

г) шаруашылық және оның дамуы, өзгеру динамикасы;

д) атқаратын функциялары.

Аумақтың ресурсы: отын-энергетикалық, минералдық-шикізат, биологиялық, агроклиматтық, су, топырақ, жер ресурстары, рекреациялық,өндірістік, инфрақұрылым.

Аумақтық ресурстардың элементтері:

а) аумақтың көлемі;

б) аумақтың байлығы;

в) ландшафтың тұрақтылығы.

Аумақтың көлемі, оның материалдық байлығымен қосып экономикалық сиымдылықты құрайды, ал тұрақтылығы экологиялық сиымдылықты құрайды.


Қоғамды аумақтық ұйымдастыру.

Аумақтық ұйымдастыру география ғылымы жүйесінде басты түсініктердің бірі болып есептеледі. Аумақтық ұйымдастыру дегеніміз жер бетіндегі материяның кеңістіктегі көрінісі, таралуы. Оны төрт бағытта:құрылым, функция, даму және басқару ретінде көруге болады.

Аумақтық ұйымдастырудың мынандай сипаттары бар:

1.Орналасу – нысананың жер бетіндегі шоғырлануы, локальдануы. Олардың түрлері: нүкте, желі, ареал.

2.Аумақтық айырмашылық – құрылымы, тығыздығы және т.б. сандық пен сапалық қасиеттері бойынша жер бетінде дифференциалануы (бір жерден екінші жердің айырмашылығы).

3.Кеңістік қатынас – нысаналардың өзара қарым-қатынасы және сол арқылы бір-біріне өзара әсері.

4.Кеңістік байланысы (горизонталдық) – адамдардың, заттардың , энергияның, ақпараттың, капиталдың ағымы арқылы кеңістікті игерілген қатынас.

5.Аумақтық жүйелеу - өндірістік байланыстар арқылы біріккен бір-біріне ұқсас және байланыстың интенсивтік пен әртүрлілігі арқылы ерекшеленетін нысаналар тобы.

6.Аумақтық кешендер – белгілі бір аумақта вертикалдық байланыс арқылы біріккен әртүрлі нысаналардың өзара қарым қатынасы.

7.Аумақтық құрылым - өндірістік кешендер мен жүйелердің бөлшектену түрлері және өзара қатынасы.

8.Кеңістегі үрдістер – жер бетінде горизонталдық даму сипаты бойынша тұрақты өзгерістер.

9.Кеңістік морфологиясы – жекелеген нысаналардың, жүйелердің және кешендердің сыртқы және ішкі конфигурациясы мен формалары.

10.Аумақтық басқару – аумақтық ұйымдастыруға әртүрлі аспектіде (бағытта) әрекет жасау арқылы жасалатын біртұтас шаралар.


Шаруашылықтың аумақтық құрылымы

ШАҚ-ы бір-бірімен ажырамайтын үш формадан тұрады:

1.Өндірістік – интегралдық – құрылым - әр елдің өзара байланыста және қатынаста болу арқылы қарым-қатынастағы бір бөлігін айтамыз (зона,аудан, аймақ).

2.Салалық-аумақтық құрылым – негізгі өнеркәсіп және ғылым потенциалы, экономиканың негізгі салаларының құралуы мен орналасуы.

3.Желілік, торлық-торабтық құрылым - өндірістік инфрақұрылым және олар халықтың орналасуымен байланысы.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ғылыми әдістемесі

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география өндірістің аумақтық ерекшелігін зерттейтін ғылым, яғни, оның орналасуы, элементтерінің өзара қатынасы мен байланысы және т.б. Сондықтан ең басты ғылыми әдісі – қартаға түсіру. «Қандайда бір географиялық зерттеу география картадан бастайды, картамен аяқтайды, яғни картамен келеді, картамен кетеді» (Баранский Н.Н.)



Географиялық зерттеулер әдісі.

Әдіс – блелгілі бір теориялық және әдістемелік нәтижелерге жету үшін қолданылатын: мәліметтер мен мағлұматтарды, ақпараттарды жинау, жүйелеу, талдау, сараптау, тұжырымдау.

Әдістердің басты мақсаты – шаруашылық пен халықтың аумақтық жүйелерінің дамуы, орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуы заңдары мен заңдылықтарын анықтауға бағышталған.

Әдістерді топтастыру:

1.Жалпы ғылымдық; 2.Жалпы географиялық; 3. Экономикалық; 4.Экономикалық-географиялық; 5.Әлеуметтік; 6.Ақпараттық.

Географиялық ақпаратты жинау және алғашқы талдау мынадан тұрады: бақылау, далалық зерттеулер жүргізу, қашықтық зерттеу әдістері, халықтан сұрақ жүргізу.

Географиялық ақпараттарды жүйелеу, талдау және тұжырымдау: сипаттау, тарихи, картографиялық, геоақпараттық, географиялық ақпараттарды жүйелеу әдісі ( топтау, таксономдау, типтеу, аудандастыру)

Сандық әдістер (дисперстік талдау, корреляциялық талдау, регрессивтік талдау, коварнациондық талдау, баланстық әдіс), математикалық моделдеу әдісі.


Негізгі әдебиет: 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 13, 14, 35, 48
Дәріс №2. Ғылымның дамуын тарихи әдіспен талдаудың

маңызы.
Сұрақтар: Тарихи әдебиеттердегі экономикалық және әлеуметтік географиялық ұғымдар, ұлы байқаулардан кейінгі сауда байланысының дамуы және сауда географиясының қалыптасуы.- Капиталистік өнеркәсіптің дамуы кезеңдегі экономикалық география.- Экономикалық географиясының идеясының Ресейдегі дамуы.-Кеңес Одағы тұсындағы экономикалық география.- Маркстік идея мен іс-қимылдардың экономикалық географиялық маңызы.-Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің жаңа экономикалық география қалыптастырудағы ролдері.
Географиялық түсініктер мен идеялардың тарихи даму (оның ішінде қоғамдық география) үш кезеңге бөлінеді:

І.Классикалық кезең. Ол мынандай этаптардан тұрады:

1.Антикалық география. Бұл этап көне грек географтарының еңбектеріне байланысты:

- Гомер (1280-1180 г.г. до н.э.) Эпическая поэма «Илиада».

- Гекатей Милетский (около 546-480 г.г. до н.э.) – «Землеописание».

- Герадот (480-479 г.г. до н.э.) – «отец истории», «Истории в 9-ти томах».

- Эратосфен (273-192 г.г. до н.э.) «отец географии», Географические записки.

- Страбон (64-20 г.г. до н.э.) – «История» в 43 книгах и «География» в 17 книгах.

- Клавдий Птолемей – «Великое математическое построение астрономии» в 13 книгах,

«Руководство по географии» в 8-ми книгах.

2.Орта ғасырдағы география біздің ғасырымыздағы (V-XV ғғ) Марко Поло, Араб географтары (Ибн Батута), Қытай географтары.

3.Ұлы географиялық ашылулар эпохасы және комерциялық географияның пайда болуы б.э. (14-16 ғғ) (см. П.Джейма, Дж. Мартин Всевозможные миры: История географических идей.- М.:

Прогресс, 1988, стр. 103-136.) Әрі қарай осы кітаптың беті көрсетілген.

4.Өнеркәсіптің алғашқы капиталистік даму кезеңі (17-18 ғғ) (137-170 б. қараңыз).

5.Географтар А.Гумбольт, К.Риттердің география ғылымына жасаған еңбектері (171-199 б. қараңыз)


II.Жаңа кезең.

а) Жер планетасы тұралы ақпараттар жинау.

б) Әлемнің жекелеген аймақтарын зерттеу және қолданбалылық мәселелерді шешу.

в) География ғылымының түсініктері, концепцияларының құрылуы.


III. Казіргі кезең (18 ғ. бастап)

а).Бұл кезеңмен танысу үшін: Еуропа және кәзіргі заман географтарының еңбектерімен танысу керек. Олардың тізімі:

Геттнер А. География, ее история, сущность и методы. (1927) – Л.-М., 1930.

Харвей Д. Научное объяснение в географии.- М.: Прогресс, 1974.

Хаггет П. География: синтез современных знаний (1975). - М.: Прогресс, 1979.,

Пространственный анализ в экономической географии. – М., Прогресс.

Бунге В. Теоретическая география. – М.: Прогресс, 1967.

Леш А. Географическое размещение хозяйства. – М.: Изд. Ин. Лит., 1959.

Американская география. – М.: Изд.ин.лит., 1957.

Ю.Г.Саушкин. Экономическая география: история, теория, методы, практика. – М.: Мысль, 1973.

Н.К.Мукитанов. От Страбона до наших дней.: Эволюция географических представлений и идей.- М.: Мысль, 1985, - 237 с.

б)Өнеркәсіптің капиталистік даму кезеңіндегі экономикалық география.

Росиядағы географиялық идеялардың дамуы. КСРО-да экономикалық географияның дамуы. Бұл этаппен танысу үшін мына әдебиеттермен танысу керек:

Экономическая и социальная география в СССР: История и современное развитие. – Москва: Просвещение, 1987, стр. 5 – 43, Б.Н.Семеевский. Введение в экономическую географию. - Л.: ЛГУ, 1972, глава IV, стр. 71 – 102, глава VI, стр. 157 – 196).



Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық география ғылымының негізгі бағыттарын құрушылар.

Кеңестік экономикалық географияның негізін салған Н.Н.Баранский (1881-1963) және Н.Н.Колосовский (1891-1954).

Н.Н.Баранскийдің оқулығы «КСРО-ның экономикалық географиясы. Мемлекеттік жоспарлау комитетінің обылыстары бойынша шолу» 1926 жылы баспада шықты. Экономикалық географияның кітабы ГОЭЛРО жоспарының идеялары, концепциялары көрсетілген. Олар: экономикалық аудандастыру және аудандық энергиялық кешендер құру. Бұл кітапта Н.Н.Баранский Ресей мен КСРО-дағы қоғамдық аумақтық еңбек бөлінісінің тарихи дамуы, экономикалық аудан жүйелерінің қалыптасуы, көліктік байланыстар арқылы өзара байланысы заңдылықтарын ашты. Ол Деннің шаруашылықтың жекеленген салаларын сипаттаумен шектелуіне қарсы болды.

Н.Н.Баранский халық шаруашылығы салаларының орналасуын, аудандардың табиғат, еңбек ресурстары, материалдық-техникалық ресурстарымен және өзара байланыстары арқылы сараптауды ұсынды.

Н.Н.Баранскийдің аудандық бағыты географиялық тұрғыда аумақтық, тарихтық, кешендік принциптерге және ішкіаудан аралық пен халықаралық көліктік байланыстарға негізделеді.

Н.Н.Баранский экономикалық географияның, географиялық негізін сала отырып, оның тарихпен, экономикамен, техникамен және физикалық географиямен тығыз байланыста екенін дәлелдеді.

Ол «аумақтық (географиялық) қоғамдық еңбек бөлінісі» туралы терең зерттеулер жүргізіп «Географиялық еңбек бөлінісі- экономикалық географияның негізгі түсінігі» деп тұжырымдады.

Н.Н.Баранский АҚШ, КСРО-ның экономикалық аудандарын зерттеуге көп көңіл бөлді, салыстырмалық пен картографиялық әлістерді кең пайдаланды. Экономикалық аудандарды анықтағанда, «көлік жүйесі мен қала» ауданның іргесі, негізі болады деп есептеді.

Н.Н.Колосовский (1891-1954) Н.Н.Баранскийдің идеяларын әріқарай дамытты. Экономикалық аудандастырудың теориялық негізін жасады «Экономикалық аудандастыру - жалпы экономикалық-географиялық және көліктік жағдайы, табиғат пен энергетикалық және шикізаттық аумақтық ара қатынасы жағдайы,

елдің аумақтарына өндірістің таралуы (орналасуы) арқылы мамандаған бөліктердің пайда болуы» деп анықтама береді.

Н.Н.Колосовский аумақтық-өндірістік кешен теориясын негіздеп, өндіріс күштерін тиімді орналастыруын негізгі ретінде ұсынды. Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовский мектебі өндіріс күштерінің аумақтық жүйелерінің (мемлекет, экономикалық аудандар, өнеркәсіп аудандары, өнеркәсіп тораптары, ауыл шаруашылығы аудандары, халықтың орналасу жүйелері, қалалар, көлік тораптары мен жүйелері, қызмет ету салаларының (инфрақұрылым аумақтық жүйелері бойынша) құрылуын, дамуын, орналасуын, аумақтық ұйымдастырылуын, болашағын зерттейтін әдіснамалық негіздерін жасады. Аумақты, әлеуметтік, экономикалық жүйелерді зерттегенде, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарымен өзара байланыстырып қарады және оларды өндірістің табиғаттық базасы деп қарады.

Н.Н.Баранскийдің , Н.Н.Колосовскийдің еңбектері олардың оқушысы Ю.Г.Саушкиннің еңбектерінде берілген.

Сұрақтар:

1.Н.Н:Баранский және Н.Н.Колосовский экономикалық-географиялық мектебі немен сипатталады?

2.Н.Н.Баранскийдің география ғылымына жасаған еңбегі.

3.Н.Н.Колосовскийдің география ғылымына жасаған еңбегі.

4.Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық география ғылымына жасаған еңбектерінің жалғасы қандай деңгейде?
Негізгі әдебиет: 1, 2, 5, 6, 7, 14, 28, 30, 31, 39, 40, 41, 46, 47, 50.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет