«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет64/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1), тжт
 
Үрдіс
– қандай да болса нәтижеге жету жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны. 
Тыңдалым тапсырмасы 
3-тапсырма. Мәтінді тыңдай отырып, мазмұнына байланысты мәліметтерді рет санымен 
белгіле. 


Интеграция елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалықәлеуметтік, мәдени 
мүмкіншіліктер тудырады.
Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер 
бар. 
Интеграциялық үдерістер қазіргі таңда аймақтық деңгейде қатты дамуда. 
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы экономикамыздың бәсекеге 
қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына септігін тигізеді. 
Еуразиялық экономикалық од
ақтың құрамындағы
 
Ресей, Беларусь, Қазақстанның 
бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы
бар. 
Дұрысы 
№ 1 
Интеграция елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени 
мүмкіншіліктер тудырады
№ 2 
Интеграциялық үдерістер қазіргі таңда аймақтық деңгейде қатты дамуда. 
№ 3 
Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық 
бірлестіктер бар. 
№ 4 
Еуразиялық экономикалық од
ақтың құрамындағы
 
Ресей, Беларусь, Қазақстанның 
бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы 
бар. 
№ 5 
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы экономикамыздың бәсекеге 
қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына септігін тигізеді. 
 
Тыңдалым мәтіні:
 
Еуразиялық экономикалық одақ – елдердің тең құқықты бірлестігі 
Әлемдегі интеграциялық үдерістер жеке бір адамның немесе топтардың мүддесін 
көздеу үшін ұйымдастырылған дүниелер емес. Бұлар егеменді мемлекеттердің өзара 
келісіммен бір-бірін қолдау, бір-бірінің өндірісіне, сауда айналымына кең нарық ашу 
үшін, яғни жан-жақты дамуына жол ашатын өте тиімді амал ретінде бүгінгі күні кеңінен 
қолданылып отырған құрылымдар. Өйткені қазіргі заманда мемлекеттер бір-бірімен 
ынтымақтасу арқылы ғана даму жолында жақсы табыстарға жете алады. Интеграция 
елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіншіліктер 
тудырады. Соны алдымен экономикасы да, мәдениеті де озық Еуропалық одақ елдері 
түсінді.
Интеграциялық үдерістер қазіргі таңда аймақтық деңгейде қатты дамуда. Бұл қоршаған 
ортасының табиғаты, адамының ділі, экономикасының бағыт-бағдары, мәдениетінің өрісі 
қатты ұқсас көршілес мемлекеттерге ерекше тән деген сөз. Бүгінгі таңда әлемде 20-ға 
жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер бар. Солардың ішінде Батыс 
Еуропада құрылып, бүгінгі күні құрлықтың негізгі аумағына тарап отырған Еуропалық 
одақты (ЕО) және Еуропа Еркін сауда ассоциациясын (ЕСЕА), Солтүстік
Америкадағы Солтүстікамерикалық Еркін сауда ассоциациясын (НАФТА), Азия-Тынық 
мұхиты аймағындағы елдердің Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының 


ассоциациясын (АТЭС), Азиядағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясын 
(АСЕАН), Латын Америкасындағы Латынамерикалық Интеграция ассоциациясын (ЛАЙ) 
т.б. озық интеграциялық құрылымдар деп атауға болады.
Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындағы
 
Ресей, Беларусь, Қазақстанның 
бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы 
бар. Еуразиялық экономикалық одақ 170 миллион халықты құрайтын үш елдің ортақ 
нарығын құрайды.
Қазір біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық және жаппай жаңғырту жөнінен 
елеулі міндеттерді жүзеге асырудамыз. Біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге 
ұмтылып отырмыз. «Бұл мақсатқа біз өзіміздің көршілерімізбен тығыз интеграция арқылы 
қол жеткізбек ниеттеміз», - дейді Елбасымыз. Еуразиялық экономикалық одақтың 
құрылуы экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына 
септігін тигізеді.
Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» газеті
https://egemen.kz/article/euraziyalyk-ekonomikalyk-odak-%E2%80%93-elderdin-ten-kukykty-
birlestigi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет