«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет118/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Құндылықтарды 
дарыту 
Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет 
Пәнаралық 
байланыс 
Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері 
Тірек сөздер 
Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырма 
 
1-тапсырма. 
Төрт стильдің (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі 
сөйлеу, көркем әдебиет стилі) ерекшелігі туралы топта жұмыс жасап, постер әзірлеңдер. 
Сынып алдында өз жұмыстарыңды қорғаңдар. Әр топ өзге топты тыңдай отырып, 
өзгерістер мен толықтырулар енгізіңдер.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқылым тапсырмасы
2-тапсырма. 
Мәтіндерді оқып шығып, стилі мен жанрын, мақсатты аудиториясын, 
мақсаты мен мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңдар. 
1, 2-топтар: 1-мәтін 
3, 4-топтар: 2-мәтін 
 
1-мәтін 
Қазақ сәулет өнері қашан дамиды? 
Сәні мен салтанаты келіскен зәулім ғимараттарды салудан кейбір мемлекеттерден 
үйренетініміз аз емес. Әлемнің бірқатар елдері қазіргі заманға сай тұрғын үйлер мен өзге 
де дүниелерді салуда кісі қызығатын деңгейге көтеріліп кетті. Тіпті төбесі зеңгір көкке 
Мәтіннің мақсаты/мазмұны 
Мәтіннің стилі/жанры 
Мақсатты аудиториясы 
Мәтіннің типі/формасы 
Тілдік ерекшеліктері 
Мәтін деңгейі: 
Сөйлем деңгейі: 
Сөз деңгейі: 


тиіп тұрған ғимараттар да қолы алтын архитектордың қиялынан туған дүниелер емес пе? 
Соларды көргенде, еріксіз ойға қалып, біздің еліміз осындай жетістікке қалай қол соза 
алады деп ойға кетеміз. Шынында да, біздің бүгінгі талғамға сай зәулім ғимараттар 
салуға келгенде неге кежегеміз кейін тарта береді? Салқар Сарыарқаның төрінде орын 
тепкен әсем Астанамыз күннен күнге жасанып, талай адам көз сұқтанып қарайтын әдемі 
аруға ұқсап келеді. Бұл біздің жүрегімізге жылылық ұялатып, мерейімізді өсіреді. 
Осылайша еңсеміз биік болып отырған сәтте «Бұл қаланың архиектуралық келбетін кім 
жасап жатыр» деген сауал көкейге тіреліп, ойымызға маза бермейтіні тағы бар. Расында, 
қазақтың гүл-гүл жайнаған, әсемдігімен көз тартқан, кескін-келбеті өзгеше елордасының 
сәулеттік келбетіне кімдер жауап береді? Біз бұл іске белгілі шетелдік сәулетшілер 
шақырылғанын бәріміз білеміз.
2002 жылы Астана қаласында ашылып, бас қаланың басты символының біріне айналған 
«Бәйтерек» монументін ағылшын архитекторы Норман Фостер жасағанын жұртшылық 
ұмыта қойған жоқ. Бұл азамат 2000 жылы әлемдегі 100 ұлы сәулетшінің бірі атанды. 
Осының өзі оның беделі биік екенін аңғартып отыр. Ол жер шарындағы Лондон, Нью-
Йорк, Манчестер, Мәскеу, Гонконг пен Берлин секілді шаһарларының шырайын 
кіргізуге белсене атсалысты. Олардың қатарында әлемдегі ең жас елорданың бірі – 
Астананың да болуы бізді қуантады. Сондай-ақ, жапон сәулетшісі Кисе Курокава да 
біздің негізгі ордамыздың бас жоспарын жасауға атсалысты, халықаралық деңгейдегі 
әуежайдың сәулеттік жобасын жасады. Қысқасы, Астананың сәулеттік келбетінің 
жақсаруына шетелдік архитекторлардың еңбегі ерекше сіңді деп айта аламыз.
Архитектура бізге тың сала емес. Қаншама жылдан бері бұл салада жемісті еңбек еткен 
азаматтар баршылық. Солардың оң тәжірибесін пайдалана отырып, бүгінгі заман 
талабына сай сәулетітк өнердің өрісін кеңейтуге көңіл бөлгеніміз орынды болар еді. 
Біздің жастарымыз қай нәрсені де тез қағып алатын зерек жастар емес пе? Жалпы, 
архитектура саласын өнер ден санап, оған жетіклікті деңгейде мән бергеніміз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет