«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет27/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
анықта. Құрылымына назар аудар. 
дәріс – 
оқытушының белгілі 
бір тақырыпта арнаулы 
оқыған сабағын баяндауы 
Дәріс түрлері: 
кіріспе дәріс 
шолу дәрісі 
көпшілікке арналған дәріс 
дәрістер циклі 



Тақырыбы: 
Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері 
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, 
сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. 
Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол 
философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. 
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің 
сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа 
түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат 
баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. 
Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти 
отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. 
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген сөзінен енген. 
Осы “мәдениет” терминімен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие. 
«Культура» термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. 
Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы 
тереңдеп «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде 
культура сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу», деген сияқты 
мағыналарға ие бола бастады. 
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген: 
а) мәдениет – белгілі-бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының 
жиынтығы; 
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік 
ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.); 
б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, 
еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); 
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.). 
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет 
ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет