«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-тапсырма. Төмендегі жаңалық мәтінін оқы. Кестені толтыр



Pdf көрінісі
бет30/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
2-тапсырма. Төмендегі жаңалық мәтінін оқы. Кестені толтыр. 
Негізгі ақпарат 
Қосымша ақпарат 
 
 
 
 
 
 
 
Димаш Құдайберген америкалық шоу басталардан бір ай бұрын 
байқаудың үздігі атанды
Димаш Құдайберген қатысатын жаңа жоба CBS арнасында 
3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды. 
АСТАНА, 14 қаңтар —
 
Sputnik. Қазақстандық әнші 
Димаш Құдайберген басталуына әлі бір ай бар америкалық 
дарындылар байқауының үздігі атанды. 
CBS телеарнасында 3 ақпанда жаңа ірі жоба The World's Best 
(«Әлемнің үздіктері») басталады. Ұйымдастырушылар The Voice («Дауыс»), America's Got Talent 
(«Америкада дарындылар бар»), The X Factor байқауларынан кем түскісі келмейді.
Ресми көрсетілімге бір ай қалғанда интернетте шоудың үзінділері жариялана бастады. 
Байқау басталмай жатып фанаттардың сүйіктісі белгілі болды, деп жазды Meaww 
басылымының тілшісі Рейчел Виндзор. 
«Қысқа видеотрейлерде Димашты көрсеткеннен кейін, фанаттар шоуды асыға күтіп 
жүргенін айтты. Тыңдармандардың пікірінше, Димашқа ештеңені дәлелдеудің қажеті 
жоқ, оған бүкіл әлем бас иген», - дейді Виндзор. 



Димаш Қазақстан атынан қатысып отырған жалғыз әнші емес. «Голос. Дiти» 
байқауының жеңімпазы, «Балалар Евровидениесіне» қатысушы Данэлия Төлешова да 
бұл конкурста бағын сынамақ. 
CBS арнасындағы бағдарламаны комик Джеймс Корден жүргізеді, ал әділқазылар 
алқасында – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт 
Хилл. Қатысушылар үш жюриді ғана емес, әр саланың 50 сарапшысын таңғалдыруы 
тиіс. 
Бағдарлама барлығы 10 бөлімнен тұралы. Жобаны ұйымдастырғандар: American Idol 
(«Америкалық идол») атқарушы продюсері Майк Дарнелл мен The voice атқарушы 
продюсері Марк Бернетт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет