Название презентации


Белсенді жұмыс кезінде, көп мөлшерде қан кеткенде, хирургиялық операцияларда қор болып сақталған қан қан тамырларына түседі. Қан деполары айналатын қан мөлшерінің тұрақтылығын сақтауға қатысады



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі62,14 Mb.
#144217
1   2   3
Байланысты:
10 Дәріс
9 практикалық жұмыс

Белсенді жұмыс кезінде, көп мөлшерде қан кеткенде, хирургиялық операцияларда қор болып сақталған қан қан тамырларына түседі. Қан деполары айналатын қан мөлшерінің тұрақтылығын сақтауға қатысады

Қанның құрамы


Плазма
55-60 %
90-92% су, 8-10% органикалық заттар ж/е бейорганикалық заттар
Формалы элементтер 40-45%
Эритроциттер-негізгі қызметті тыныс алу; лейкоциттер - негізгі қызметі – қанға түскен микроорганизмдер мен токсиндерді жою;
Тромбоциттер-
негізгі қызметі – қанның ұюына қатысады

Гемоглобиннің құрамында

- Гемоглобиннің құрамында ІІ валентті темір атомы бар. Гемоглобин әр түрлі газдармен әрекеттесуге қабілетті.

1. Hb + O2 = Hb O2 оксигемоглобин

2. Hb + СO2 = Hb СO2 карбогемоглобин

3. Hb + СO = Hb СO карбоксигемоглобин

Ересек адамның 5-6 л қанында 700-800гр гемоглобин бар:

  • жаңа туған нәрестелерде гемоглобин мөлшері көп болады;
  • 5-6 –ші күнінде гемоглобин төмендейді;
  • 3-4 жасында гемолобин жоғарлайды;
  • 6-7 жасында төмендейді;
  • 8 жасында қайта жоғарлайды;
  • ер адамның 1 л қанында 130-160 гр, әйел адамдарда 120-140 гр. гемоглобин болады.

Қан топтары

Жүрек құрылысы мен жұмысы

Жүрек тұтас перде арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген, төрт камералы. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — жүрекшелер және төменгі — қарыншадан тұрады

Жүректің қызметі жүрекше мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы мен босаңсуының арқасында іске асады:

Бұлшықеттердің жиырылуы – систола

Бұлшықеттердің босаңсуы диастола

Жүрек қызметі үш фазадан тұрады:

  • Жүрекшелердің систоласы – 0,1 сек;
  • 2. Қарыншалардың систоласы – 0,3 сек;

    3. Жүрекшелер мен қарыншалардың диастоласы (жалпы пауза) – 0,4сек.

Үлкен және кіші қан айналым шеңбелері

  • Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа болып басталады, қолқадан орта калибрлі артериялар таралады, олар оттегіге бай қанды бас, мойын, аяқ-қолдарға, кеуде және құрсақ қуысында орналасқан мүшелерге тасымалдайды. Қан веналық түріне айналады. Дененің жоғарғы және төменгі бөлімдерінен веналық қан тамырлары қанды жоғары және төмен қуыс веналар арқылы оң жақтағы жүрекшеге қуяды.
  • Кіші қан айналым шеңбері Кіші қан айналым шеңбері оң қарыншадан өкпе сабауы түрінде басталады. Өкпе сабауы екі өкпе артерияға тармақталып, өкпеге кіреді. Өкпе артериялары артериолаларға одан капиллярларға тармақталып, оттегіге байып, екі өкпеден төрт вена қан тамырлары шығып, қанды жүректің сол жүрекшесіне қуяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет