Не арнайы педагогика кафедрасы



бет41/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)
Бейсебай Еламан СРС9 кдфэн , 1-ші сабақ 3D -редактор құралдары, Kharasahal V.V. Analitikalyk geometriya, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция 29.Табиғи мінездің негізі ретінде темперамент және ерік
1.Бейімділігі мен қабілеттілігі.
2.Ерік- сезім сферасы.
Әрбір адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі –темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрінері – Гиппократ (б.э.д. V ғ... Оның тұжырымы бойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус»-қан., ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын. флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле»-қара өт., организмде сары өт басым болса холерик (грекше «холе»-өт. темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролінтүсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (б.э.д. II. темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейінен темперамент организмнің түрлеші физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804. өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологтясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер.. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник – мығым, сезімшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
Дисплатик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар.
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишара жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик – сезімшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған – Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі – адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы - эмбриологиялық белгілер.
Конституционалдық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі: тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі.
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі болған. Темперамент тұрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
И.П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозуларды мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер – қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшендік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әоерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті – жүйке процесінің қозғалмалылығы – бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығына көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс – жүйке жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен кұш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі.Бұл жұйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы.Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты
күшті,қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник; 
күшті,қозу мен тежелуі теңдей,салғырт – флегматик; 
күшті, қозуы басым – холерик; 
әлсіз тип – меланхолик. 
Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет