Мамандық бойынша міндетті модульдер Курстың / пәннің / юниттің атауы: ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Пәннің коды: KRAK 2205
Пәннің типі: Мамандық бойынша міндетті модуль. Оқу жылы: 2
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: аға оқытушылар Ильясова С.М., Жусупова Б.М.
Курстың мақсаты: Азаматтық құқықтық қатынастардың табиғаты мен мәнісін студенттердің жан-жақты терең түсінуіне жету, тәжірибелік қызметке жоғары дайындығы бар цивилист мамандар дайындау, болашақ цивилисттердің қайраткерлік тұлғасын қалыптастыру.
Деректемелері: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы
Курстың / пәннің мазмұны: ҚР Азаматтық құқығы құқық салалары ішінде ең негізгі және ерекше орын алатын салаларының бірі ҚР-ның Азаматтық құқық пәні 2 курстың 3 семетрінде өткізіледі. 30 лекция (1 сабақ 1 академиялық яғни 50 минут) 15 сағат практика және 22 сағат студенттердің өзіндік жұмысы. Лекциялық сабақтар пәннің теориялық негіздерін оқытуға арналады. Практикалық сабақтар тақырыптар бойынша сұрақтарды талдау, іскерлік ойындар, пікір-талас және тақырыптар бойынша есептер шығару нысанында жүргізіледі. Студенттің өзіндік жұмысы берілген тапсырмалардың нәтижесін қарастыру, зерттеу жұмыстары т.б. әдіс - тәсілдер арқылы жүргізіледі. Оқытушы қатысумен өзіндік жұмысты орындау кезінде пәнге қатысты мәселелер бойынша қажетті түсінбеген сұрақтарға кеңес алуға болады.