Не педагогика факультеті


Дәріс 4. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі



бет4/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы

Дәріс 4. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Әлеуметтену — жеке адамның қалыптасуы. Кез келген адамдүниеге келе салысмен міндетті түрде белгілі бір қоғамның (мемлекеттің,ұлттың,этностың т.б.) мүшесі болғандықтан ол сол өз қоғамына сай қалыптасады. Қалыптасу процесіне отбасындағы қалыптасқан үрдістен бастап қоғамдағы қалыптасқан ережелер мен заңдылықтар әсер етеді.
Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі ғылымды яғни нақты социология ғылымында әлеуметтендіру деп аталады.
Қазіргі қоғамда адамның әлеуметтенуіне немесе ол процестің кей кездері шиеленісуге ұшырауына ақпараттың көптігі және ашықтығы. Адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады.
Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды.
Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.
Адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды.
Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады:
1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді.
2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді.
3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады.
4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады.
Негізгі әлеуметтену феномендеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр — қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді.
Тұлғаның әлеуметтік — психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни — негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді.
Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз:
1) биологиялық тұқымқуалаушылық.
2) Физикалық орта.
3) Мәдениет
4) Топтық тәжірибе.
5) Индивидуалды тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашы-лығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.
Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен роль берді.
Атақты социолог П.Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктерме,н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г.В.Плеханов пен Л.Н.Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.
Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді.
Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.
Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады.
Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді.
3. Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс)
Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде , атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылды.
Ал необихевиоризм өкілдері “әлеуметтену” ұғымының мазмұнын “әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” мәселелерді құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері “әлеуметтену” дегеніміз “әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі” деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері “әлеуметтену” терминінің мазмұнын “ мен” ұғымының баламасы ретіндегі “пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі.
“Әлеуметтену” ұғымына берілген орыс ғалымдарының анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да қамтылған. Орыс ғалымдарының “әлеуметтену” ұғымдарына берген анықтамаларының барлығына ортақ бір кемшілік бар. Ол адамдардың барлығының дерлік мазмұнының кешегі күні өткен тоталитарлық жүйеде “тәрбие” ұғымына беріліп келген анықтамалардың мазмұнына тым ұқсастығы, оларды айтарлықтай сол күйінде қайталауы. Ал, ақиқатын айтқанда ,”әлеуметтену” ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар бөлшектік компоненттері болып табылады.
Демек “әлеуметтену” термині мен “тәрбие” ұғымының арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтар бар. “тәрбие” ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал “әлеуметтену” термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа да қоршаған ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұратын тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін ықпалын әлеуметтендіру процесі ретінде алып қарастыруға болады. Немесе,жасөспірімді өмірден, үлкендермен арадағы қатынастардан көрген-білгендерінен түйгендерін ой елегінен өткеріп, эмоциялық-сезімдік ішкі толғаныстары, салыстырмалы- танымдық пайымдаулары мен ой-тұжырымдарының тәрбиелік мәні.
Сонымен әлеуметтену дегеніміз-жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтілріліп, жинақұталған қажетті ғылыми білімдерді , дағды-ікерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды , адамгершілік пен мінез-құлық ғұрыптарын меңгеру арқылы біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.
Әлеуметтену процесі балалық шақтан басталып, кәрілікке дейін үздіксіз жүріп отырады. Бұл индивидтің мәдениетке қатысты бірқатар процестерін қамтиды: * білім алуы мен тәрбиесі; * адамдармен қатынастары; *қоғамдағы нормалар мен құндылықтарды игеруі; т.б. Әлеуметтену процесінде негізгі ролдерді-отбасы, балабақша ,оқу орындары, еңбек ұжымы. Достары, таныстары, көршілері, бұқаралық ақпарат құралдары т.б атқарады. Осыған байланысты үздіксіз әлеуметтену процесінде мұндай мәдени тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жаңарып отырады.
4. Әлеуметтену процесінің тағы бір нәтижесі –адамдардың қоғамда әртүрлі статустарға, позицияларға ие болуы. Статустар әлеуметтік және жеке статус болып бөлінеді. Әлеуметтік статус дегеніміз-индивидтің жасына, жынысына, меншігіне, біліміне, қызметіне, дәрежесіне, иотбасыдағы жағдайына байланысты қоғамдағы орны болып табылады. Мысалы, адамдар жоғарға оқу орнында оқыса, студент статусын алады, жасының келуіне байланысты еңбек демалысына шықса-зейнеткер статусын, жұмыс орнынан қол үзсе –жұмыссыз статусын алады.
Қорыта айтқанда тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор, тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет