Не сертификаттау


Сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау. Өндірісті және сапаны қамтамасыз ету жүйесі



бет15/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
2.6 Сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау. Өндірісті және сапаны қамтамасыз ету жүйесі.
Сертификаттау-сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім. ҚРМСЖ нормативті құжаттары бойыша өнімді сертификаттау жұмыстарын өткізудің кезеңдері:

-Сертификаттау органына сертификаттау жөнінде өтінім беру

-Өтінімді қарастырып ол жөніндегі шешімді өтінушіге жіберу

-Өтінуші мен сертификаттау органы өнімді сертификаттау жұмысын жүргізу жөнінде шарт жасайды

-Өнімнің үлгілерін іріктеу, ұқсастыру және сынақ лабораториясына жіберіп,сынаудан өткізу

-Өндірісті тексеру, өндіріс жағдайын талдау

-Сертификат беру және оны сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркеу
-Сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау

-Сертификатталған өнімді оның қабылданған сызбасы бойынша инспекциялық бақылау.

1.Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші сертификаттау органына өтінім жібереді. Бірнеше сертификаттау органы болған жағдайда өтінуші оның қайсысында болса да өтінімін жолдай алады. Міндетті сертификаттауды сәйкестік туралы декларациясы қолданылатын сызбалар бойынша жүргізгенде өтінуші сертификаттау органына өтінімммен қоса сәйкестік туралы декларациясы да ұсынылады.

Сертификаттау органы өтінімді қарастырып 2 апта ішінде өтінушіге шешімін айтады. Шешімде сертификаттаудың барлық жағдайлары келтіріледі: сертификаттау сызбасы, қажетті құжаттардың тізімі, тіркеуден өткен сынау зертханаларының тізімі, өндірісті немесе сапа сапа жүйесін сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттау органдары .

Өтінімде көрсетілген өнімнің үлгілерін іріктеуді көп жағдайда сынау зертханалары жүргізеді. Сынау өндіруші өндіретін өніммен конструкциясы,құрамы, дайындау технологиясы бірдей үлгілерге жүргізіледі.
Сертификаттау сызбасына сәйкес өндіріс жағдайын талдау, өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау жүргізілуі мүмкін.

Сертификатта органы сынау хаттамасының талданғаннан және өндірісті тексергеннен кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Нәтижелер оң болса сертификаттау органы сертификат толтырып оны тіркеуден өткізіледі. Міндетті сертификаттауда сертификат өнім барлық нормативтік құжаттардың талаптарына толығымен сәйкес болғанда ғана беріледі. Сәйкестік сертификатының құрамында міндетті түрде өрт қауіпсіздігі жөніндегі сертификат болуға тиіс.

Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды айқын бейнелеуді, сыртқы әсерлерге төзімділікті, өнімнің жарамдылық мерзімінде өзгермеу қабілетін қамтамасыз ететін әдістермен дайындаушы жүзеге асырады. Таңбалау әдісі мен орнын, олар сертификаттау тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар анықталмаған жағдайда, сертификаттау органы өтінушімен бірлесе отырып ҚР СТ 8,1 талабына сай белгілейді.

Сертификаттау сызбасында сертификатталған өнімді инспекциялық тексеру қарастырылса, онда оны сертификат берген орган жүзеге асырады. Инспекциялық \тексеру сертификат пен өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын қолдану мерзімінде немесе жоспардан тыс тексеру түрінде жүргізіледі.Жоспардан тыс тексеріс сертификатталған өнім сапасына байланысты шағым арыз түскенде жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет