Не сертификаттау


Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері



бет13/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері.

ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мынандай принципте жүргізіледі:

1. Өнім туралы ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету.

2. Өндірушімен тұтынушының тәуелсіздігі.

3. Өнімдерді сынақ кәсіби түрде өтуі керек.

4. Шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау.

5. Өтініш берушінің сертификаттау органның сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және оған қатынасатын адамдардың жаупкершілігі.

6. Сертификаттау туралы ақпараттық анықтығы немесе сәйкестік сертификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы туралы ақпарат.

7. Сертификаттау объектісі ерекше енскере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі.

8. Сертификаттау жұмыстарында ИСО МӘК сияқты халықаралық  ұйымдардың нұсқауларымен ережелерін пайдалану.

9. ҚР-ндағы қатынасатын екі және көп жақты келісімдер бар шет елдердің сертификаттау органдардың аккредитациясын және сәйкестік белгісін ҚР-нда тану.

10.  Ақпараттың, коммерциялық құпияны сипаттау.

11. Қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша елімізде өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Бұл үлес бұдан әрі қарай да өсе береді. Сондықтан да сертификаттау жұмысының маңызды өндірістік өнімлер үшін қажетті деп саналады. Сертификаттау негізгі мақсаттары болып төмендегілер табылады:

1.    Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің адам өлімі мен денсаулығына, мүмкіндіктеріне немесе қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2.    Өнімдермен қызмет көрсетулердің сапасы бойынша тұтынушылардың мүдделерін қорғау.

3.    Саудадағы түрлі кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету.

4.    Заңды және жеке тұлғалардың халықаралық, әкономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және саудаға қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеумен басқару.

Сертификаттау саласындағы жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгіленген стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі ҚР-ның сертификаттау туралы заңының нормативтік-құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің құрылымын мыналар құрайды:

1.  Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік орган.

2.   Өнімді, прпоцесті, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген басқа да органдар.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелерімен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға сынақ зертханаларға және осы жұмыстарды жүргізетін сарапшы аудиторларға қажетті талаптарды белгілейді.

Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері келесілер:

1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру.

2. Сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру оны іске асыруға қатысу және сертификаттаудың дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу.

3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізімін даярлау.

4. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу.

5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау.

6. Сынақ орталықтармен өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекетік бақылау ұйымдастыру.

7. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу.

8. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификатымен белгілерін беру және қолданудың тәртібін айқындау.

9. Сынақ орталықтарымен сертификаттау органдарының өнімді, процесті, қызмет көрсетуді тіркеу аттестаттардың күшін тоқтата тұру немесе қабылдау.

10. Құдіретті ұйымдарға сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүргізуге бір-ақ рет рұқсат беру.

11. Егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою.

12. Сертификаттау ережелерімен талаптарының бұзылуына кінәлі адамдарға заңда белгіленген құқықтық нормалар бойынша шаралар қолдану.

Өнімді өндірушілермен тұтынушыларға тәуелсіз өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертханалары сертификаттау жөніндегі орган бола алады. Өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тіркелуден өтеді. Тіркелуден өткен сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары өкілдіктері сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады. Өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу кезінде мыналар назарға алынады:

1. Сертификаттаудың объектілерін айқындау.

2. Талаптарға сәйкес сертификаттау жүргізілетін нормативті құжаттардың түрлерін белгілеу.

3. Тіркеу саласында енгізілген объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелерін реттеу.

4. Сертификаттау органдарының тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдерін кіргізу.

2.4 Сертификаттаудың саласындағы ұғымдары, терминдер мен  анықтамалары.


Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» ден аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне» көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық практикада бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.

Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.

Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.

«Үшіні жақ» яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.

Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынадай анықтама берілген. Сертификаттаусәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.

Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады.

Сертификаттау объектілері:

өнімдір;


көрсетілетін қызметтер;

процестер;

жұмыстар;

сапа менеджментінің жүйелері.

Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларацияб.т.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.

Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады.

Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет