5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттауорганынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестікбелгісімен белгілеу құқын алады.
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек.
Сертификаттау құрылымы
№
|
Сәйкестігінің дәлелдейтін аккредитацияланған зертханада сынау
|
Өндірісті тексеру /сапа жүйесі/
|
Сертификатталғун өнімді /сапа жүйесі, өндіріс/ инспекциялық бақылау
|
1
|
Түрін сынау
|
Өндірістің жағдайын талдау
|
|
2
|
Түрін сынау
|
|
Сатушыдан алынған үлгіні сынау
|
3
|
Түрін сынау
|
|
Дайындаушыдан алынған үлгіні сынау
|
4
|
Түрін сынау
|
|
Сатушыдан дайындаушыдан алынған өнімдерді сынау. Өндіріс жағдайын талдау
|
5
|
Түрін сынау
|
Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау
|
Сертификатталған сапа жүйесін /өндірісті / бақылау. Сатушыдан немесе дайындаушыдан алынған үлгіні сынау
|
6
|
Тапсырылған құжаттарға байланысты сәйкестігі туралы декларацияны қарау
|
Сапа жүйесін сертификаттау
|
Сертификатталған сапа жүйесін бақылау
|
7
|
Партияны сынау
|
|
|
8
|
Әрбір үлгіні сынау
|
|
|
9
|
Тапсырылған құжаттарға байланысты сәйкестігі туралы декларацияны қарау
|
|
|
10
|
Декларцияны қарау
|
|
Дайындаушымен сатушы-дан алынған үлгіні сынау
|
1-құрылым - аккредитацияланған зертханада типтік үлгіні тауар партиясынан ғана сынайды. Бұл күрделі конструкциялы өнімдерге тарайды.
2- құрылым - аккредитацияланған зертханада сату орнындағы, сатылатын өнімнен /тауарды/ алынған үлгіні сынақтан өткізеді.
3- құрылым дайындау орнындағы дайын өнімді сақтау қоймасынан алынған үлгіні сынау зертханасында сынайды.
4 - құрылым - типтік үлгіні сынау үшін дайындау орнынан да сату орнынан да алады.
5- құрылым – типтік үлгіні сынау, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау. Инспекциялық бақылаудың сертификатталған сапа жүйесін /өндірісті/, сатушыдан, дайындаушыдан алынған үлгіні сынаумен бірге жүргізеді.
6-құрылым - сертификаттау органына өтініш декларация беріліпсәйкестік белгісіне лицензия алады. Бұл құрылым өндірістегі сапа көрсеткішін сертификаттау үшін жасалады.
7-құрылым - тауар партиясын сынау үшін қолданады.
8- құрылым - әрбір өнімді сынауды өткізуді қамтиды.
9-10 құрылым –дайындаушының өтініш - декларациясы бойынша инспекциялық бақылау жүргізеді.
Құрылымды пайдалану:
1-құрылым – отандық азғантай мөлшердегі шығарылған өнімдерге және аз мерзімге шығарылған импорттық тауарларға арналады.
2-құрылым – ұзақ мерзімге қойылатын импорттық өнімдерге арналады.
3-құрылым - Сертификатталғаннан кейін ұзақ мерзімде бірқалыпты жағдайдағы өнім сапасына арналады.
4-құрылым - инспекциялықбақылауды өткізу, міндетті жағдайда пайдаланылады.
5-6 құрылым - өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда пайдаланылады.
7-8 құрылымдар - бір рет қойылатын өнімдерге арналады.
9-10 құрылымдар кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге жарамды.
Достарыңызбен бөлісу: |