Негізгі ќарастырылатын с±раќтар: кіріпе. Генетика пєні. Генетиканыњ даму тарихы. Генетиканыњ зерттеу єдістері



бет9/9
Дата17.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#174735
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 11 мутация 2
10654-1, Бежевый Коричневый Элегантный Простой Корпоративный Засечки Презентация (1), Аминқышқылдар, 01, Презентация 12. Модуль 2, Theme #6. Processing of numerical information, editing formulas and creation of charts in spreadsheet editors, Рахат Нурайым 5 СОЖ Кукык, ээээ
Фенокопиялар – бұл тұқым қуалайтын аурулардың фенотипіне ұқсас фенотиптің қалыптасуы жүретін фенотиптің тұқым қуаламайтын өзгерістері. Мысалы: 1. Пародонтоз - десмотонтоз немесе Готтлиб синдромы (СПИД) 2. Тіс эмальының гипоплазиясы - оның фенокопиялары 3. Фиброздық гиперплазия (эпилепсияда дифенилгидантоинды қабылдауға байланысты – эпилепсияға қарсы қолданылатын зат) - Фиброматоздың тұқым қуалайтын формалары 4. Ерін және таңдай жырығы (жүктіліктің 1 триместрінде сәулелену не гормональды әсер, токсикоздың ауыр түрі) - тұқым қуалайтын ерін және таңдай жырығы (50 –ден астам синдромдар) Фенокопиялар тұқым қуаламайды.
  • Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтары практикада кеңінен қолданылады. Жылыжайда өсірілген өсімдіктерге қосымша жарық беру арқылы оның өнімділігін арттыруға болады. Ірі қара малдарды күтудің, азықтандырудың мөлшерін сақтау арқылы олардан мол сүт, ет алуға болады. Сонымен генотиптін өзгеруіне байланыссыз, тек сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштік модификациялық өзгергіштік деп аталады.[1]
  • Тұқым қуаламайтын өзгергіштік
  • Солтүстік облыста тұратын адамдар еліміздің оңтүстігіндегі демалыс орындарына барып тынығып, күнге қыздырынады. Тынығушылардың терісінің түсі қою қоныр, екіншісінікі — қола түсті қоңыр, үшіншісінікі — қызарып қана қояды. Бұл адам генотипінің меланин пигментін қанша мөлшерде синтездеуіне байланысты екеніне және организм белгілерінің қалыптасуына гендер мен сыртқы орта факторларының ортақ әсерінен болатынын көрсетеді.
  • Мысалы, жемшөпті мол беріп, қораны жылы ұстап, уақтылы суарып, күтіп бақса, ірі қара мал сүтті мол береді. Осымен қатар оның еттілігі де артады, бірақ сүтінің майлылығы өзгермей, бір деңгейде қалады. Орта жағдайынын, өзгеруіне байланысты модификациялық өзгергіштіктің шегі де түрліше болады. Белгілердің модификациялық өзгергіштік шегін оның реакция мөлшері деп атайды. Бір белгілердің реакция мәлшері кең көлемді болады. Оларға сандық өлшейтін белгілер (бойының биіктігі, дәннің массасы, малдардың еттілігі, сүттілігі, т.б.) жатады. Екінші бір белгілер тар көлемде беріледі. Оларға сапалық белгілер (көздің түсі, адам алақанының, қолының ызықтары, өсімдіктердің тұқымы мен гүлінің түсі) жатады. Модификациялық өзгергіштік өсіп, дамып келе жаткан организмдегі ферментативті реакцияға орта факторларының әсер етіп, олардын жүру бағытын өзгертуінен туады.
  • Талқылауға арналған сұрақтар
  • 1. Өзгергіштік дегеніміз не?
  • 2. Өзгергіштікті жіктеңіз.
  • 3. Генотиптік өзгергіштік пен фенотиптік өзгергіштіктің арасында қандай айырмашылық бар?
  • 4. Мутацияның түрлерін атаңыз.
  • 5. Мутагендік факторларға нелер жатады?
  • 6. Полиплоидия және анеуплодия дегеніміз не?
  • Олар мутацияның қай түріне жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет