Анеуплоидия немесе гетероплоидия деп хромосомалардың гаплоидты жиынтыққа еселенбей, тек жекелеген хромосома санының өзгеруіне байланысты болатын геномдық мутацияны айтады. - Моносомик - хромосома жиынтығы 2n-1 болып келетін организмді айтады.
- тетрасомик хромосома жиынтығы 2n+2 болып келетін организмді айтады.
- трисомик - хромосома жиынтығы 2n+1- болып келетін организмді айтады.
- Нуллисомик - (2n-2) жағдайында қандай болмасын бір хромосома жұбының екі ұқсас гомологының ешқайсысы да болмайды
- Трисомик - хромосома жиынтығы 2n+1- болып келетін организмді айтады.
- Мысалы, адамдардағы хромосомалық аурулар:
- Даун синдромы 21 хромосомадағы трисомия;
- Патау синдромы - 13 хромосомадағы трисомия;
- Эдвардс синдромы – 18 хромосомадағы трисомия.
- Гаплоидия - қалыпты хромосома жиынтығының 2 рет кемуі. Сонда зиготада хромосома жиынтығы 1n болады. Сүтқоректілер мен адам үшін - летальды мутация болып табылады.
- Генотиптері бірдей организмдердің сыртқы орта әсерінен фенотиптерінде болатын өзгерістерді модификациялық өзгергіштік деп атайды.
- Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Модификациялық өзгергіштік деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен организмнің ортаға бейімделіп, фенотипінің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар т.б. жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің жеке дамуы барысында морфологиялық, физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіні байқалады. Модификациялық өзгергіштіктің келесі түрлерін ажыратады: модификациялар, морфоздар, фенокопиялар.
- Морфоз – бұл фенотиптің ортаның экстремальды факторларының әсерінен пайда болатын тұқым қуаламайтын өзгерістері, олар бейімделуді қамтамасыз етпейді және қайтымсыз (мысалы: күйіктер, тыртықтар).
|