Қорытынды
Республика көлемінде айтпағанда облыс өңіріндегі мемлекеттік есепке алынған тарихи-мұралардың ішіндегі әлі де терең ғылыми тұрғыда зерттеліп, жарық көріп, көпшілік қауымның назарына ұсыныла қоймаған ескерткіштердің бірі - жарғабақ тас бетіндегі таңбалар сыры. Олар сонау өлкеміздегі ұрпақ өрбітіп, талай жауынгершілік заманды басынан кешірген Қола, Сақ, Үйсін, Қаңлы мен түркі дәуіріндегі өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен, мәдиниетінен өте құнды тарихи деректер береді.
Еліміздің тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде қазақ халық көптеген жетістіктерге жетті. Қазақ халықтарының этносы мен мемлекеттігін, тіл мен графикалық жүйесін тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу, келешек ұрпақ үшін құнды қазына болып табылады.
Болашақ ұрпаққа мұра етіліп қалдырылған жарғабақ тастардағы ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның аймақтарынан соның ішінде Жамбыл облысындағы ежелгі көшпенділердің өмір тіршілігін, мәдениетін салт дәстүрін бейнелейтін жарғабақ тастардағы таңбалар сыры. Бірақ, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап,оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну,қазақ халқы үшін құндылығының қанша жоғары болатынын бағалауға болады. Жамбыл облысы ежелгі мәдениеттегі келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның діңгегі болып табылады. Оның үстіне ежелгі қола дәуірі көшпенділері жиі қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден қалған мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер облыстық мұражайлармен арнайы тарихи ескерткішткерді сақтау, қорғау орындарын қаралған.
Қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықтау, оның мәні мен мағынасын, құпиясы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін, міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы керек.
Қазіргі Жамбыл облысында табылған Жарғабақ тастардағы суреттер олардың ең ірлері мыналар: Арпа өзен таңбалы тастары, Қаратау шимайлы тастары, Қапшағай таңбалы тасы т.б. таңбалы тастар ежелгі дәуірдегі адамдардың түрмыс-тіршілігінен мол мәлімет береді.Қазақстан жерінде қола дәуірден сақталған тастардағы таңбалы суреттер.
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз ету мен, тарих пен мәдениеттің жаңа кенттерді тұмшалау мен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру мен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтарды құру мен сипатталады.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеу де ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері өзекті болып отыр.
Қағаздан, желімнен, теріден қатырма қағаздан және тағы басқа органикалдық материалдардан жасалған қазба мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып – ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы – музыканттардың фоно жазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аударады. Осы бағдарламаның аясында жоғары да белгіленген мәселелерді кешенді түрде шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жұйесін одан ары дамытуға ықпал ететін болады.
Мәдени мұраларды сақтау және қорғау мәселесінің мемлекеттік деңгейде қозғалуы және осыған байланысты шұғыл шараларды қолға алу- тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең елеулі оқиғалардың бірі.
Алайда, мәдени мұра төңірегінде қандай стратегиялық шараларды қалай жұзеге асыру керек дегенге келгенде, әртүрлі пікірлер айтылып, мәселені белгілі бір шығармашылық топтар, ғылыми орталықтар, мекемелер немесе жеке тұлғалар өздерінің субьективтік мүдделері тұрғысынан қарап, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ұмтылуы да мүмкін. Оны да түсінуге болады.
Әуелі мемлекеттік мәдени саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде мәдени мұраларды сақтау, қорғау және пайдалану саясатын жұзеге асырудың толыққанды механизмін, яғни басқару органын жасау мәселесін жаңа даңгейде қайта қарау керек. Мәдениет министрлігінің құрамында арнаулы мәдени мұраларды қорғау ісімен айналысатын кішігірім департамент емес жеке комитет құрылса, тіпті, келешекте жаңа министрлік ашылса. Жергілікті жерлерде жұмыстары мүлде тоқтап қалған және де білікті мамандары жоқтың қасы. Қазіргі облыстық ескерткіштерді қорғау инспекциялардың орнынан, мысалы, Ресейдегідей «ескерткіштерді қорғау дирекциясын» құрған дұрыс сияқты. Бұл ұйымның міндеті мен атқаратын жұмыстарын облыстық мәслихаттард, нақтылап бекітсе, олардың жауапкершілігі артады және атқаратын қызметтері де жеңілдейді.
Археологиялық ескерткіштердің ерекшелігі – олар ешқашан да қоршаған табиғи және экологиялық ортадан бөлек қаралуға тиісті емес.
Жер туралы, жерге деген меншіктің түрлері, экологиялық мәселелер, жер қойнауы байлықтары және де басқа заңдар тарихи-мәдени заңмен үйлестірілмеген. Сондай бір заң – археологиялық зерттеулер жүргізу үшін бұрынғыдай «Рұқсат қағаз» берудің орнына лицензиялар алу. Бұл заң бойынша археологиялық ғылыми-зерттеу кәсіпкерлік құрып пайда табу ісіне баламаланып қаралады да , тендерлерге қатысқанда, әсіресе, шұғыл археологичлық құтқару қазбаларын жүзеге асыру кезінде көптеген қайшылықтар туғызады.Міне, осылардан кейін
«Археологиялық мұра», «Археологиялық сараптау » сияқты арнаулы жаңа заңдар қабылдау қажеттілігі келіп туындайды.
Елбасының халыққа жолдауынан туындайтын тағы бір өзекті мәселелер – қолда бар археологиялық жәдігерліктерді жаңғырту, консервациялау және ерекше танымал нысандар негізінде аспан астындағы ашық мүражайлар, қорықтар ашу.
Кеңес заманында аздап болса да жұмыс істеген біраз зертханалар мен орталықтар жан-жаққа тарап кетіп, өздерінің кәсіби және ғылыми деңгейлерін төмендетіп алған және де белгілі бір жүйесіз қызмет атқарып жатыр.Сондықтан олардың барлық мүмкіндіктерін бір жерге, яғни жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу институтына шоғырландырған дұрыс сияқты. Екінші мәселеге келетін болсақ, қазір Қазақстанда Отырар, Тараз археологиялық, архитектуралық және тарихи қорықтары бар. Бұлар Қазақстандай ірі және тарихи-мәдени ескерткіштерге көп емес. Қазір археологиялық қорықтарды және аспан астындағы мүражайларды үлкен қалаларға жақын жерлерден және бұрыннғы Ұлы Жібек жолының тораптарынан ашу керек деген көбірек пікірлер айтылып жүр.Ол қазіргі кезең түрғысыныан алғанда дұрыс, бірақ келешектің стратегиялық мақсаттары деңгейінен алып қарасақ, облыс орталықтарынан шалғайлау орналасқан біраз ғылыми жұртшылыққа, елге, әлемге белгілі болып қалған ескерткіштер негізінде мұражай-қорықтар ұйымдастыруды қазірден бастап қолға алған дұрыс.
Тарихымыздың түп тамырын білгенімізден әлі білмегеніміз көп. Қазір сол асыл мұраларымызды сақтап қалумен бірге жаңғырту міндеті тұр. Өшкенімізді жаңғырту, өткенімізді жаңарту туралы Елбасы күні кеше ғана қазақ зиялыларымен кездескенде өте жақсы айтты.
Тарихи мұраларды сақтап қалудың озық үлгісін жасаған жамбылдық іс басындағы азаматтардың игі ісінің бір ғана көрінісі болып табылатын жарғабақ тастар сыры. Тараз Жібек жолының алтын қақпасы болғанын айғақтайтын бұл музей экспонаттарымен бәсекелесе алатын мұражай елімізде жоқ деп айтсақ артық айтқандық болмас. Бұл жөнінде еліміздің талай марқасқа азаматтары мен қайраткерлері тамсана айтқан.
Осы талай жылдар бойы өзінің шешуін таппай жүрген өте құнды деректерді келешек ұрпаққа таныстыру және сақтау үшін өлкетанушыларға, тарихшылар мен ғалымдарға ой салып, оны халық игілігіне айналдыру үшін керек деп ойлаймын.
Өзім таңдап алған тақырыпты ғылыми тұрғыда зерттей тырып, оның көне заманда мекен еткен көшпенді тайпалардың тұрмыс тіршілігінен, тарихынан, өнер туындыларынан көп құнды тақырыпты әрі қарай әлі жалғастырамын деп ойлаймын. Мұны менің әріптестерім оқыса сөз жоқ оларды Отан сүюге, ұлт жандылыққа баурайтыны, өлкесінің тарихы қызықтыратыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |