Нормативтік сілтемелер



бет26/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет

Төртінші топқа инклюзивтік білім беруде мүмкіндіктері шектеулі білімгерлерді инклюзивтік оқыту, болашақ мұғалімнің инклюзивті оқытуға даяр болуы, модельдері қарастырылған зерттеулерді жатқыздық.
Tomomi Sanagi мұғалімдердің инклюзивті білім беру тұжырымдамасын түсінбеуі озық тәжірибеге алып келмейді, керісінше ерекше орта қалыптастырады. Инклюзивті білім берудің әр түрлі анықтамасының болуы инклюзивті білім беру тұжырымдамасына сәйкес келеді. Нәтижесінде ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалар белгілі бір оқу үдерісіне енгізілуі мүмкін, ал біз оны үстірт түрде инклюзия ретінде қарастыра аламыз [154].
Дорфлинг Питер Стефанус инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда мұғалімдердің маңызды рөл атқаратынын айта отырып, мұғалімдер бұл міндетке жеткілікті дайын емес екенін мойындайды. Ғалым өз зерттеулерінде мұғалімдердің өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мұғалімнің жеке білімін үздіксіз дамыту моделін ұсынады. Модельдің құрылыс блоктарына білімді басқару стратегиялары, мұғалімдердің жеке қатысуы және мектеп басшылығының қолдауы кіреді [155].
Maranhao A.L. инклюзивті білім берудің теориялық негіздерін, парадигмаларын зерделей отырып, мүмкіндігі шектеулі педагогтарды инклюзивтік оқыту үшін болашақ мұғалімдердің кәсібилігін дамыту, теория мен практиканы ұшастыру мәселелерін қарастырды [156].
Louzada, Juliana Cavalcante de Andrade жоғары білім беретін ұйымдарда болашақ мұғалімдерге инклюзивті білім беруде мұғалімдердің алғашқы кәсіби дайындығына қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, инклюзивтік білім беру мен оқытудың айырмашылықтарын, инклюзивті білім берудің нормативтік заңнамалары туралы берілетін білімнің жеткіліксіздігін атап көрсетеді [157].
Suk Nam инклюзивтік білім беру мұғалімдерді даярлаудың жаңа теориялық және практикалық тұжырымдамаларын әзірлеуді қажет етеді дей отырып, жаңа оқу жоспарлары, ғылыми білім, прогрессивті әлеуметтік өзгерістерге бейімделу, ұтқырлық, мұғалімдердің университеттік білімі педагогикалық кәсібилікке жол ашады. Ал бұл өз тарапынан кәсіби құзыреттілікті қолданатын кәсіпқой ретінде инклюзивті оқытатын мұғалім бейнесін айқындайды деп саралайды [158].
Ғалым А.К.Оралбекова инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеді, ал Д.С. Хамитова жоғары оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі педагогтарды қашықтықтан оқытудың педагогикалық шарттарын жасады.
Неміс ғалымы Müller, Frank J. «азаттық философиясына» сүйене отырып, интеграциялық білім берудің әлеуметтік өлшеміне қол жеткізудің кеңейтілген жолдарын, ерекше қажеттіліктері бар барлық адамдарға арналған қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаның рухани дамуына жәрдемдесуіне бағытталған оқыту принциптерін көрсетеді [159]. Rupert Maclean, Shanti Jagannathan, Brajesh Panth инклюзивті білім беруде техникалық және кәсіптік білім беру, кәсіптік оқыту жүйелерін (TVET), оқу бағдарламаларын қайта қарау, біліктілікті арттыру модельдерін қанағаттандыру, экологиялық таза жұмыс орындарын құру туралы сөз етеді [160].
Ann Arbor болашақ мұғалімдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және олардың мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс істеуге деген сенімділігін арттыру үшін қызмет көрсетудің тиімді әдістерін, сонымен қатар инклюзивтік білім беру қызметтерін жақсартудың тұрақты құралы ретінде мұғалімдерді кәсіби даярлаудың тиімділігін анықтауды өз зерттеуінің басты бағыты етіп алды [161].
Dangoisse Floren және т.б. жоғары білім беру саласында мүмкіндіктері шектеулі педагогтарды кіріктіру туралы алаңдаушылық таныта отырып, олардың физикалық және сенсорлық бұзылулары бар студенттер екенін атап өтті. Орта мектептен университетке көшу мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін сыни кезең болады деп болжамдайды [162].
Lucas Mendes диссертациялық зерттеуінде инклюзивті білім беру (IE) мен арнайы білім беру (SP) тұрғысынан биология, физика және химия саласындағы мұғалімдерді оқытуда әлеуметтік көрсеткіштерді талдау жасай отырып, мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс істеуге дайын мұғалімдердің саны жеткілісіз екендігіне тоқталады. Мұғалімдерді даярлау және мүмкіндігі шектеулі педагогтарды оқыту мемлекеттік биліктің инвестициялары мен назарын қажет ететін бағыт дер атап көрсетті [163].
Katherine J. Gilligan мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын мұғалімдерді даярлау бағдарламасына баса назар аудару қажет, мұнда сондықтан барлық студенттерге сапалы білім беруді қаматасыз етуі қажет дейді [1644].
Michael McCarthy диссертациялық зерттеуінде ерекше білім беруді қажет ететін педагогтарды оқу үдерісіне кіріктіру факторларын: мүгедектігі бар студенттермен жұмыс істеу тәжірибесін, мұғалімнің дайындық деңгейін, мүгедектік түрін, әкімшілік қолдауды және оқу орны климатын қарастырды [165].
Artsimovich I.V. және т.б. инклюзивті білім беру контекстінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерді даярлау жүйесінің авторлық моделін ұсынады. Авторлар инклюзивті білім берудегі кемшіліктерді, атап айтқанда, қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамды қабылдауға дайындығының жеткіліксіздігін, мұндай адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау және қамтамасыз ету жүйесінің жетілмегендігін, оқытушылардың осы студенттер контингентімен жұмыс істей алмайтындығын атап көрсетеді [166].
Енді білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау мәселесінің қазіргі жағдайына тоқталамыз.
Қазақстанда инклюзивті білім беру мәселелерімен айналысатын негізгі орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады. Сонымен қатар біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдау мәселелерімен Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі айналысады. Алайда инклюзивті білім беруге қатысты барлық функциялары жинақтайтын уәкілетті орган болмай тұр. Қазақстанда инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық бірлестіктер, ата-аналар қоғамдастықтарының бірлесе жұмыс жасауы талап етіледі. Ресми құжаттарға талдау жасау барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдауда ведомствоаралақ байланыс механизмі реттелмегендігіне көз жеткіздік. Атап айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды есепке алу жұмысын Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қатар жүргізіп отыр:



Сурет - 9 Инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы ведомствоаралық органдардың байланыс механизмі


Инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулер мен тәжірибені зерделеу елімізде инклюзивтік оқытудың қазіргі жағдайына талдау жасауға мүмкіндік береді. Осы мәселеде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқытатын, оларға кәсіби сапалы білім беретін педагогтардың сұраныста екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.


Педагог мамандығы ізгіліктік, бейімделу, шығармашылық, қарым- қатынастық және өнегелік сипаттарды қамтиды. Педагог мамандығының негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты, ал педагог тұлғасына қойылатын талаптар педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығын айқындайды. Ал педагог дегеніміз - арнайы педагогикалық дайындығы бар, бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, педагогикалық қызметпен кәсіби түрде айналысатын адам.
Қазіргі таңда педагогтарға деген қоғамның көзқарасы өзгерді. Еліміз білім берудің ұлттық моделіне көшкені белгілі, сондықтан қоғамға жоғары білікті, білімді, білімін ғылыммен ұштастыра білетін, теориялық- практикалық және әдістемелік білімдерді, педагогикалық біліктер мен дағдыларды меңгерген іскер, құзыретті педагог қажет.
О.А. Абдуллина [167], А.Д. Гонеев [168] педагогтарды кәсіби даярлау саласында зерттеулер жүргізсе, Т.Г. Зубарева [169], И.Н.Хафизуллина [31] ерекше білім беруді қажет ететін білімгерлермен жұмыс жасайтын педагогтың инклюзивтік білім беруге кәсіби дайындығын интегративтік кәсіптік-тұлғалық білім ретінде [170] анықтауға мүмкіндік берді.
Педагогтың кәсіби даярлығының объективті сипаттамалары педагогтың инклюзивтік білім берудегі мақсаттары, оның құрылымы, мұғалім шешетін мәселелер шеңбері және қажетті нәтижеге жету үшін оның кәсіби функцияларын орындауы қабілетінде көрінеді.
Алдымен «инклюзивті оқытуға дайын болу», «инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау» ұғымдарына берілген анықтамаларды қарастырамыз.
Педагогтардың инклюзивті оқытуға даяр болуы мәселесін зерттеген ғалымдар (С.В. Алехина, Н.А. Пронина, Т.Ю.Зимнухова) педагогтардың инклюзивті оқытуға белсенді ұмтылмауының басты себебі олардың денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс тәжірибесі мен теориялық дайындығының болмауында деп көрсетеді. Сондықтан инклюзивті оқытуға даяр болу мәселесін кәсіптік даярлаудың мақсаты ретінде қабылдаған жөн.
Алдымен «дайын болу» ұғымының мағынасына назар аударайық. Орыс тілінің, «дайын болу» ұғымы былайша берілген:
С.И. Ожеговтің сөздігінде «бір нәрсе үшін барлығы жасалған, барлығы дайын кезі» деп берілген [70, с. 140].
Т.Ф.Ефремованың түсіндірме сөздігінде «дайын болу, дайындық күйі, қасиеті» дейді [171 с. 340].
Педагогтың өз қызметіне дайын болуы тұлғалық және тұлғалық-іскерлік қасиеттерді, кәсіби құзыреттілік пен кәсіпқойлықты меңгеруіне байланысты.
В.В. Хитрюк «инклюзивтік даярлық» ұғымын енгізіп, «инклюзивтік білім беру жағдайында академиялық, кәсіби және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттер кешеніне негізделген, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мүмкіндігін анықтайтын педагогтың жеке басының күрделі интегралды субъективті сапасы» деп көрсетеді. [172].
Ю.В. Шумиловская «инклюзивтік білім беру жағдайында болашақ мұғалімнің даярлығы» ұғымына анықтама бере отырып, мүмкіндіктері шектеулі білімгерлердің ерекшеліктері туралы білім мен идеялардың жиынтығы, инклюзивтік білім беру жағдайында осы студенттермен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін білу, сондай-ақ белгілі бір жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы» деп келтіреді. Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мұғалімдерді оқушылармен жұмыс жасауға даярлаудың моделін жасады. [32].
Инклюзивті оқыту шеңберінде педагогтарға қойылатын талаптар шегі кеңейе түседі, функционалдық міндеттері артады, тұлғалық, кәсіби және даму сапаларына қойылатын талаптар да күшейеді. Сондықтан біз келесідей жіктеп көрсеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет