Нормативтік сілтемелер



бет30/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет

Мақсатты компонент инклюзивтік білім беру жағдайында болашақ мұғалімді оқушылармен жұмыс істеуге дайындау процесінің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды.
Мазмұндық компонент арнайы пәндердің теориялық негіздерін және жалпы кәсіптік ғылымдарды қамтиды.
Процессуалдық компонент сапалы оқытуға бағытталған оқыту процесінің әдістерін, құралдары мен формаларын қолдануды талап етеді. Бағалау-нәтижелілік компонент оқу процесі ерекшеліктері мен оқушылар контингентін ескере отырып, болашақ мұғалімнің алдағы жұмысқа дайындық көрсеткіштері мен деңгейлерін сипаттайды [188].
Е.Г.Самарцева педагогтардың мектеп жасына дейінгі балаларды инклюзивті оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастыру моделін ұсынды. Модельді құрастыру кезінде ғалым педагогтердің инклюзивті оқытуға кәсіби даярлығы құрылымына интенционалдық (мақсаттылық), мазмұндық-процессуалдық (технологиялық), нәтижелілік (бағалау) компоненттерін ұсынады.
Интенционалдық (мақсаттылық) компонент болашақ мұғалімді даярлаудың мақсатын, нақты міндеттерін анықтайды, мұғалімдердің балаларды инклюзивті оқытуға дайындығының негізгі мазмұнын, мұғалімнің дайындық нәтижесіне қойылатын талаптарды анықтайды.
Мазмұндық-процессуалдық (технологиялық) компонент болашақ мұғалімдерді инклюзивті оқытуға даярлаудың нақты мазмұнын, кәсіби міндеттер мен функциялардың жиынтығын, материалдардың мазмұнын, оларды игеру әдістемесін, оқыту нәтижелерін көрсетеді.
Нәтижелілік (бағалау) компоненті квазипрактикалық және оқу- практикалық қызмет барысында инклюзивті білім беру технологияларын практикада игеруге бағытталған.
Е.Г. Самарцева бойынша инклюзивті білім беру педагогының кәсіби даярлығы құрылымына келесі түйінді, мазмұнды компоненттер кіреді: тұлғалық-мәндік (инклюзивті білі м берудің идеологиясын қабылдауға педагогтың рефлекстелген ұстанымы, педагог санасының, ерік, сезімдерінің балаларға инклюзивті білім беруге уәждемелік), когнитивті (балаларға инклюзивті білім беруге қажетті кәсіби- педагогикалық білімдер кешені) және технологиялық (мектепке дейінгі балаларға инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың кәсіби-тәжірибелік іскерліктер кешені) [189].
О.С. Кузьмина ұсынған педагогты инклюзивті білім беруге даярлаудың авторлық моделі мазмұндық және ұйымдастырушылық компоненттерден тұрады [190].
Ғалымдардың педагогтарды кәсіби даярлау бағытында жүргізген зерттеу жұмыстарын талдай келе, педагогтың инклюзивті оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың мазмұны мен мәнін ашу мақсатында педагогтың инклюзивті оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың моделін құрастырдық. Модель педагогтың инклюзивті оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың негізін айқындайды.
Бірінші бағыт педагогты кәсіби даярлаудың когнитивтік, мазмұндық және технологиялық компоненттерін қамтиды. Когнитивтік компонент инклюзивтік білім беру теориялары мен әдістерін меңгеруде арнайы теориялық, теориялық және практикалық білім жүйесі ретінде беріледі. Мазмұндық компонент толеранттылық, алаламау, дұрыс қарым- қатынас орнату және өзін-өзі жетілдіру қасиеттерін, педагог санасының, ерік-жігерінің және сезімінің мотивациялық-мазмұндық бағытын, ынтасын, жұмыс істеу қабілеті мен жеке бағдарларының жиынтығын көрсетеді. Технологиялық компонент инклюзивті білім берудің оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізу әдістерін, тәсілдерін, технологияларын, құралдарын қолданудың практикалық дағдыларынан тұрады.
Екінші бағыт педагогты инклюзивті оқытуға кәсіби даярлау модулінің бағыттылық, конструктивтік және практикалық дағдыларын қарастырады. Бағыттылық модулі оқу бағдарламасындағы базалық пәндерді меңгере отырып, инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді. Конструктивтік модуль таңдау (элективтік) пәндерін игеру барысында инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын, әдістерін игереді. Ал практикалық модуль инклюзивті оқытудың практикалық тәжірибелерін меңгеруге, тәжірибе жинақтауға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет