Нормативтік сілтемелер


Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделі



бет29/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет

Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделі


Білім беру жүйесін бірнеше маңызды компонент құрайды. Ең маңызды компонент - жұмыс берушінің сұранысына сай жасалған білім беру бағдарламалары бойынша болашақ мамандарды даярлайтын оқу орнының болуы. Екінші компонент – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, ұтқыр маман болуды мақсат еткен білім алушының болуы. Үшінші компонент - «жұмыс орнының», яғни білім алушыларға мамандық бойынша жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорынның болуы. Төртінші компонент - болашақ маманның кәсіби қызметін сапалы меңгеруге үйрететін тәлімгер мен оқу шеберінің болуы. Бесінші компонент – дуальды білім беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың болуы. Алтыншы компонент дуальды оқытуды өндіріспен, бизнес өкілдерімен байланыстыратын өңірлік кәсіпкерлер палатасының болуы. Жетінші компонент дуальды білім бру жүйесін мемлекеттік тұрғыда қолдайтын ведомстволық министрліктің болуы.
Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлайтын кәсіптік білім беру міндеттерін жүзеге асыруда білім беру мазмұнын жаңғырту мәселесі, кадрмен қамтамасыз ету проблемасы және оқу-материалдық базаның болуы мәселелері негізгі үш құрамды біріктіреді.Сонымен ғалымдардың жоғарыда ұсынған педагогтардың инклюзивті оқытуға даярлық модельдерінің теориялық негіздеріне талдау жасай отырып, келесі тұжырымға келдік:
-педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлау моделі мақсатты, теориялық, мазмұндық және рефлексивті блоктардан тұрады;
- педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлаудың мазмұны педагогтың кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған технологиялар арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілгендей, әр ғалым «педагогтың инклюзивті оқытуға даярлығы» ұғымына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан берілген анықтамаларды жинақтап сызба түрінде көрсетуді жөн көрдік (Кесте 8).

Кесте 8 - Даярлық моделіне ұғымдық анықтамалардың көрінісі



Педагогтың инклюзивті оқытуға
даярлығы

Компоненттері

Дереккөздер

Педагогтың инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби міндеттерді шешу қабілеті

мотивациялық құндылық, перациялық әрекеттік, рефлексивтік
бағалау

Кузьмина О.С.

Педагогтың инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби қызметін
орындау қажеттілігі

тұлғалық-мағыналық, когнитивтік
технологиялық

Самарцева Е.Г.

Педагогтың инклюзивті білім берудің әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ осы қызметке ынталандыруды қамтамасыз ететін белгілі бір жеке қасиеттері

мотивациялық, когнитивті креативті белсенді

Шумиловская Ю.В.

Педагогтың иклюзивті білім беру кеңістігі жағдайында тиімді кәсіби- педагогикалық қызметке ниеті мен қабілеті

когнитивтік эмоционалдық мотивациялық, рефлексивтік
коммуникативтік

Хитрюк В.В.

В.В. Хитрюк жоғары білім беру жағдайында педагогтің инклюзивті оқытуға даярлығының дидактикалық моделін жасады. Дидактикалық модель мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық-технологиялық және бақылау-нәтижелілік блоктарынан тұрады. Хитрюк В.В. педагогтың кәсіби-педагогикалық даярлығының құраушысы ретінде инклюзивті даярлыққа әлеуметтік ұстанымдағы (бағалау-адаптивті, гностикалық, интегративті, болжамдық, құндылық-бағдарлық, эго- қорғаныстық) қызметтер, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби-педагогикалық әрекет мазмұнымен, бағыттылығымен анықталатын спецификалық қызметтер (перцептивті-диагностикалық, интенционалды, қозғаушы -эмотивті) тән екендігін айтады [187].


Ю.В. Шумиловская инклюзивті оқыту жағдайында педагогтарды жұмыс жасауға даярлаудың моделін жасады. Ю.В.Шумиловскаяның моделі мақсатты, мазмұндық, процессуалдық және бағалау-нәтижелілік компоненттерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет