Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Мектеп жасына дейінгі баланың сурет салу қабілеттері мен шығармашығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы жүйелі түрде ұйымдастырылса ой-санасы, зейіні, таным түсінігі қалыптасқан балалар тәрбиелеу мүмкіндігіне ие боламыз.
Зерттеу жұмысының нысаны:Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу жұмысының пәні: Бейнелеу өнері әдістемесі
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіндіктерін анықтай отырып, сапалы білім беру.