Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы қажет. Өмірге келген әр бала бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Балаға тиісті дәрежеде жағдай жасау, денсаулығын нығайту,саналы тәрбие мен сапалы білім беру-тірбиеші мен ата-аналардың басты мақсаты.
Бала ес біле бастағаннан бастап өзі аса түсіне қоймайтын жарқын, тартымды нәрсенін барлығына қызығып ұмтыла бастайды, мысалы, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Соңын
барлығы оның қызығушылығын оятады. Әрдайым әң, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады.
Мектепке дейінгі бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру қазіргі танда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын дамыту әрекеті оқу мен тәрбие үрдісі арқылы өзара тығыз байланыста жүргізілгенде ғана жүзеге асырылады. Балаларды сурет салудың әдіс-тәсіліне үйрету – эстетикалық тәрбиенің басты міндеті болып табылады. Эстетикалық тәрбие алған балалар әсем, жарқын бейненің барлығына жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Мектепке дейінгі ұйымда бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Сурет салу балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамытуын белгілі жүйеде көрсетеді. Бейнелеу әрекетіне балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлемді таңып, талдауға үйренеді. Бейнелеу өнерінде балаларды сурет салуға, өнерді қабылдау тұрғысынан білім деңгейлерінің жас ерекшелігіне байланысты сурет салуға мүмкіндіңтерін анықтай отырып, сапалы білім беру қажет. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоционалды түрде жауап беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |