Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің


Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы



бет6/11
Дата22.04.2020
өлшемі64,45 Kb.
#64139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Kursovoi 774 docx

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Мектеп жасына дейінгі балаларға

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспедегі, екі бөлімнен (теориялық, практикалық), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


I. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Бейнелеу өнерінің теориясы, түрлері мен жанрлары. Мектеп жасына дейінгі сурет салу заңдылықтарын оқытудың ғылыми-педагогикалық маңызы

Сурет салу-(ағылш.Visual arts) – дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. «Шығармашылық» білім беру саласындағы педагогикалық процесс, ең алдымен, балалар өздерінің және басқа халықтардың мәдениетін бағалауға, түсінуін қалыптастыруға, сонымен қатар шығармашылық өнерді қолдану біліктіліктеріне бағытталған.

Сурет салу көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Басқа ғылым салалары секілді бейнелеу өнері ғылыми негізгі атаулардан, түсініктер мен категориялардан құралады. Бейнелеу өнерінің өзіне тән табиғат құбылыстарын тану заңдылықтары бар.Сурет салудың негізгі бейнелейтін нысаны табиғат, жаратылыс құбылыстары болып табылады.

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қайтару,оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы керек.

Сурет салу дүниені байқау, көру, бақылау нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол кездегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Сурет салу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Балалар сурет салу арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, өз қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.

Сурет салу сезім мүшелеріне дамуына ықпал жасай, ойлау, көру қабілетін талдап, көре есте сақтап, өзін-өзі тәрбиелеу, суретке деген талғамы, сурет салу сапалығы, елестету, сурет салу тілін меңгеру, эстетикалық сезім қалыптастыру барлығы сурет салу өнерінің түсінігін, қоршаған ортаны түсіну, өзін-өзі тануға дағдыланады.

Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балаларды сурет салу өнерімен таныстыру-балалардың түрлі жанрдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Балалар өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, эстетикалық сезімдері дамиды. Олардың алдына айналадағы дүниенің, формалардың, қимыл-қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңкі ашылады. Сурет салу бірнеше жанрларға бөлінеді: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи,батальдық,тұрмыстық, анималистік т.б

Жанр-(франц. Qenre - түр немесе тек сөзінен шыққан) – бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады. Жанрларға бөлу барлық сурет салу өнерлерінде кездеседі. Бірақ әрқайсысында әртүрлі. Әсіресе жанды бейнеде барлық жанрлар айқын көрінеді деп айтуымызға болады. Жанр негізінен бейнеленген бейнеге байланысты ажыратылады.

Пейзаж- табиғат көріністерінің әсемдігін, құбылыстарын бейнелеу болып табылады. Адам әуелбастан-ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек XVII ғасырда ғана біріңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды Голланд суретшісі ойлап тапқан. Пейзаж өнері алуан түрлі бейнеленеді, кейбір пейзаждар өмірде нақты бір көріністі бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

Натюрморт- француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Белгілі бір тақырыпта құралған жансыззаттар жиынтығын суреттеп бейнелеу болып табылады. Оған күнделікті өмірде қолданатын заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе балшықтан күз құстарымен дайындалған әртүрлі бағамдарды бейнелейтін картиналар жатады. Натюрморт алғаш рет XVIII ғасырдың басында Голландияда пайда болған.

Портрет-жеке адамның, адамдар тобының портреттері табиғат немесе белгілі ортада отырған адам бейнесі, психологиялық портрет, салтанатты портрет болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет