Түтікшелі кляксография.
Қарапайым кляксографиядағыдай бала сұйық гуашьты пластикалық қасықпен қағазға төгеді де, дақтар алынады. Содан кейін бала дақтарды түтікшемен үрлейді. Түтікшенің ұшы дақтарға да, қағазға да тимегені дұрыс. Қажет болса, бұл үдеріс қайталанады. Қажет детальдер салынады.
Тақырыбы: Дәстүрден тыс сурет салу
Іс-тәжірибе мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, іс жүзінде бейне жасауға үйрету.
Іс-тәжірибе міндеті:
Іс-тәжірбе объектісі:
Керекті құралдар:
Қауіпсіздік ережесі:
Тәжірибе №1: әр балаға екі түсті қызыл және ақ, қара және ақ немесе қызыл және көк түсті ермексаздарды алдарына қойып, кейін берілген екі ермексазды бір-біріне қосуды ұсынып нәтижесінде не болды? Қандай өзгерісті байқады? сұрақтарды қойып, түсіндіру. Яғни қызыл және ақ түсті қосқанда, біріктіргудін нәтижесінде қызғылт түске, ал қара мен ақ сұр түске және қызыл мен көк түс күлгін түске ауысқаның, түсі өзгергенің байқадық.
Қорытынды: шынымен де ермексаздарды біріктіру арқала біз басқа түстердін пайда болатынына көз жеткіздік.
Мектепке дейінгі жаста, практикалық жұмыс процесімен тікелей байланысты ойлаудың көрнекі әркетті формаларынан басқа, ойлаудың неғұрлым жоғары дәрежеде дамуы - көрнекі образды ойлауда болуы мүмкін. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.
Сурет салу іскерлігі заттың формасын, оның құрылысын, түсін және басқа сапаларын бере білу, нақышталатын форманы ескере отырып, ою-өрнек жасай білу қабілетінен тұрады. Бейнелеу іскерліктерімен техникалық дағдылар тығыз байланысты. Кез келген затты бейнелеу үшін кез келген бағытқа сызықтарды еркін және жеңіл жүргізе білу керек, ал осы сызықтардың көмегімен заттың формасын қалай беру керек – мұның өзі бейнелеудің міндеті болып табылады.
Заттарды пайдалану:натурамен жұмыс жасау затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандай болса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Оны неғұрлым сипаты жағынан қабылдайтындай етіп орналастырады. Тәрбиеші натураны балалармен бірге егжей-тегжейлі қарап шығып, талдау процесіне бағыт беріп, оны сөзбен және ым-ишарамен жеңілдетіп отырған жөн. Мысалы, ересектер тобында шырша бұтағының натурасынан сурет салған кезде балалар бұтақшалардың орналасуын кеңістікте, сол жақ пен оң жақ бұтақшалар тармақтары мен көлемін беріп, қара қошқыл немесе ашық өңде қалың қылқан жапырақтардың суретін салады. Осы мақсатта жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жемістер мен ойыншықтарды пайдалануға болады.
Үлгіні пайдалану: натура сияқты үлгі де үйрету әдісі және жекелеген тәсіл ретінде де пайдаланылады. Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде көбінесе декоративтік және конструкциялық жұмыстарда үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.
Балалар үлгілерден ою-өрнек элементтерін көшіріп алуға, элементтердің орналасуы және үйлестіруге үйренеді. Үлгілерді пайдалану сол сабақтардың алдындағы міндеттерімен анқталады. Мәселен, үлгі тәрбиешінің арнайы нұсқауынсыз ұсынылуы мүмкін, балалар оны көріп алып, өз беттерімен орындайды. Бұл жағдайда үлгіні қолдану баланың сыни тұрғысынан ойлауны арттырады.
Кейде үлгі үйрету тәсілі ретінде де пайдаланылады. Мысалы, заттың суретін салғанда, мүсінін жасағанда үлгі көшіру мақсатында емес, бейнелеп отырған зат туралы балалардың түсінігін нақтылау үшін пайдаланылады.
Картиналарды пайдалану: картиналар негізінен балалардың қоршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады.
Картина көркем шығарма ретінде образдарды әдемі әрі әсерлі қылып береді. Осы кезде балалардың шығармашығын арттыру үшін сабақ барысында қандай да бір детальдарды нақтылау үшін картинаны кейбір балаларға көрсетіп алу қажет, бұдан кейін картинаны алып тастау керек. Себебі оны одан әрі көріп қабылдау көшіруге әкеліп соғады.
Олардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мақсатында аяқталмаған картинаны ұсынуға болады. Тәрбиеші сұрақтар қойып нақтылау арқылы сурет салдыруға болады. Кішкентайлар тобы-үш жастағы балалар өзіңің физикалық және психикалық дамуына қарай сурет салудың ең бір қарапайым дағдыларын үйренуге қабілетті. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың бейнелеудегі әрекетін зерттеген зерттеулер бойынша сәбилер екі жасар кезінде-ақ (әрине, тек үйреткен жағдайда) қаламды, қылқаламды дұрыс ұстай алады; олардың сурет салудағы қозғалысы, әрекеті осы жастағы интенсивті дамитын қозғалыстардың жалпы ырғағына сәйкес келіп жатады. Бірақ, бұл әрекеттер көп жағдайда әлі еріктен тыс болады да, жүргізілген сызықтар көзбен бақыланбайды.
Екі жастағы баланы бейнелеудің қарапайым дағдыларына арнайы үйретуге мүмкіндік бар, өйткені, ол тәрбиеші түсіндіріп жасаған қимылдарды сол қалпында қайталауға ұмтылады. Екі жасар балаларға сурет салуды үйрету міндеттері қойылған кезде, олардың тәжірибесінің аздығы, білімі мен икемділігінің жоқтығы, қолдарының оралымды қимылға әлі икемсіздігі: ескеріледі. Сондықтан, сурет салуға үйретудің негізгі міндеттері тәрбиенің балаларға тигізетін жалпы әсеріне байланысты. Сонымен, бірінші кішкентайлар тобындағыларды үйретудің міндеттері төмендегідей:
- сурет салу үрдісінде белгілі бір нәтижесі бар әрекет ретінде қызығушылық тудыра білу;
- сурет салуға керекті материалдармен (қаламдар, бояулар) және соларды пайдалану тәсілдерімен таныстыру;
- ересектер салған суретті белгілі бір заттың бейнесі деп түсінуге үйрету;
- түзу,дөңгеленген сызықтарды және тұйықталған пішіндерді жүргізе білуге үйрету.
Осы топқа арналған тақырыптардың өзге жастағы топтарға арналған тақырыптан құрылымдык, айырмашылығы сол, мұндағы материалдар тоқсан бойынша бөлінбейді. Балалардың белгілі бір дағдыларын бекіту, үйрету барысында жыл бойына жүргізіледі. Сурет салуға үйретудің ең алғашқы сабағы қағаз, қарындашпен таныстырудан басталады. Тәрбиеші бұл материалдардың балаларға бұрыннан таныс, ойыншықтар мен әр алуан заттардан өзгеше екендігін түсіндіреді. Мәселен,қаламмен қағаз бетінде әр түрлі әрекеттер жасауға болады,қаламның ұшталған жағы кағаз бетінде із қалдырса, ал ұшталмаған жағы олай ете алмайды. Егер болар болмас басса, кағаз бетінде із калмайды ал сәл каттырақ басса, қағаз жыртылып калады. Балаларға осылайша түсіндіре отырып, көрнекі түрінде корсету олардың сурет салуға деген ынтасы
н аударады, осылай бола тұра, қаламның қағаз бетінде қалдырған ізі бір нәрсені білдіре қояды деген ойдан аулақ. Тәрбиеші баланың материалға деген қызығушылығын пайдалануға тиіс және сонымен бірге бүлдіршіндердің қаламдарды ұзақ қызықтап, ойнап кететінін (қатарластырып қою немесе тықылдатып) ескеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |