Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет87/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

16.2 жұлдыз, 1 тілек. 
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан 
екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. 
17.Құрастыр, сосын жауап бер. 
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз 
ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз 
–жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау; 
-жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
-жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз; 
-өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла. 
18.Атмосфера орнату. 
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды 
талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған 
тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін 
жауаптарын күтіңіз.
19.Көршіңізге айтыңыз. 
«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың 
өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.
- Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларданөз 
ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз
- Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша 
ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз. 
20.Идея туралы пікір. 
Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы 
басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз. 
М-лы. “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?
21.Серпілген сауал 
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және 
талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың 
арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, «Айша, Алуаның жауабы 


95 
туралы сен не ойлайсың?» «Алуа, Жәңгірдің жауабын барынша кеңейту үшін 
оны қалай дамытуға болады?»
«Айназым, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?»
22.Күтіңіз және түйіндеңіз. 
Оқушыларға олардан күткен негізгі 
сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – 
анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей 
отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет