Денелердің электрлену құбылысының зиянды жақтары
Қыс күндерінің бірінде магазинге келушілер бір әйел адамнан қатты үрейленеді, және сондағы адамдардың айтуынша әлгі әйел адам» өте шебер жасырған инесімен кісілерге «шаншып өтеді» екен. Тексере келгенде, ешқандай ине жоқ болып шықты: «инедей шанышқан» синтетикалық тон екені анықталды. Ол айналадағы нәрселермен жанасқан кезде электрленген, ал аязды құрғақ ауа –диэлектрик, тонға зарядтар жинала берген, одан ұшқын шыға бастаған да, бұл ұшқындар жанынан өткен адамдарды инемен шанышқандай сезім тудырған.
Үйкелістің әсерінен зарядтардың таралуынан болатын осындай жағдайға баса назар аударылған. Оның себебі, бұл электрдің таралуының қауіпсіздік техникасы туралы ойламаған адамдарды қауіпті жағдайға соқтыратыны.
Өткен ғасырдың өзінде –ақ электрлік зарядтардың таралуының зиянды әсерлері белгілі болған. Мысалы, айналатын шкивтердің тері және резинкеленген белдіктері электрленген ұшқын разрядыныңкөзі болып шығуы мүмкін. Ол әсіресе, егер ауада жанғыш ұсақ тозаңдар (айталық, ұн) қалқып жүрген болса, өте қауіпті электрленген денеден ұшып шыққан ұшқын өрт не қопарылыс тудыруы мүмкін. ХХ ғасырда оңай электрленетін пластмсса, синтетикалық талшықтар, мұнай өнімдері сияқты заттар кең түрде пайдаланылатындықтан эдектрленудің әсерлері жиі байқалады. Электрлену күнделікті тұрмыста да, диэлектрик материалдардан тұратын қозғалыстағы денелер өзара әсерлесетін қандай да болсын технологиялық процестерде де болып тұрады. Ондай әсерлесулер жылжытқанда, бөлгенде механикалық өңдеуге түскенде кездесіп отырады. Мысалы полистрол пластинасын преспен өңдегенде оның бір жері оң екінші жері теріс зарядталады. Технологиялық процестің жылдамдығы артқан сайын электрлену де арта түседі. Ұшқын разряды болып өткенше зарядтар жинала береді. Тоқыма материалдарға резеңке желімін жағатын желім жаққыш машинаның білігі материалға үйкелгенде олар электрленеді. Егер ол зарядтарды мезгілінде жойып тұрмаса, тіпті азғантай ұшқынның өзінен өрт шығып кетуі мүмкін, өйткені айналадағы ауа бензин буымен қаныққан. Қопарылысқа адамның өзі себепші болуы мүмкін, өйткені зарядталғанматаға тиген кездеоператордың денесңде зарядталады, өйткені адам денесі электр зарядын жақсы өткізгіштер қатарына жатады.
Сұйық- диэлектрик қозғалған кезде (мысалы, жанар майды бензин құйғыштан құйған кезде) құбырдың ішінде электрлену және зарядтардың тасымалдануы пайда болады, бұл көбіне самолеттарда кездеседі.
Электрлен ген денелердің өзара әсерлесуі көптеген технологиялық операцияларды іске асыруды қиындатады. Мысалы жіптердің электрленуіненөзара тебілу пайда болады да, ол тоқыма станоктарының жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Зарядталған матаны пішу қиын. Сонымен қатар,ондай мата тез кірлейді, өйткені олар тозаң бөлшектерін өзіне тартып алады.
А ғып кетпейтіндей жағдай туғызса электр зарядтарын кез келген дененің бойында жинауға болады. Мысалы адамды шыны орындыққа отырғызып, электр зарядтарын біртіндеп оның бойына жіберу арқылы жинауға болады. Егер де сол адамның шашы ұзын болса, ол үрпиіп көтеріле бастайды. Бірақ адам бойына заряд жиналғанын сезбей қалады. Ал ол қабырғаға немесе басқа бір денеге қолын созатын болса, екі арада электр ұшқыны пайда болады.Осы ұшқынның көмегімен газды не басқа бір тұтанатын затты(мысалы спиртті) тез жағуға болады.Бұл құбылыс техникада кең пайдаланылады.Автомобильдерде электр ұшқыны поршеньде қысылған бензиннің буын тұтандырып, оны жүргізеді. Табиғи жағдайда зарядтар қорын мол жинайтын дене- аспандағы бұлт. Жазды күндері жел соғып, дауыл соққанда, жердегі ыстық ауа жоғары көтеріліп, аспандағы бұлтпен үйкелісіп, көптеген зарядтар туғызады. Сонда бұлттың бір жерінде оң зарядтар , екінші жерінде теріс зарядтар пайда болады. Бұлттың көлеміде, сыйымдылығы да үлкен болғандықтан, оның бойында жиналатын зарядтар қоры да өте көп болады. Теріс заряды жеткілікті үлкен болғанда, жарық пайда болады, яғни найзағай. Бұл жағдайда электр энергиясы бұлттан бұлтқа немесе бұлттан жерге дейін ауысады.Ал Жердің өзі теріс зарядтардың ғажап қоймасы. Ал зарядтар жер бетінен шығыңқыраған биік жерлерде тығызырақ жиналады екен. Оның үстіне жаңбыр жауған кезде мұндай денелердің өткізгіштігі де арта түсіп, зарядтардың көтерілуіне толық жағдай туады. Енді өн бойы зарядқа толы «найзағай» бұлты келгенде, екі арада күшті электр өрісі туып электр ағыны-найзағай пайда болады. Осыдан «найзағай отының» биік жерлерге түсетіні белгілі.Зәулім ағаштардың, биік бағаналардың ұштарына жиналған зарядтар «сыймай» ұшқындап сыртқа шығып ,найзағайдың түсуіне жол салады, оның пайда болуына көмектеседі. Осындай зарядтардың таралуынан болатын «найзағай оты» Жер бетінде ең көп болатын жері Индонезия екен, бұнда бір жылдың 230 күні найзағайдың жарқылдауымен өтеді, сонда әрбір шаршы километр жерге жылына 4-5 найзағайтүседі екен. Біздің елде найзағайдың ең жиі болатын жері Кавказ аймағы.
Синтетикалық маталардың электрлі зарядтарды жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде электрлік зарядтардың жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретін вегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін. Адамдардың зақымдану дәрежесі адамның органдарының ағымына және жүрек арқылы тікелей өтетін көлеміне байланысты. Осылайша, «қолмен» жүріп өткен кезде 3,3% -ы жүрек арқылы жүреді, «сол жақ қолмен» 3,7%, «оң қолы - аяғы» 6,7%, «аяқтан- аяққа»-0,4%.
Достарыңызбен бөлісу: |