Нұржанқызы Құралай «Тана мырза орта мектебі» кмм



бет4/10
Дата24.12.2021
өлшемі1,94 Mb.
#128549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Электр Жоба

Зерттеу әдістері:

- Физикалық құбылысты зерттеу;

- Қоршаған ортаға әсерін анықтау

- Талдау, электр зарядының таралуының өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

- Физикалық тәжірибе

- Түйіндеме жасау



Гипотеза:

Күнделікті өмірде орын алатын үрдістердің көпшілігі физикалық құбылыстар мен заңдардың дәлелі болып табылады.

Менің ойымша, электр зарядының таралу құпиясын ашсаңыз, онда электр тогы бұрынғы кездегіге қарағанда қазіргі кезде көбірек қауіптіме деген ой түйіндеп, одан қорғану жолдарын білу.

Зерттеудің жаңалығы:

Біздің заманауи өмірімізде күшті электр өрісі жиі пайдаланылады, синтетикалық материалдардың қазіргі кезде көбірек пайдалануымыздың нәтижесінде күшті электр өрісі таралады, өйткені синтетикалық заттардың электр зарядтарын жинақтау қабілеті жоғары болғандықтан, олардан қорғану жағдайын білу.



Негізгі бөлім

Электрдің біздің өмірімізге тереңдеп еніп кеткендігі соншалықты, кейде «Осыншалықты көп істерімізді жеңілдетіп отырған қандай сиқыршы?» деп ойлап та көрмейді екенбіз. Неліктен киімге шаң –тозаң жабысады?



Тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

Денелердің бір –бірімен үйкелісінен туатын ғажап құбылыстардың бірін кәдімгі синтетикалық киімдерді шешкендеде байқауға болады. шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар .

Осы тектес құбылыстармен адам баласы ерте кезден бері таныс. Миллиондаған жылдар жер астында жатып сүрленген ағаштың шайыры-янтарь (жақұт) тасынан сәнділігімен көз тартатын неше түрлі моншақтар жасау тәсілі бұдан 2500 жылдай бұрын белгілі болған. Моншақ жасау үшін жақұтты шыр айналдырып өңдеу кезінде зергерлер оның айналадағы жеңіл –желпі ұcақ заттарды тартып алатынын байқап, оны өз оқушыларына көрсетіп, бірақ түсіндіре алмады. Әрине ол кезде бірде-бір оқымысты электр құбылысына тәжірибе жүргізіп оның табиғатын ашуды ойламады. Оның үстіне жер жүзіне христиан діні мен мұсылман діні кең тарады да ғылымның дамуына үлкен бөгет жасады.

Аңызға сүйенсек, б.з.д. 640—550 жылдары ежелгі грек ойшылы Фалес Милетскийдің қызы янтарь ұр­шықпен жүн иіреді екен. Бірде ұршықты суға түсіріп алады. Суға түскен ұршықтың ұшына жүн жабысып қалғанына назар аударған қыз оны су болғандықтан болар деп ойлайды. Суды құрғатып сүрткен сайын ұршыққа жабысқан жүн көбейе береді. Қыз әкесіне келіп, осы құбылыстың себебін сұрайды? Сонымен, не?Содан кейін ғана Фалес ұршық жасалған заттың себебін түсінді және сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқады. Келесі жолы ол әр түрлі янтарь гректердің атауы бойынша «күн тасы» өнімдерін сатып алып, олардың барлығын жүнмен сүртіп, магнит тәрізді жеңіл заттарды тартатыннын байқады.

Бірақ та электр құбылыстары жайындағы ғылымның тарихын ағылшын королевасы Елизаветаның дәрігері, Вильям Гильберттің зерттеулерінен бастауға болады. Гильберт электр және магнетизм жөніндегі бірінші шығармасын 1600 жылы жарыққа шығарды. Бұл шығармасында ол үйкеліс арқылы электрлеу жайында баяндаған және ғылым тарихында ең бірінші болып «электр» деген терминді пайдаланған.

Денелерді электрлендіруге байланысты көптеген құбылыстар XVII-ші және XVIII-ші ғасырларда табылды, бірақ олар электр өрісінің теориясы дамыған кезде және атом құрылымы анықталған кезде толық түсініктеме алды. Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне  басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет