Нұржанқызы Құралай «Тана мырза орта мектебі» кмм


Денелердің электрлену құбылысының пайдалы жақтары



бет7/10
Дата24.12.2021
өлшемі1,94 Mb.
#128549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Электр Жоба

Денелердің электрлену құбылысының пайдалы жақтары

Э лектрлену құбылысының заңдылықтары мен оларды пайдаланудың ережелерін зерттеп және оны дұрыс пайдалана білсе ол адамның сенімді көмекшісі бола алады. Техникада төмендегідей әдісті пайдаланады. Материалдың қатты және сұйық ұсақ бөлшектері электр өрісіне енісімен олардың бетіне электрондар мен иондар «қонып» , яғни бөлшектер зарядтала бастайды да әрі қарай электр өрісінің әсерінен таралып қозғала бастайды.

Айталық сырланатын детальдарды, мысалы автомобиль корпусын оң зарядпен зарядтайды да, ал бояу бөлшектерін теріс зарядтайды, сонда олар теріс зарядталған детальға қарай ұмтыла бастайды. Оның бетінде жұқа, тығыз және біркелкі бояу қабаты пайда болады. Электр өрісінен қашқан бөлшектер бұйымға қатты соғылатындықтан, бояу тығыз түседі. Қазіргі кезде біздің елімізде бұйымдарды осылайша электр өрісінде бояу әдісі кеңінен қолданылып келеді.

Электр өрісінде қандайда болсын бір материалдың бетіне түкті қабат жасау үшін, материалды жермен жалғастырып, оның бетін желімдейтін затпен сырлап,осы беттің үстіне орналасқан зарядталған тор арқылы тиісті мөлшерде түк өткізіледі. Түк талшықтары электр өрісінде тез бағытталып, біркелкі таралады да, желімге барып тігінен қонады.Осылайша замышқа немесе барқытқа ұқсас бұлдар шығарылады. Көп түсті кілемдерде осылай жасалады.

Е гер бір заттың ұсақ бөлшектері оң зарядпен, ал екіншісі теріс зарядпен зарядталған болса, онда бөлшектері бірқалыпты орналасқан олардың қоспасын шығарып алу оңай. Мысалы, нан заводтарында нанды илеу үшін үлкен механикалық жұмыс жасау қажет емес. Оң зарядталған ұнның ұлпасы ауа ағынымен камераға жіберіледі, камераның ішінде олар ашытқысы бар, теріс зарядталған су тамшыларымен кездеседі. Ұн ұлпасы мен су тамшылары бірін – бірі тартып бірігеді де, біртекті қамыр жасалады.

Осындай электрленуді пайдаға асырудың басқа да толып жатқан мысалдарын келтіруге болады. Бұл құбылысқа негізделген технология ыңғайлы: зарядталған бөлшектердің ағынын электр өрісін өзгерту арқылы басқаруға болады, барлық процестерді автоматтандыру жеңіл. Бұрынырақта трикотаждан емдік іш киімдерді өндіруде хлоринді штапельді талшықтар кеңінен қолданылған. Хлоринді ішкиім жоғары жылу сақтағыш қасиетке ие және де трибоэлектрлік әсері(материалдың денемен үйкелісі нәтижесінде электростатикалық зарядтың жиналуы) арқасында ревматизм, радикулитпен ауыратындарға жағымды әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет