Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Бір түнде Харам мешітінен айналасына құт дарыған Ақса мешітіне өз



Pdf көрінісі
бет49/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Бір түнде Харам мешітінен айналасына құт дарыған Ақса мешітіне өз 
құлын апарған Аллаһ кіршіксіз пәк. Бұл құдіретіміздің дәлелдерінің 
көрсетілуі үшін істелді. Шындығында, Аллаһ барлығын естиді, көреді»
(«Исра» сүресі, 1.) десе, тағы бір аятта 
«Батып бара жатқан жұлдызға серт. 
Жолдасың (Мұхаммед) адаспады да азбады. Ол өздігінен сөйлемейді. 
Айтатыны өзіне аян етілген уахи ғана. Оған мұны үйретуші өте ұлы. 
Қуатты періште Жәбірейіл өзінің кемел бейнесінде тура қарап тұрды. 
Биік кеңістікте. Одан соң ол жақындап, төмендей берді. Пайғамбармен 
аралығы садақтың иілген екі басындай жақын келді. Аллаһ уахи 
еткендерін пендесінің көкейіне Жәбірейіл арқылы салды. Көзімен 
көргендерін көңілі жоққа шығармады. Сендер көзбен көргендері жайлы 
онымен айтыспақсыңдар ма? Рас, ол Жәбірейілді екінші рет көрді. 
Сидратул-Мүнтаһаның жанында. Мәуа жаннаты оның жанында. 
Сидратул-Мүнтаһаны Аллаһтың нұры бөлеген кезде. Пайғамбардың 
көзі оңы не солына таймады. Немқұрайлы қарамады. Ол шынында 
Раббының ұлы белгілерін көрді»
(«Нәжм», 1-18) деп баяндалады.
Осы бір құтты оқиғадан кейін Аллаһ расулы көргендерін қаумалаған 
жұртқа жеткізді. Арам ниетті Мекке мүшріктері, әрине, бұған сенбеді. 
Олардың сенуі де мүмкін емес еді, өйткені бұл оқиғаға ғайыпқа иман 
келтірген мұсылмандар ғана сенеді. Себебі бұл ақылға салатын, дүниелік 
қағидаларға сай оқиға емес, сондықтан Аллаһқа, пайғамбарға сенетіндер ғана 
бұл оқиғаға сенеді. Имансыздар миғраж мұғжизасына иланбағандарымен 
қоймай, Аллаһ елшісін (с.а.с.) тексермек болып, Құдыс туралы бірнеше сұрақ 
қойып: «Егер Ақса мешітіне кіріп намаз оқыған болсаң, сол мешітті бейнелеп 
бер», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) онда намаз оқығанда мешіттің 
тіректерінің қанша екендігін, ішінің қандай екендігіне аса мән бермеген 
болатын, 
сондықтан 
Аллаһ 
тағала 
Ақса 
мешітінің 
бейнесін 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз алдына елестетіп, бейнелеп береді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұрақтарға айна-қатесіз жауап береді. Мүшріктер 
қарап қалмай, сол жаққа қарай кеткен керуендерді де сұрап, өтірігін 
шығармақ болып әлектенді. Бұған да жауап айтылып, керуенді көргендігін, 
тіпті керуендегі түйелердің саны, қашан келетіні, керуенді қай түйенің бастап 
келе жатқанын – бәрін тұп-тура баяндағанда бәрінің аузына құм құйылды. 
Кейбір мүшріктер бұл оқиғаға Әбу Бәкір сенбейді деп ойлап, Әбу Бәкірге 
хабар жібереді. Бұл жағдайды естіген ол: «Егер мұны пайғамбар айтса, 


міндетті түрде айтқаны рас, мен оған сенемін, тіпті ақылға сыймайтын басқа 
нәрселерді айтса да сенер едім», – деп жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет