ГУГО СЕН-ВИКТОРСКИЙ (шамамен 1096-1141 жылдар) Гуго Сен-Викторский - француз ойшылы, дінтанушысы, педагогы. Фландрияда текті тұқым отбасында дүниеге келген. Немістің Хальберштадт қаласының маңындағы Хаммерслебен ғибадатханасында білім алғаннан кейін «кемеңгерлікке құштарлық» жетегінде Батыс Еуропа философиялық-теологиялық білімінің орталығы болған Париж қаласына көшкен. Сен-Виктор аббаттығына қоныстанып, осындағы Гильом де Шампо негізін қалаған ірі философиялық мектептің ең даңқы жер жарған өкілі болып шығады. 1138 жылдан өмірінің соңына дейін осы мектепті басқарады.