Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет86/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   292

АҒАЙЫН-ТУЫС


Аманыңда елжіреп мақтайтын да ағайын,
Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын,
Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын.
Жаман атақ бойыңа тақпайтын да ағайын,
Ашыққанда рақым ғып сақтайтын да ағайын.
Сабыры қалмай сағынып жүретін де ағайын,
Есіне алып елжірей білетін де ағайын.
(Мәшһүр Жүсіп. http://www.kuttybolsyn.kz/)
Ш Е Ш Е Н Д І К С Ө З Д Е Р
АТАЛАР СӨЗІ
«Ақ сауыт» деген сол болар,
Атқанда оқ өтпесе.
«Ақберен» деген сол болар,
Тигені тұяқ серіппесе,
Алмауыт деген сол болар,
Артынан қуған жетпесе.
Ер жігіт деген сол болар,
Жасқанбай жауға беттесе.
Қайырымсыз жан сол болар,
Жетімнің бетін өппесе.
Қатыгез жан сол болар,
Жеткіншекке тек десе.
Қайырымды жан сол болар,
Керегеңді көктесе.
Ақ көңіл жан сол болар,
Айтар сөзін бүкпесе.
Жан жолдас деген сол болар,
Жалғыз тастап кетпесе.
Адал дос деген сол болар,
Абыройыңды төкпесе
Адал жар деген сол болар,
Білдірмей жоқты ептесе.
Туысқан деген сол болар,
Сетілгенді септесе.
Жан аяр жалқау сол болар,
Жан қинап еңбек етпесе.
Қас жаман қабақ түйеді,
Шаруасы бітпесе.
Бітпейтін сірә іс болмас,
Жұрт жұмылып көптесе.
Ерлердің ісі еленбес,
Халқы үшін терін төкпесе.
(Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том (VI ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең / Ред. алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б. Құраст. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы, Рауан, 1994. – 320 бет.49-50 - беттер)



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет