Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы



бет3/29
Дата05.02.2022
өлшемі415,4 Kb.
#16328
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.
«Өндіргіш күштерді орналастыру проблемалары» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:
Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.
Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.
Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.
Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.
Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.
Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.
Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.
Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.
Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.
Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.
Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.
СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар
Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.
Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:

  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

  • дәріс конспектісіне ие болу;

  • курс бағдарламасына ие болу;

  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен сете сақтауға дейін жалғасуы керек,

  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет