Нұсқаулар және бағалау критерийлері: рос қр женилонеркасип дамуы гылыми жоба кириспе дайндау презентация туринде



бет17/18
Дата28.06.2022
өлшемі47,21 Kb.
#147175
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
семинар каз тарих (1)

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz
2.Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. http://www.akorda.kz
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. http://www.akorda.kz
4. Назарбаев Н.А. Тәуелсіздік дәуірі. – - Алматы: ҚазАқпарат, 2017.


15 семинар. 15-апта. 2 сағат. 15 б.
Тақырып: Астана – Қазақстанның жаңаруы және оның көпұлтты халқының жасампаздығының нышаны.
1. Астана-тәуелсіздік пен жаңа бастамалардың нышаны.
2. Астана – инновация мен әлемдік ынтымақтастықтың орталығы.
3. Астананың мәдени және рухани дамуы.
Сабақтың мақсаты: Астананың республика және әлемдік деңгейдегі мәдени және саяси маңызын көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағының бірінші сұраққа дайындық барысында қала тарихына көңіл бөліңіз: қала қашан пайда болды, бұл өңірде қандай тарихи ескерткіштер болды, қаланың даму кезеңдері қандай. Астананы Алматыдан не себепті көшірілгеніне және Астананың сәулет ескерткіштерінің мағыналық мәніне назар аударыңыз.Екінші сұраққа дайындық кезінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамаларымен танысып оларды талдаңыз: Еуразиялық одақ құру идеясы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, кедендік одақ т.б. Басты назарды Астанада қандай маңызды халықаралық кездесулер мен конференциялардың өткеніне, ЭКСПО-2017 кезінде қандай халықаралық мәселелерді реттеу үшін келіссөздер алаңы жасалды. Әсіресе мұндай іс-шараларды өткізу халықаралық қауымдастықта Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін қаншалықты әсер еткеніне баға беріңіз. Үшінші сұрақта Астананың тек саяси-әкімшілік орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық екенін,өнер, мәдениет және білім саласында қандай жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсету қажет. Назар аударатын маңызды мәселе – мәдение мұраны сақтауға, рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған бағдарламалардың республикадағы мәдени құрылыс үшін қандай серпін бергенін көрсету. Презентациялар дайындалады, миниконференция түрінде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет