Нұсқаулар және бағалау критерийлері: рос қр женилонеркасип дамуы гылыми жоба кириспе дайндау презентация туринде



бет16/18
Дата28.06.2022
өлшемі47,21 Kb.
#147175
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
семинар каз тарих (1)

14 семинар. 14 апта. 2 сағат. 15 б.
Тақырып: Мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесіне Тұңғыш Президенттің қосқан үлесі.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы" тақырыбы бойынша төмендегі тақырыпшалардың біріне презентация дайындау.
1. Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену мақсатына бағытталған Елбасының "Тәуелсіздік белестері" атты еңбегі
2. Жаңа Қазақстан – ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.
3. Терроризм, аймақтық қауіпсіздік және олармен күресі жөнінде "Сындарлы он жыл" атты еңбегінде.
4. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
Сабақтың мақсаты: Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың көтерген Мәңгілік Ел идеясына жетудегі тарихи баспалдақтар мен халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы атқарылған іс-шараларды, еңбектерді талдап көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер "Мәңгілік ел" идеясына жету жолындағы баспалдақтар мен кезеңдерін, даму сатыларын, 30 дамыған елдің қатарына кіру жоспарларын айқындап, "Тәуелсіздік белестері" еңбегін талқылаулары қажет. Сонымен бірге студенттер бұл «Мәңгілік ел» идеясы елдің өткеніне ғана қатысты емес, болашағына қызмет ететін идея екендігін, ежелгі заманнан ата-бабаларымыз аңсаған Мәңгілік Ел шын мәнісінде бұл бүгінгі біздің түсінігіміздегі мемлекет екендігін барынша кеңінен көрсету керек. Біздің қоғамда халықты бір мақсат жолына біріктіретін, алға ұмтылуына күш беретін өміршең идея қажет болып жүрген еді. Міне, осы өзекті мәселелерді семинар сабағында жан-жақты әрі тереңінен қарастырып, талқылау, белгілі бір ой-толғамдар, тұжырымдар жасау қажет. Презентациялар дайындалады, сабақ миниконференция түрінде өтеді.
Баға қою критерийі
- оқу жоспары мен пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкестігі – 20 балл
- үй тапсырмасын уақтылы орындау – 20 балл
- мемлекеттік бағдарламалар, мемлекет деңгейінде жүзеге асырылатын тарихи іс-шаралармен байланыс – 20 балл
- өзіндік ой-пікір және қорытындының болуы – 30 балл
- семинардың кәсіби бағдары, семинар тақырыбының студенттің болашақ мамандығымен байланысы – 10 балл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет