Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет4/20
Дата08.06.2018
өлшемі7,36 Mb.
#41497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
негізгі түйіндер.Білдек түйіндері орнатылған станина ,іргетасы бекітілген және діріл тірегі орнатылған,алдыңғы және артқы тіреуде орналастырылған.

Құралкүймешік жылжымасы тұғырдың бағыттауышы арқылы орын ауыстырады, артқы тұғыр.

Алдыңғы (айналмалы) тұғыр жылдамдық қорабымен тұғырдың сол жақ соңында бекітіледі және дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді, сонымен катар түрлі айналым сандарымен айналмалы қозғалыс береді.

Айналдырық – кинематика қатардағы жылдамдық қорабының соңғы білігі. Центрі орнатылатын (центр жұмыс істеу үшін) конустық тесік бар және өнделетін дайындаманы бекіту үшін жұдырықты және жетектемелі қысқы құрайтын сыртқы бет бұрандасы болады.

Айналдырықты қуыс болып өндіреді, өнделетін шыбық ты орналастыру үшін,еріліс қорабын тұғырдың беткі жағында бекітеді. Ол керекті беріліс шамасын және бұранданың кесу қадамын қолдануды қамтамасыз етеді.

Беріліс бұрандасына хабарлауды құралкүймешік қызмет атқарады. Бойлай жылжыма немесе бұнақ деп аталатын құралкүймешіктың төменгі бөлігі, бойлай беріліс кезінде станинаның бағыттауышы арқылы қозғалады. Оның үстінде көлденіңен қозғалыс кезінде дайындаманың айналу өсіне перпендикуляр орын ауыстыратын көлденең жылжыма орналасқан. Көлденең жылжыманың үстінде кескіш бекіткіш пен сыртқы бұрылыс құралкүймешік орналасқан.

Алжапқыш құралкүймешіктың бұнағына бекітіледі. Оның ішінде механизм орналастырылған, оның көмегімен айналу қозғалысы, айналдырықтан жүріс білікшісіне немесе жүріс бұрамасына беріледі, құралкүймешіктың ілгерлімелі түзусызықты (бойлық немесе көлденіңен) қозғалысқа айналады. Оның ішінде көлденіңен немесе бойлық берілісті, бұранданы кесу үшін қозғалыс, сонымен қатар құралкүймешіктың тездетілген орын ауыстыруын қосу үшін арналған қондырғы.

Артқы тұғыр центрдегі жұмыс кезінде өнделетін дайындаманы ұстау үшін қызмет етеді, сонымен қатар тесіктерді өндеген кезде оның ішінде бұрғыларды, ұңғыларды және т.б. құрал-жабдықтарды бекітуге болады.Ол үшін артқы тұғырдың сүйеу төлкесінде конустық тесік бар. Артқы тұғыр іліну механизмінің көмегімен құралкүймешікпен қосыла алады және механикалық берілісті жүзеге асыра алады.


Жону-бұрамакескіш білдегінің басқару органы
Жону-бұрамакескіш білдегінің басқару органы 3 суретте көрсетілген.


Тұтқа: 1-айналдырықтың айналма сандарының қатарын орнату,2-айналдырықтың айналма санын орнату;3-бұранданың қалыпты жоғарланған қадамын және көпкірмелі бұранданы орнын бөлу кезінде орнату;4- оң және сол бұранданы орнату; 5-бұранданың қадамын және беріліс шамасын орнату;6- жұмыс түрін орнату;7-жіберу қорабының механизмінің өшірілуі және бұрандаманың қадамын және беріліс шамасын орнату;8- негізгі жетектің фрикционды муфтасын басқару(16 тұтқамен блокталған);11-төрткілдешті тістідөңгелекті қосу және өшіру;14-берілісті қосу;15-жүрістік бұраманың сомын қосу және өшіру; 16-негізгі жетектің фрикционды муфтасын басқару(8 тұтқамен блокталған); 16-станинаға артқы тұғырдың бекітілуі;19-артқы тұғырдың сүйеутөлкесін қармау; 20-суппорттың көлденең жылжымасын және күймешенің механикалық анықтауыштарын басқару; 22-суппорттың бұрандалы жылжымаларының қолды орын ауыстыруы; 23- индексті бұрандалы бастиектің бұрылуы және бекітілуі; 25- суппорттың көлденең жылжымасының қолды орын ауыстыруы; 9-суппорттың көлденең жылжымасының және бағыттауыш күймешенің май жағу золотнигі; 12-электрқозғауыштардың негізгі жетекті өшіру немесе қосу; 21-суппорттың көлденең жылжымасының немесе күймешенің тездетілген жүрісінің электрқозғаушы жетегін қосу;тегершік:10-күймешенің қолды орын ауыстыруы; 17-артқы тұғыр сүйеутөлкесінің орын ауыстыруы; 26-суытылған сұйықтықтың берілісінң реттелетін шүмегі; 13-станинада күймшенің бекітілу бұрандамасы; 24-жергілікті жарықтандыру; 27-білдек жүктемесінің сілтемесі; 28-суытылған сұйықтықтың беріліс электрсорғының; 29-белгі лампасы; 30-автоматты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет