ҰОҚ-і және тәрбиесін ұйымдастырудың циклограммасы. Мектепалды даярлық Тәрбиеші: Н. Ақтай



бет2/21
Дата09.10.2024
өлшемі480,83 Kb.
#205947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Қыркүйек-Қазан1 апта

ҰІӘ

9:00-9:25
9:35-10:10
10:35-11:10
11:10-11:35

30.09.2024. Дүйсенбі

1.10.2024. Сейсенбі

2.10.2024. Сәрсенбі

3.10.2024. Бейсенбі

4.10.2024. Жұма

Математика негіздері
Сөйлеуді дамыту
Қазақ тілі
Дене шынықтыру

Сауат ашу негіздері
Музыка__Математика_негіздері_Көркем_әдебиет'>Қоршаған ортамен танысу
Шығармашылық , бейнелеу әрекеті
Музыка

Математика негіздері
Көркем әдебиет
Сауат ашу негіздері
Дене шынықтыру

Математика негіздері
Сөйлеуді дамыту
Қазақ тілі
Музыка

Сауат ашу негіздері
Көркем әдебиет
Қоршаған ортамен танысу
Дене шынықтыру

Ұйымдастырылған іс-әрекеттер

1-ші ұйымдастырылған іс - әрекеті

Кестеге сәйкесұйымдастырылған іс-әрекет

1.Математика негіздері– танымдық,ойын әрекеттері
Тақырыбы: 10-ға дейінгі реттік санау
ҰІӘ міндеттері:10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.
Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.
Күтілетін нəтижелер:
Біледі:-10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.
Түсінеді: заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.
Қолданады:заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды.
Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту;
-есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану.
«Шаттық шеңбер»құру
«Кел санайық бәріміз»
1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура кері сану.
«Осыншама санды көрсет»
Ойын үшін қималы материал - цифрлар, заттардың əртүрлі сандары бейнеленген карточкалар қолданылады. Балаларға цифрлар бейнеленген карточкаларды көрсетеді, ал балалар өздеріндегі осындай заттардың саны бейнеленген карточкаларды тауып, санды атап, өз таңдауын түсіндіреді. 1- тапсырманың суретіне қарауды ұсынады. Жарысқа қанша бала қатысқан?–деп сұрайды.
Əрі қарай жиынтық полотнода карточкаларды 1-ден 10-ға дейін қатар қойып шығуды ұсынады. Хормен тура жəне кері тəртіппен санайды. Сандарды сəйкестендіру бойынша ойындар ұйымдастырады.«Көрші сандар» ойыны əртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін: 1-нұсқа: Бала көршілерін атайды, ал балалар санның өзін көрсетеді.
2-нұсқа: Бала санды атайды, ал балалар көршілерін көрсетеді.

1. Сауат ашу негіздері- коммуникативтік әрекет
Тақырыбы: Қатаң дауыссыз дыбыстар
ҰІӘ міндеттері: Қатаң дауыссыз дыбыстар туралы білімді меңгерту. Қатаң дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату.Суреттер бойынша заттардың атын ататып, сол сөздердегі қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын дыбыстарды ажыратып айтуға дағдыландыру. Бастаған істі тиянақты аяқтай білуге тəрбиелеу.
Күтілетін нəтиже:
Жасайды: қатаң дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді айтады.
Түсінеді: қатаң дауыссыздарда мүлде үн болмайтынын түсінеді.
Қолданады: қатаң дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту;есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану.
Шаттық шеңбері.
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік. «Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.
Дыбыстар деп нені айтамыз?
Дауысты дыбыстар деген қандай дыбыстар?
Дауысты дыбыстарды қалай белгілейміз?
Дауыссыз дыбыстар деген қандай дыбыстар?
Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? Артикуляциялық жаттығу жасау.
«Тиісті түсті көрсет» дидактикалық ойыны.
Педагог дыбыстарды айтады: п, а, к, қ, о, т, с, ə, ф, і, ш, щ, һ, ц. Балалар дауысты дыбысқа қызыл, дауыссыз дыбыстарға көк фишканы көтереді.
«Кім көп сөз ойлайды» дидактикалық ойыны – К дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар.
Кітап, кілем, кім, кілт, киіз

.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет