2.Сөйлеуді дамыту- танымдық,
коммуникативтік әрекет
Тақырыбы:Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)
ҰІӘ міндеттері: Ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету.
Балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту. «Г» – «К» дыбыстарымен таныстыру;
Баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды :"г" "к" дыбыстарына сөз ойлап айтады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орынына қояды;
Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді;
Қолданады: өз ойларыннан ертегіге тақырып қояды.
Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту,
есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану.Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешу.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
Алуан түсті, аңқыған исті,
Қырларда олар, жаңбырмен өсті. (Гүл)Дұрыс айтасыңдар Балалар, «күн» сөзі қандай дыбыстан басталады?Бәріміз бірге «күн» деп айтайықшы.«Гүл» сөзі қандай дыбыстан басталады?(г) «Г» мен «К» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дем жоғары көтеріліп, тіл мен таңдайдың арасынан шыққанда «К» дыбысы жасалады. Дауыс шымылдығының
дірілінен «Г» дыбысы естіледі. Бұл екі дыбыс та – дауыссыз дыбыстар.
Ертегіні мәнерлеп балаларға оқып беру.Дидактикалық ойын:
«Белгілі дыбысқа сөз таңда». Ойын шарты: Ертегідегі кейіпкерлердің бас әрпіне сөз ойлап айтады. Мысалы:«Әже» сөзіндегі «Ә» дыбысына;«Қыз» дегендегі «Қ» дыбысына;
|
2.Көркем әдебиет- коммуникативтік,танымдық әрекет
Тақырыбы: Шаруа мен аю
(орыс халық ертегісі)
ҰІӘ міндеттері: Ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтау, қисынды мазмұнының жүйесін сақтай отырып айтып беруге үйрету. Ертегіні әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдану, еңбек дағдыларын дамыту. Ертегі арқылы балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, ертегінің ерекшеліктеріне көңіл бөледі;
Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді;
Қолданады: мазмұнының жүйесін сақтай отырып, ертегіні айтып бере алады. Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту,есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану.балаларға жұмбақ жасырады:
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. Ол не? (Аю)
Балалар, бүгін «Шаруа мен аю» орыс халық ертегісімен танысамыз. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі екенін түсіндіру.
Балаларға ертегіні толық оқып, мазмұнын түсіндіру.
Қызылша жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады.
Ал бидайдың дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан нан түрлері дайындалады. Сөздік жұмыс: Шаруа – жерді баптап, күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.
Соқа – жер қазатын құрал.
Орман маңы – орманға жақын жер. Сұрақ-жауап
Ертегі қалай аталады? Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
Шаруаға не келді? Аю шаруаны қалай қорқытты? Олар неге келісті?
Шаруа не екті? Аюға қай жағын берді? Келесі жылы шаруа не екті?
Аю нені білмеді?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |