ҰОҚ-і және тәрбиесін ұйымдастырудың циклограммасы. Мектепалды даярлық Тәрбиеші: Н. Ақтай



бет14/21
Дата09.10.2024
өлшемі480,83 Kb.
#205947
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Қыркүйек-Қазан1 апта

Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп, ән орындайды.
Түсінеді: музыка сипатына сәйкес қимылдарды өзгерту.
Қолданады: музыкалық аспаптарда жеке және бүкіл топпен ойнайды.Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
Негізгі кезең .Музыкалық-ырғақтық қимылдар:«Марш» (Е. Андосов).Марш екпінімен тізені көтере адымдай басуды, бірге қимылдауды үйрету.
Музыка тыңдау: «Қазан» (П. Чайковский).Балаларға музыканы тыңдатып, күздің қандай құбылыстарын елестете алғанын сұрау.Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.Ән айту: «Күзгі әуен» (АДосмағанбет).
Үйренген «Балдырғандар әні» әнін (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш»,«Билеп үйренейік»жинағынан). Би қимылдарын үйренуді жалғастыру, еске сақтауға үйрету.
Ойындар, хороводтар: Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева).

4. Дене шынықтыру - ойын әрекеті, қимыл белсенділігі
Тақырыбы:Тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру
ҰІӘ мақсаты :Қолдарын екі жаққа созып, басына қапшық қойып, бөрененің үстімен тепе-теңдік сақтап жүріп өту біліктілігін қалыптастыруды жалғастыру.
Баяу жылдамдықта қол мен аяқтың қимылын үйлестіре отырып жүгіруге жаттығу.Күштілікті, ептілікті, төзімділікті дамыту. Спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтына, өз денсаулығын бағалай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже:Жасайды: тыныс алу гимнастикасы, 4 метр артпен жүру.Түсінеді: таза ауа ағзаны күшейтеді, алаңда қимыл жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі, баяу жүгіргенде аяқ басына басып, қысқа қадамдар жасау керектігін.Қолданады: баяу жүгіру дағдыларын, түрлі тәсілмен жүргенде қолдарының соған сәйкес қимыл амплитудасын қолдануды, кеңістікті бағдарлау қабілетін.
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану. Негізгі кезең. Бір-бірден тізбек құрып жай жүру, жартылай отырып жүру, отырып жүру.4 метр артпен жүру. Әр жүріс түріне сәйкес қолдарының қозғалыс амплитудасын қолданады.Баяу жүгіру (2 минут) – қолдарын кеуде тұсына жоғары-алға, ішке қарай бағыттайды, сосын шынтағымен артқа қарай қозғалтады.Баяу жүгіргенде қол мен аяқтың қимыл-қозғалыстарын үйлестіруге, аяқтарын ұшымен басып, қадамдарын қысқа етуге тырысады. Арқан үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Бөренеден аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қармақ». (3 рет).
Балалар шеңбер бойына тұрады. Педагог ортада. Ол қолындағы баудың (қармақтың) бір ұшынан ұстайды. Баудың екінші ұшына құм салынған дорба байланған. Педагог жіпті жер бауырлата айналдыра бастайды. Балалар орнында тұрып жоғары секіріп қалып, құтылуға тырысады. Жоғары секіргенде екпінмен итеріліп, аяқтарын жинап алады. Кімнің аяғы ілінсе, сол ойыншы «қармаққа түсті».

4. Музыка- шығармашылық әрекет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет