ОқА ректоры з.ғ. д., профессор



бет12/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

Педагогикалық акмеология

Ал ғалым В.Н.Максимова педагогтың акмеологиялық деңгейге жетуі мұғалімнің инновациялық жұмыстарға әзір болуын білдіреді, кәсіби құзырлылық, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық бағыттылық сияқты сапаларының болуын талап етеді деген пікір білдіреді. Бұл сапалар ұстаздың жаңа білімдерге, жаңалықтарға ашықтығы, ғылымды игеруі, оқушының дамуының ерекшеліктерін білуі оған жағдай жасауы арқылы нәтижелі болатындығын атап өтеді.


Акмеологиялық деңгейге жеткен мұғалім өзінің кәсіби әрекетін талдай алады, өзінің «дамуының жақын аймағын» анықтай алады, соған байланысты даму болашағының құралдары мен жолдарын белгілей алады. Сонымен қатар тұлғалық деңгейінің жоғарылаған сәтінде мұғалімнің коммуникативті құзырлылығы, ісіне деген жауапкершілігі артып, әрқырлылығы, табандылығы, батылдығы байқалады. Бұл деңгей мұғалімнің өзін-өзі биіктерге бастай алатын жаңа сапалық деңгейі ретінде қарастырылады.
Мұғалімнің акмеологиялық позициясы оның «жақын даму аймағына» бағытталған жаңашылдық әрекетте қалыптасады. Акме позицияда мұғалім ұстанған бағытында нық тұруымен, оның бойында толқу, сенімсіздік сезімдері болмайды. Шығармашылық әрекет барысында орын алуы мүмкін болатын сәтсіздіктерге де дайын болумен сипатталады.
Мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде акме жағдайға: шеберлік, кәсібилік және құзырлылық сияқты сатылардан өтуі қажет.
Педагогикалық шеберлік - сан-салалы кәсіби әрекетті жүзеге асыруды нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген сүйіспеншілік, олардың ішкі дүниесін түсіну, жобалай алу сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді. Яғни педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Мысалы: А.С.Макаренко «Тәрбиешінің шеберлігі»- айрықша талантты қажет ететін ерекше өнер, ол дәрігер немесе музыкантты шеберлікке үйреткендей үйрететін мамандық деген.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ- кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты.
А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
1. Объективті критерийлер - мұғалім өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екндігі. Яғни әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеш алу біліктері және т.б. жатады.
2. Субъективті критерийлер - кәсіби педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
3. Нәтижелі критерийлер – мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.
4. Шығармашылық критерийлер – мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Мұғалімнің акме жағдайына жетудегі тағы бір басқыш – оның кәсіби қызығушылық деңгейі. Белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлықты білім, білік, дағдысының өзара байланысын қарастыра отырып, төмендегідей формула ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің орамдығы+ойлаудың сынаулығы. Қазіргі уақытта 2 типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады.
1. Жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын, еңбекке деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар акме жағдайға жақын тұрғандар.
2. Оқытумен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс көзқарасы қалыптасқан, оқушылар мен олардың ата-аналарына әсер ете алмайтын, психологиялық білімі төмен, өзін-өзі дамытуға қызығушылығы төмендер.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман деп, мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен даралығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқатпен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін маман. Дегенмен іздемпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырлана алуына толығымен мүмкіндігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет