ОқА ректоры з.ғ. д., профессор


Қабілеттіліктің даму тарихы



бет14/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

Қабілеттіліктің даму тарихы
Педагогика тарихында көптеген ғасырлар бойы педагогикалық таланты бар педагогтар ғана адамдарды дайындайды деген көзқараста болды. Оқытушының еңбек етуде жетістікке жетуінің негізгі шарттарының арнайы қабілеттері болып табылады. Педагог тәрбиешілерді дайындаудың негізгі міндеті терең әрі берік бекіген табиғи нышандарының дамуына негізделеді.
Ал психологияда басқа көзқарасты ұстанады. Алайда бұл мәселені анықтау үшін оның тарихымен танысып алуымыз қажет. Қабілеттілік ұғымын алғаш ғылымға Платон енгізді. Ол адам өмірге келгенде қабілеттерді иеленіп келеді және оны өзгерте алмайды деді. Платонның пікірі бойынша, біреулер басқаруға қабілетті, ал кейбіреулер қара жұмысқа қабілетті және тек өздеріне сәйкес мамандықтарымен айналысқанда ғана жетістікке жете алады.
Психикалық құбылыстар секілді қабілеттік мәселесі испан дәрігері Хуан Дуарте зерттеген. Оның концепциясы «Туа бітті қабілет». Дуарте адам қабілеттері шектеулі, іс -әрекеттің тек бір ғана түрін меңгеруі мүмкін деп санады. Ортағасырлық материалистер қабілетті басқаша қарастырды. Ф.Бекон адамның негізгі ақыл ой ерекшеліктеріне сәйкес, есі жақсы дамыса–тарихқа, қиялы жүйрік болса –поэзияға, ақылды болса –философияға сәйкес келеді деп ғылымды үшке бөлді. К.Гельвеций адамның барлық психикалық қызметтері оның тәрбиелілігінің нәтижесі деп есептеді. Ол өзінің «О человеке, его умственнных способностях и его воспитании» атты кітабында ықпал етеді.
Осылайша, қабілеттерді қалыптастыруға ықпал ететін факторлар бар:
1. Алғашқы фактор ол-нышандар. Дидро адамдар бірдей болып туылмайды деп дұрыс айтады. Адамдардың генетикалық негізделген белгілеріне көзінің, шашына, терінің түсі, денесінің көлемі, жүйке жүйесінің кейбір ерекшеліктеріне жетеді. Бұл белгілердің барлығы ұрпақтан берілуі мүмкін, бірақ олар тұқым қуалайды.
2. Фактор-отандық психологтар негізгі деп есептейтін – тәрбие. Егер дер кезінде басталса, ғажайып дүние тудыруы мүмкін. Мысалы:20 жылдары француз экспедициясы Бразилиядағы амазонка өзінің жағалауынан тас ғасыры деңгейінде өмір сүріп жатқан тайпаны тапты. Олар жер жыртып, егін егу, мал бағуды білмейтін. Күн көріс көзі-ара балы болды. Экспедиция өздерімен бірге небәрі бірнеше айлық қыз баланы Парижге алып қайтты және оны жақсы отбасы асырап алды, ол жақсылап тәрбиеленді. Гимназияны да, университетті үздік бітірді. Қазір Мари Ивон ғылым докторы, профессор. Мақсатқа бағытталған тәрбие арқылы, жабайы тайпадан шыққан қыздан мәдениетті адамды, ғалымды тәрбиелеп шығарды.
3. Фактор – адамның өмір сүретін ортасы. Ол табиғи (географиялық), әлеуметтік және тұрмыстық болып бөлінеді. Табиғи орта адамға әдеттен тыс ықпал етеді. Табиғи климаттық жағдайлар адамды шынықтырады, жастайынан қиындықпен күресуді үйрете отырып, ерік жігерін шынықтырады. Керісінше жақсы жағдай және өмір сүру жағдайының тым нашар болуы адамның өркендей процесін әлсіретеді.
Ортаның негізгі түрі – әлеуметтік орта. Кеңес үкіметі жылдарында әрбір баланың білім алуға жолы ашық болды. Орта мектепті бітіріп, кез келген ЖОО-на түсуіне мүмкіндігі зор болды. Әрбір азаматтың қабілетін дамытуға жағдай жасалды. Өз ісін сүйіп орындайтын педагогтар оқыту, тәрбиелеу нәтижесінде, жағдай жасалса, небір керемет дүниелерді табуы мүмкін. Егер мұндай шарттар болмаса, бұл қабілеттер қалыптаспайды.
4. Фактор-адамның өзін жетілдіруге ұмтылуы. Өз өзін жетілдіруге ұмтылу тәрбие кемшіліктерін, жағымсыз орта, сәтсіз өмір жағдайларын жеңуі мүмкін. Ломоносов балықшының баласы, Мольер сылақшының, М.Горький нашар жағдайда өмір сүріп, ұлы жазушы болғаны белгілі. Зерттеулер көрсеткеніндей, педагог қабілетін дамытуда оның іс әрекетті негізгі роль атқарады. Қабілеттерді дамыту әрбір оқытушы меңгеруі тиіс педагогикалық іскерліктер мен дағдылармен тікелей байланысты.
Негізгі педагогикалық қабілеттер қатарына экспрессивті, авториторлық, дидактикалық, перцептивті, ғылыми-педагогикалық, коммуникативті, тұлғалық, ұйымдастырушылық, конструктивтік, можорлық, танымдық, психомоторлық және т.б. жатады.
Педагог іс-әрекетінің мазмұнына мынадай бірнеше қызметтерді орындау кіреді: оқыту, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық және ғылыми-зерттеушілік. Бұл қызметтер бір – бірімен тығыз байланысты. Дегенмен көптеген оқытушыларды тек біреуі ғана басқаларынан басым түсіп отырады.
Ғылыми-зерттеушілік жұмыс оқытушының білім деңгейінің ғылымилығын көтереді, оның шығармашылық потенциалын дамытады.
Педагогикалық мақсаттар негізгі идеялар мен қорытындыларды қалыптастыруға, материалды жүйелеуге және жалпылауға негіз болады.
Барлық жоғарғы мектеп оқытушыларын шартты түрде топқа бөлуге болады:
1. Педагогикалық бағытталғандар (шамамен жалпы санның бестен екі бөлігі);
2. Ғылыми-зерттеу жұмысна (шамамен бестен бір бөлігі);
3. Педагогикалық және ғылыми-зерттеулік жұмысқа бағытталғандар (үштен бірден сәл жоғары).
А.К.Маркова бойынша, маңызды кәсіби сапаларға мыналар жатады: педагогикалық эрудиция (білгерлік), педагогикалық ойлау (практикалық және диагностикалық), педагогикалық интуиция, педагогикалық оптимизм, педагогикалық бақылағыштық, педагогикалық импровизация, педагогикалық болжағыштығы және педагогикалық рефлексия (сананың өзіне назар аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет