Акмелогияның бағыттары: Қазіргі кезде жалпы акмеологиядан басқа, оның басқарушы, педагогикалық, әскери, спорттық және т.б. буындары пайда болды.
Акмеологияның жалпы негіздері: 1. Кәсіби акмеология, ол келесі буындарға бөлінеді:
– педагогикалық акмеология;
– әскери акмеология;
– әлеуметтік акмеология;
– мектеп акмеологиясы;
– медициналық акмеология.
2. Басқару акмеологиясы.
3. Креативті акмеология.
4. Синергетикалық акмеология.
5. Білім беру акмеологиясы.
6. Түзету акмеологиясы.
7. Этнологиялық акмеология.
Аталған бағытты құрушылардың түсіндіруінде, адамның кемелденуінің шыңы – бұл ересек адамның өмірінің біршама кезеңін қамтитын және оның физикалық индивид, азамат, тұлға, іс-әрекеттің белгілі саласындағы маман ретінде қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын көрсететін көпшамалы күйі. Әрине, аталған күй өзгермелі. Адамның индивид, тұлға, шығармашылық іс-әрекет субъектісі ретінде акме деңгейіне шығу уақыты көп жағдайда сәйкескелмейді, себебі осы сипаттамалардағы өзгерістердің алуан түрлі жылдамдығы байқалады.
Акмеология ғылым ретінде дамудың толыққандылығын, кеңдігін, тиімділігін, басталу уақытын негіздейтін факторларды зерттейді және анықтайды. Ол макро-, мезо- және микросоциумдардың әсерінің механизмдері мен нәтижелерін (мемлекет, еңбек ұжымы, отбасы және т.б.), адамның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін белгілі тактикалар мен стратегияларды құрастыра отырып, табиғи ортаның және адамның өзіндік даму үдерісінің механизмдері мен нәтижелерін зерттейді.
Қазіргі кезде акмеологиялық білімнің дамуының гетерохрондығына байланысты, адамның еңбек субъектісі ретінде дамуы, тұлғаның кәсібилігін және іс-әрекетін дамытудың жалпы және жеке заңдылықтары мен феномендерін зерттеу аса өзекті болып саналады, сондықтан аталған кезеңде акмеология ең алдымен кәсібилік туралы ғылым ретінде алынады. Акмеологияның объектілі және пәндік өрістерін кеңейту, ой-пікірлерге сәйкес келетін мазмұнға ие болуға мүмкіндік береді. Мұны түсінуге акмеология көмек береді.
Акмеология – бұл адамның шыңдағы жетістіктері туралы ғылым. Акмеология келесі сұрақтарға жауап беруге тырысады: адамның өзін қалай белсендіруге болады? Өмірде жетістікке қалай жетуге болады? Акмеге – өз мүмкіндіктерінің шыңына – қалай жетуге болады? Өмірдің мәні неде? Адамның басты қызметі қандай? Жеке шындық қайда және өз жолын қалай табуға болады? Әрине, бұл ғылым адамның кемелдену кезеңіндегі жетістіктерін зерттеп қоймайды, сонымен бірге сол жетістіктерге жетелейтін факторларды зерттейді. Ол адамның рухани, интеллектуалды және дене мүмкіндіктерін барынша дамытуды қандай жағдайда жүзеге асыра алатынын анықтайды. Оны зерттеу адам өмірінің мәнін түсінуге көмек береді. Акмеология адамның психофизикалық даму және жас кезеңіндегі динамикасын зерттейді.
Адамның бірінші өмірлік сатысы – балалық шақ. Бұл кезеңде сәби қоршаған әлемді таниды, алғашқы әлеуметтік тәжірибені игереді.