Жасөспірімдік кезең. Бұл кезеңде тұлғаның қалыптасуы жүреді. Жасөспірімдік кезеңде рефлексиялау – өзін-өзі тану қабілеті пайда болады. Жасөспірімдер үйрену және дербестік қабілеттері сияқты маңызды сапаларды меңгереді.
Жастық шақ.Рухани және дене күштерінің өркендеу уақыты. Өз жолын, өз тағдырын іздеу кезеңі. Кәсіби біліктер, дағдылар меңгеріледі, шығармашылық әлеуеті ашылады.
Ересектік өмір.Бұл адамның еңбек ететін, шығармашылықпен шұғылданатын, ойланатын тиімді уақыты. Бұл маңызды жетістіктер, аса маңызды жаңалықтар мен тапқырлық уақыты.