ОқА ректоры з.ғ. д., профессор



бет13/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)
РК2
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 6, 7,8,9,12,17,25


4-дәріс тақырыбы. Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясы



  1. Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясының пәні мен міндеттері

  2. Қабілеттілік мәселесінің даму тарихы.



Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясының пәні мен міндеттері
Бұл курста педагогтың педагогикалық қабілеттері және оны жетілдіру жолдары, сабақ беру оқытудың қазіргі әдістемесі, беделді меңгеру жолдары және оның өз педагогикалық әрекетін талдай алу ептілігі, педагогикалық такт, оптимизм және мұғалімнің әзілді орынды қолдана білуі, ұйымдастырушылық қабілеттері қарастырылады.
Акмеология ғылымының әуел бастағы практикалық тұрғыдағы шешетін мәселесі-кәсіби шығармашылықтың шыңына шығуға әзір шеберлерді тәрбиелеу болған. Жасаған істері мен бастамаларында нәтижеге жетуге деген ұмтылыс әр адамда болады. Бабалардан қалған «шығар тауың биік болсын» деген баталы сөзде де осы мән-мағына жатыр. Адамтану саласының педагогика ғылымы мен практикасы үшін аса маңызды басымдылықтары мен стратегиялық бағыттары да осы акмеология болып табылады. Акмеологияның ғылым ретіндегі дамуына белгілі ғалымдар К.А.Абульханова, О.С.Анисимов, С.А.Анисимов, А.А.Бодалев, А.К.Маркова, И.Н.Семенов, А.П.Ситников, Ю.С.Степанов, В.Д.Шадриков, т.б. өз үлестерін қосты.
Акмеология жетілген ересек адамның дамуын зерттейді. Психологияда кемелденген және ересек адам түсініктері бір мағынада қолданылатын жайттар көп кездеседі. Акмеологияда олардың керісінше ара жігі ажыратыла қарастырылады. Акмеологиялық көзқарастар бойынша тұлғаның жетілуі-оны моральдік-азаматтық сапаларын, адамгершілік бағыттылығын, қарым-қатынас нормаларының деңгейін көрсететін кең ауқымды категория. Жетілген тұлғаны жоғарғы жауапкершілік, адамгершілік тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік пен басқаларға қамқор бола білу, өзін-өзі іске қоса алу сияқты сапалар сипаттайды. Сондықтан жетілудің шыңы АКМЕ - ересек адамның жоғары кәсібилік, тұлғалық және әлеуметтік табыстарға жеткізетін прогрессивті жолмен дамуының белгілі бір кезеңін көрсетеді.
Әр адамдағы АКМЕ қалыптың бағыттылығы мен байқалуы әрқалай болуы олардың туа берілетін нышандары мен қабілеттерінің әр деңгейде болуына байланысты. Дегенмен адамды зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарына сәйкес (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.А.Бодалев) бұл әртүрліліктің төрт ортақ күре тамыры бар екендігі аталып өтіліп, олар төмендегідей етіп топтастырылады:
- адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындағы шығар «шыңы»;
- тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері;
- еңбектегі жоғарғы жетістіктері (тұлғаның әрекет субъектісі ретіндегі дамуымен байланысты);
- адамньң даралық дамуындағы жетістіктерінің шыңы.
Бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысады және олардың түйісулері нәтижесінде адамның әрекеттің «жоғарғы баспалдағында» болуы орын алады.
Акмеологияның объектісі - әрекетте шыңға жеткізетін шеберлік пен кәсібилік. Кәсібилік мәселесі басқа ғылымдардың да зерттеу нысанасына іліккені белгілі. Мысалы: жалпы психология әртүрлі еңбек саласындағы адамдардың психологиялық ерекшеліктерін, ал социология оны әлеуметтік қатынастар тұрғысынан қарастырады. Еңбек психологиясы кәсіби ойлауды талдаса, ал акмеология кәсіби ойлауды шеберлікке дейін жеткізетін құралдар, педагогикалық, әлеуметтанымдық, технологиялық білімдер тұрғысынан зерделейді.
Кемелдену (есею) - акмеологиялық категория ретінде үш бағытта байқалады. Мұғалімнің рухани кемелденуі оның даралық және кәсіби жетілгендігінің көрсеткіштерінен байқалады. Мұндағы даралық деп отырғанымыз тұлғаның белсенділігі, өмірлік және кәсіби мәселелерді шешудегі жауапкершілігі, өзінің дамуының жақын аймағын айқындай білуі және даму өрісін кеңейте алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет