ОқА ректоры з.ғ. д., профессор



бет21/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 5, 9, 11,18,29
6- дәріс тақырыбы. Құзыреттілік базалық акмеологиялық категория ретінде
Дәріс түрі: сұрақ-жауап-пікірталас


Жоспар:
1. Кәсіби білім берудегі акмеологияның мәселелері
2. Құзыреттілік және құзырлылық


Негізгі ұғымдар:құзыреттілік, құзыреттілік тұғыр, құзырлылықтар, білім беру құзырлылықтары, түйінді құзырлылықтар, базалық құзырлылықтар, арнайы құзырлылықтар
Кәсіби білім берудегі акмеологияның мәселелерін зерттеу, акмеологияның теориялық аппаратын айқындау мен негіздеуді, ноосфералық педагогиканың ерекшеліктерін, педагогиканың біріктіруші сипатын есепке алатын, кәсіби білім берудің мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіруді талап ететін өзекті мәселе болып табылады.
Кәсіби білім беру жүйесінің дамуының қазіргі заманғы үрдістері, білім беру мекемелерінің болашақ түлектеріне жоғары талаптар ұсынады. Педагогикалық ой-пікірлердегі жаңа ұғым ретінде құзырлылықты қалыптастыру алынады.
Әлемдік білім беру тәжірибесінде құзыреттілік ұғымы, білім берудің мақсаты ретінде, соңғы жылдары түйінді ұғымдардың бірі ретінде болады, ал түйінді құзырлылықты қалыптастыруды мектептің білім беру мақсаттарына ендіру (атап айтсақ, жоғары мектеп) және сонымен байланысты оқу жұмысының әдістерін өзгерту – жоғары мектепті қайта құрудың (жаңарту) негізгі бағыты ретінде болады. «Адамдармен қарым-қатынас жасау, өз бетімен туындайтын мәселелерді шешу» қабілеті кәсіби іс-әрекеттің және білім беру аясына тәуелсіз әмбебап сапалар болып саналады. Білімге бағдарланатын жоғары мектеп әлемдегі еңбектің жаңа сұраныстарытұрғысында ескірді».
Соңғы онжылдықта инновациялық білім берудің теоретиктері мен практиктері, мамандардың белгілі білімдері мен біліктерін қалыптастырудың қажеттілігі туралы ғана емес, сонымен бірге алуан түрлі өмірлік жағдайларда, тәжірибеде аталған білім мен біліктерді қолдану қабілетіне бағытталған ерекше «құзырлылықтарды» қалыптастырудың қажеттілігі туралы пікір білдіреді. Нәтижесінде коммуникацияға және командалық жұмысқа дайындықты, жобалық менеджмент әдістерін меңгеруді, пәнаралық тұғырды қолданып, мәселелерді талдау және шешу біліктерін, іргелі және техникалық білімді қамтитын, құзырлылықтар кешенін қамтамасыз ететін білім берудің жаңа сапасының қажеттілігі туындайды (Eyerer P., Hefer B. and Krause В., Enemark S.).
Қазіргі заманғы экономика орта және жоғары мектептің көпшілік түлектерінің білімінің көрсеткіштерінен біршама асып түсетініне бағдарланған. Нәтижелі кәсіби іс-әрекетте, оқшауланған білімдер емес, өмірлік және кәсіби мәселелерді шешу, шетелдік қарым-қатынас жасау қабілеті, ақпараттық технологиялар саласында даярлық қабілетінде көрінетін жалпылама біліктер аса маңызды және тиімді болып табылады. Осылайша, құзыреттілік тұғыр қазіргі заманғы білім берудің біршама мәнді жаңартуды талап етуімен сұранысқа ие болады, ал осы үдерісті жүзеге асырмау, заманауи педагогикалық идеялар мен тұжырымдамаларды ендіру негізінде, білім беруді жетістікпен қайта құруға деген көп жылдық ұмтылыстардың арасындағы кезекті компания болу мүмкіндігін иеленеді (И. Капинос, А.Г. Бермус).
Қазіргі кезде біз білім беру жүйесіндегі қайта құруды әртүрлі бейіндегі мамандарды даярлаудағы сапалы жаңа тұғыр ретінде айтааламыз. Жоғары білім беру жүйесін екі деңгейге бөлу, еңбек іс-әрекетіне бағдарланған студенттер мен ғылыми дамуға бағытталған студенттер арасындағы нақты шектеуге әкеледі. Осы жағдайда жаңа типтегі мамандарды озық кәсіби даярлау жүйесін құрудың қажеттілігі өзекті болып саналады.
Бірінші қатарға кәсіби тәрбие беру мәселесі, тәрбие үдерісінің жаңа сипаттамалары шығады, олар кәсіби даярлаумен педагогтарды қайта даярлауға жаңа талаптар ұсынады. Жаңа мәдениеттанушылық тұжырымдаманың авторларының пікірлері бойынша, «тәрбие мәдениеттің аса жоғары жетістіктерінің негіздерін көрсететін, ғылыми-педагогикалық бағдарламамен қамтамасыз етілген, білімгерлердің өмірін педагогтардың мақсатты бағытталған, кәсіби басқаруы арқылы ұйымдастыруда, мәдениет контексінде тұлғаны қалыптастыру және дамытудың кең, ауқымды үдерісі» болып саналады.
Құзыреттілік тұғырды жүзеге асырудың тұжырымдамалы мәселелерінің мәні, осы үдеріске қатысушы барлық субъектілердің мүдделерінің көптігімен және әртүрлі бағыттылығымен анықталады. Мысалы, мемлекеттің біліктілік сипаттамаларды құрастыру тәжірибесі болады, яғни мемлекеттік қорытынды аттестациялау туралы диплом алу тұрғысында маңызды білім мен біліктің нақты тізімдемесі болады, сонымен бірге, жұмыс берушілер үшін базалық коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктер үлкен маңызға ие болады, сонымен қатар мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің және ұсыныстарының болуы маңызды болып саналады. Түлектердің өздері білімділік жетістіктерін талдау жағдайында, біршама дәрежеде дипломның мәртебесіне және білімді жалғастырудың мүмкіндігіне бағдарланады. Сондықтан әлеуметтік-тұлғалық, экономикалық, жалпы-ғылыми және кәсіби құзырлылықтар, өзінің құрамы бойынша айрықшаланып қоймайды, сонымен бірге әртүрлі субъектілердің қажеттіліктерімен байланысты болады, өз кезегінде объективті бағалауға ие болу үшін, мазмұны мен құрылымы бойынша диагностикалық процедураларды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет