ОқА ректоры з.ғ. д., профессор


Құзыреттілік және құзырлылық



бет22/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

2. Құзыреттілік және құзырлылық
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кәсібилікті қалыптастыру және дамыту үдерісін қарастыруда, екі ұғым қолданылады: құзыреттілік және құзырлылық.
Біріншісі кәсіби іс-әрекеттің белгілі түрімен байланысты болады және С.И.Ожеговтің сөздігіне сәйкес «белгілі бір салада хабардар болу, беделге ие болуды» білдіреді; ал екінші ұғымның келесідей мәні болады: «белгілі бір адамның, органның міндеттемелері мен құқықтарының шеңбері, белгілі бір адамның қарауындағы мәселелер мен істердің шеңбері».
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, олардың түсіндірілуі, білімдері мен біліктерінің орындайтын міндеттердің, шешілетін мәселелердің күрделілік деңгейіне сәйкестік шамасын сипаттайды. Құзыреттілік – бұл құзырлылықтар жиынтығы. Құзыреттіліктер көптеген құзырлылықтардан құралуы мүмкін, олардың көпшілігі салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз, әртүрлі салаларға қатысты болады. Құзырлылықтар деп білім, кәсіби тәжірибе және мінез-құлықтың мақсат пен жағдайға сәйкес бірлігіне негізделетін, әрекет ету қабілеті арқылы көрінетін, маманның сипаттамасы аталады.
Құзырлылықтар – бұл аталған қызметті атқаратын нақты маманның меңгеруі қажет сапалары. Құзыреттілік және құзырлылық бір-бірін өзара толықтыратын және өзара негізделген ұғымдар болып табылады: тең құқықтары (құзырлылық) меңгермеген құзыретті адам толыққанды дәрежеде қызметті әлеуметтік маңызды аспектіде жүзеге асыра алмайды. Мұндай түсіндіруді біз А.С.Белкиннің анықтамасынан табамыз, аталған анықтамада құзырлылық келесі үлгіде берілген: «құзырлылық адамның ие болатын жиынтығы, ал құзыреттілік – адамның меңгерген жиынтығы».
Әдетте құзырлылықтар әмбебап және арнайы деп бөлінеді. Мұнда әмбебап құзырлылықтар инструменталды, тұлғааралық және жүйелі деп бөлінеді.
Құзыреттілік тұғырдың жаңарту үдерісінің негізгі аспектілерін аса терең көрсететін, барлық мәндер мен аспектілердің интуитивті түсінікке негізделетін көзқарасты қарастырамыз. Дәл осы «ілгері дамушы» бағдардың аясында ой тұжырымдары жасалады (В.В.Краевский):
• құзыреттілік тұғыры өндірістік саланың сұраныстарына жауап береді (Т.М.Ковалева);
• құзыреттілік тұғыр өзгермелі әлеуметтік-экономикалық шындыққа жауап білім беру мазмұнын жаңартуда көрініс табады (И.Д.Фрумин);
• құзыреттілік тұғыр адамның оқу сюжеттері мен оқу жағдаяттарының шекарасынан тыс тиімді әрекет ету қабілетінің жалпылама шарты ретінде (В.А. Болотов);
• құзыреттілік жаңартудың түбегейлі құралы ретінде көрініс табады (Д.Б.Эльконин);
• құзыреттілік қабілеттерді жағдайларға өткізудің мүмкіндігімен сипатталады (В.В.Башев);
• құзыреттілік «маманның белгілі іс-әрекетке енуге дайындығы» ретінде (А.М.Аронов) немесе маманның болашақ кәсіби іс-әрекетке даярлығының белгісі ретінде анықталады (П.Г. Щедровицкий).
Осылайша, құзыреттілік тұғырды талқылау, соңғы онжылдықта қазіргі білім берудің келесі үрдістерімен ұсынылған, ерекше мәдени білім беру контексіне енгізілгенін айтуға болады (В.В.Краевский, С.А.Пиявский, Н.Ф.Виноградова, В.И.Капинос, А.Г.Бермус):
• бірлік пен білім беру жүйелерінің анықталуының жоғалуы, еңбек нарығының және онымен байланысты білім беру қызметі нарығының қалыптасуы;
• білім беру бағдарламаларының нұсқалығы және баламалығы, білім беру жүйесінің қызметінде бәсекелестік пен коммерциялық фактордың артуы;
• білім берудегі мемлекеттің қызметінің өзгеруі: жаппай бақылаудан және жоспарлаудан – білім беруде туындайтын қатынастардыжалпы құқықтық реттеуге дейін;
• жоғары білім беруді және қазіргі заманғы экономиканы еңбекті бөлудің халықаралық жүйесіне біріктірудің перспективасы (атап айтсақ, еуропалық).
Құзыреттілік тұғырдың қазіргі заманғы ұғымдарының қайта құрылған бейнесі ретінде, дамытушы және тұлғалық-бағдарлы білім берудің психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалары контексінде құрастырылған, жалпы және тұлғалық даму идеялары алынады. Соған байланысты құзырлылықтар дәстүрлі білімдерді, жалпылама интеллектуалды, коммуникативті, креативті, әдіснамалық, дүниетанымдық және басқа біліктерді біріктіретін жанама, метапәндік құрылымдар ретінде қарастырылады.
Құзыреттілік тұғырдың категориялық базасы, білім беру үдерісінің мақсатты бағыттылық және мақсат ұсыну ой-пікірімен тікелей байланысты, оның барысында құзырлылықтар білімгерлердің біліктері мен дағдыларының жоғары, жалпылама деңгейлерін ұсынады, ал білім берудің мазмұны аталған білім берудің маз- мұнының төрт компонентті үлгісімен анықталады (білімдер, біліктер, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі және құндылық қатынас тәжірибесі).
Құзыреттілік тұғырдың ішінде екі базалық ұғым айқындалады: құзырлылық және құзіреттілік, мұнда бірінші ұғым «заттар мен үдерістердің белгілі шеңберіне қатынасы бойынша ұсынылатын, тұлғаның өзара байланысқан сапаларының жиынтығын қамтиды», ал екінші ұғым «адамның іс-әрекет пәніне тұлғалық қатынасын қамтитын, сәйкес құзырлылықты меңгеруімен, игеруімен» арақатынаста болады. Бұл контексте «білім беру құзырлылығы» ұғымы қызмет етеді, аталған ұғым «тұлғалық және әлеуметтік- маңызды тиімді іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті, шынайы болмыстың объектілерінің белгілі шеңберіне қатынасы бойынша, студенттердің білімдері, біліктері, дағдылары мен іс-әрекет тәжірибесі, мағыналық бағдарларының жиынтығы» ретінде түсіндіріледі (Хуторской А.В.). Білім беру құзырлылықтары білім берудің мазмұнының деңгейлері бойынша сараланады:
• түйінді (барлық пәндерге ортақ, метапәндік мазмұнда жүзеге асырылатын);
• жалпы пәндік (білім беру саласындағы пәндердің жиынтығы үшін біріктіруші мазмұнда жүзеге асырылатын);
• пәндік (жекеленген пәндердің аясында қалыптасатын).
Білім берудің нормативті және тәжірибелік құрамдасына білім беру құзырлылығы ұғымын енгізу, студенттердің теориялық білімнің жиынтығын меңгергеннен кейін, осы білімді нақты міндеттерді немесе проблемалық жағдаяттарды шешуге қолдануды талап ететін, іс-әрекетте біршама қиындықтарға кезіккенде мәселені шешуге мүмкіндік береді. Алайда, құзыреттілік тұғырды талқылауда келесі мәнді қарама қайшылықтарды айқындауға болады:
1. Құзыреттілік тұғырдың бастапқы тәжірибелік бағдарлануы мен педагогикалық тәжірибенің пәндік (атап айтсақ, метапәндік) бағдарының сәйкессіздігі (Е.А. Ямбург).
2. Құзыреттілік тұғырдың тұжырымдамалы және инновациялық әлеуетінің белгісіздігі, атап айтсақ әрекеттік және дамытушы бағыттылықта психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалардағы түбегейлі айырмашалықтардың айқын болмауы (Н.Д.Никандров, М.В.Богуславский, В.М.Полонский).
3. Құзыреттілік тұғырдың пәндік және жас ерекшелік ара-қатынасының болмауы (Г.Н.Филонов), сонымен бірге, құзыреттілік тұғырды ендірудің ұйымдастырушылық-басқарушы аспектілерінің болмауы (Н.Д.Никандров, И.И.Логвинов).
4. Стандарттарды құрастырудағы ұлттық-мәдени, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-психологиялық контекстің, ондағы құзыреттілік тұғырды жүзеге асырудың айқын болмауы (В.И. Слободчиков, Т.М. Ковалева).
Атап өтетін бір жайт, құзырлылыққа бағдарланған білім беру (құзырлылыққа негізделген білім: competent-based education – CBE) Америкада адамның әлеуметтік-кәсіби өмір сүруінің интеллектуалды және тұлғалық негізделген іс-әрекет тәжірибесіне, білімдерге негізделген «құзырлылық» ұғымының жалпы контексінде қалыптасты.
Құзырлылық және құзыреттілік мәселелері бойынша еңбектерді талдау (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, В.Н. Куницына, Г.Э. Белицкая, Л.И. Берестова, В.И. Байденко, А.В. Хуторской, Н.А. Гришанова және т.б.) білім берудегі СВЕ- тұғырдың қалыптасуының үш сатысын шартты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші саты (1960-1970 жж.) ғылыми аппаратқа «құзырлылық» категориясын ендірумен, құзырлылық және құзыреттілік ұғымдарын ажыратудың алғашарттарын құрумен сипатталады. Осы уақытқа дейін трансформациялық грамматика және тілдерді оқыту теориясының аясында, тілдік құзырлылықтың алуан түрлерін зерттеу басталды, «коммуникативті құзыреттілік» ұғымы енгізіледі (Д. Хаймс).
Екінші саты (1970-1990 жж.) құзырлылық және құзыреттілік категорияларын тілдерді оқытудың теориясы мен тәжірибесінде қолданумен, сонымен бірге басқаруда, менеджментте, қарым-қатынасқа оқытуда кәсібилікке оқытуда қолданумен сипатталады; «әлеуметтік құзырлылықтар/құзыреттіліктер» ұғымдарының мазмұны құрастырылады.
Ғылыми категория ретінде құзыреттілікті зерттеудің үшінші сатысы білім беруге қатысты, ол өткен ғасырдың 90-жылдары басталды және А.К. Маркованың еңбектерінің пайда болуымен байланысты (1993, 1996), аталған еңбектерде еңбек психологиясының жалпы контексінде кәсіби құзыреттілік жан-жақты және арнайы қарастырудың пәні болды. Осы кезеңдегі еңбектерде, құзыреттілік ұғымы алуан түрлі түсіндіріледі: кәсібиліктің синонимі және оның бір құрамдасы ретінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет