ОқА ректоры з.ғ. д., профессор



бет38/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

Ұсынылатын әдебиеттер: 5,9,12, 18,27,36,45


2.3.Семинарлық сабақтардың жоспарлары

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын игерудің қорытынды кезеңі болып табылады. Сол себепті де мұндай сабақта студенттердің өздік жұмысы қорытылып, бағаланады.


Лекция сабағымен салыстырғанда семинарда салмақ толығымен студент жағына ауысады, студент бұл сабақтарда негізгі рөл атқарады. Семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын проблеманы түсіндіру, талқылау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдары мен позициясын келтіреді: семинар сабағын топтық талқылау мен пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді.
Семинар сабағының тағы да бір ерекшелігі келесідей: әр студент қарастырылатын мәселелерді талқылауға тең құқылы және белсенді түрде қатыса алады. Ал оқытушы мұнда студенттердің пікірлерін қорытындылаушы, күрделі мәселелерді айқындаушы, кеңес-консультация беруші рөлдерін атқарады.
Семинар сабақтарында теориялық мәселелер практикалық тұрғыдан қолдану аясында қарастырылып, меңгеріледі. Ғылыми проблеманы талқылау практикада кездескен ситуацияларды мысал ретінде келтіру немесе кемшіліктерді сынау түрінде ғана өтпейді, мұндай жұмыстар талдау (анализ) әрекеттерін қолдануды талап етеді. Сабақта студенттер жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселелердің аясында нақты баяндау, логикалық тұжырымдау, басқалардың пікірін сыни тұрғыдан бағалау сияқты біліктерін көрсете білуі керек.
Семинар сабақтарында теориялық оқу материалын меңгерудің келесі тиімді нысандарын қолдануға болады: проблемалардың шешімін табу, ақпаратты (статистикалық көрсеткіштер, ғылыми көзқарас, тұжырым, заңнамалық ережелер, т.б.) талдау мен бағалау, практикалық ситуацияларды жан-жақты талқылау мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Семинарға дайындалу барысында студенттер силлабустарда келтірілген өздік жұмыс тапсырмаларын орындап, қосымша әдебиетпен (ғылыми журналдардағы мақалалар, Интернеттегі мәліметтер, жаңа ресми құжаттар, ғылыми басылымдар, т.б.) танысуы керек.
Семинар сабақтары белгілі бір ғылыми проблеманы немесе пәннің бір бөлімін тереңінен және жан-жақты қарастыру мен талқылауға арналып, студенттерде келесі тәжірибе, білік, дағды, машықтарды қалыптастыруға бағытталады:

  • абстрактылық, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

  • танымның методологиялық және әдістемелік тәсілдерін практикада қолдану мен оларды жетілдіру;

  • бірлесе жұмыс жасау (топ ішінде, команда құрамында) дағдыларын жетілдіру;

  • кез келген ақпаратты талдау қабілеттерін, таңдау жасау, қорытындылау мен шешім жасау біліктерін қалыптастыру мен жетілдіру;

  • теориялық білімді практикада, өндірістік ситуацияларда қолдану біліктерін жетілдіру;

  • қарастырылатын проблемалар бойынша өз ойы мен пікірін қысқа, айқын, дәлелді түрде жеткізу;

  • кез келген білімді өздігімен игеріп, оның негізінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру.

1-Семинар тақырыбы: Акмеология – оқу пәні. Акмеология – ғылым.Акмеологияның негізгі ұғымдары мен пәні. Акмеологияның ғылымдар жүйесінде, қоғамтануда, адамтануда алатын орны. Акмеологияның міндеттері


Адамның және оның шығармшылық әлеуетінің дамуындағы макро-, мезо-, микроәлеуметтердің өзара әрекеттесуі (мемлекеттің, қоғамның, оқу және еңбек ұжымының, отбасының және т.б.).

Сабақ басында оқытушы студенттерге талқыланатын проблеманы (проблемаларды) ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:


- Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы тақырып бойынша не білемін?Бұл мәселе бойынша ойларым мен ұстанымдарым қандай?» деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-3 минут) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді.
- Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (шамамен 5-7 минуттай).
- Жариялау. Кезекпен әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.
- Қорытындылау. Оқытушы немесе оқытушының сұрауы бойынша бір студент талқыланатын проблема бойынша бүкіл аудитория келтірген негізгі деректер мен проблемалардың қысқаша тізімін тақтаға (плакатқа) жазады.
- Негізгі проблеманы айқындау. Тақтаға жазылған тізім ішінен студенттер оқытушының ұйымдастыруымен ең өзекті проблеманы таңдайды (проблемалардың бірнешеу болуы да мүмкін; мұндай жағдайда әр топ сабақтың келесі кезеңінде жеке проблеманы қарастыру ісімен шұғылданады).

Ұсынылатын әдебиеттер: 1 , 3, 6, 7,8,9,12,17,25


2-Семинар тақырыбы: «Акме»феномені туралы. Акмеологияның негізгі мәселелері және міндеттері


абақтың бұл кезеңінде студент топтары өздері айқындаған және таңдап алған проблеманы шешу жұмысымен айналысады. Оқытушы шешімнің теориялық мағлұматты практикалық кеңістікке аудару тұрғысынан орындалуы керектігін баса ескертеді (мақсат теорияны еске түсіруде емес, ол білімді қажетке жаратуда болып табылады).


- Топтық жұмыс. Студенттер шағын топ ішінде (10-20 минут) проблеманы шешу ісімен шұғылданады. Оқытушы оларға мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге тиімді белсенді тәсілдерді ұсынады (мәселен, Ой қозғау, Рөлдік ойын, т.б.). Жұмыс нәтижесі графикалық түрде көлемді қағазға (плакат, А3 форматындағы қағаз) түрлі-түсті маркерлермен түсіріліп, қабырғаға ілінеді.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1 ,2,5, 7,8,9,14,22,30

3-Семинар тақырыбы: Акмеологияның басқа ғылымдармен байланысы


Қорытынды жасау жəне талдау.


Сарапшылардың баяндамасы, пікірлерменалмасу, білімгерлердің өз шешімдері мен тұжырымдарын қорғау осы сатыда жүзеге асады. Аталған жағдайда оқытушы белгілі бір ой қорытындысынтүзете алады. Сабақта оқытушыбілімгерлердің іс-əрекетін реттей жəне түзете отырып режиссер болады.
Ойынның соңында оқытушы тақырыптық бағыттылық, əрбір студенттің қосқан үлесі бойынша қорытынды жасайды.
Қорытындыда оқытушы қол жеткен нəтижелерді айқындайды, қателіктердіатапөтеді, сабақтыңсоңғықорытындысынқұрастырады. Қолданылған имитацияны шынайы адамның сəйкес саласымен салыстыруға, ойынның оқу пəнінің мазмұнымен байланысын құруға зейін аударылады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 6, 7,8,9,12,17,25
4-Семинар тақырыбы: Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясы

Сабақтардың ойын формасында ойын тəсілдерін жəне жағдайларын жүзеге асыру, келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


• білімгерлердің алдына дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы формасында қойылады; • оқу іс-əрекеті ойынның ережелеріне бағынады;
• оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
• оқу іс-əрекетіне жарысу элементі енгізіледі, ол дидактикалық міндетті ойын міндетіне алмастырады;
• дидактикалық міндетті табысты орындау ойын нəтижесімен байланыстырылады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 7,8,9,12,15,21
5-Семинар тақырыбы: Акмеологияның зерттеушілік жоспары

Оқытудың ойын формалары, басқа технологиялар сияқты мотивацияның алуан түрлі тəсілдерін қолдануға ықпал етеді.


Қарым-қатынас мотивтері:
• Білімгерлер тапсырманы бірлесіп шешіп, ойынға қатысып, қарым-қатынас жасауға жəне жолдастарының пікірін есепке алуға үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешуде білімгерлердің алуан түрлі мүмкіндіктері қолданылады; практикалық іс-əрекетте тəжірибеде тез ойланатын, сыни бағалайтын, мұқият жұмыс істейтін, қырағылық танытатын, тəуекелге баратын жолдастарының пайдалылығын саналы ұғынады. Ойын кезіндегі бірлескен эмоционалды толғаныстар, тұлғааралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.
• Моральды мотивтер. Ойында əрбір студент өзін, өзінің білімдерін, біліктерін, өзінің мінезін, ерікті сапаларын, өзінің ісəрекетке, адамдарға қатынасын білдіре алады.
• Танымдық мотивтер. Əрбір ойынның жақын нəтижесі болады (ойынның аяқталуы), білімгерлерді мақсатқа жетуге ынталандырады (жеңіс), мақсатқа жетудің жолдарын саналы ұғынады (басқалардан көбірек білу керек).
Ойында командалар немесе жекеленген студенттер бастапқыда тепе-тең болады (үздіктер мен орташалар жоқ, тек ойыншылар бар).
Нəтиже ойыншының өзіне, оның дайындық деңгейіне, қабілеттеріне, шыдамдылығына, біліктеріне, мінезіне байланысты болады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 5, 9, 11,18,29
6-Семинар тақырыбы: Құзыреттілік базалық акмеологиялық категория ретінде

1. Кәсіби білім берудегі акмеологияның мәселелері қандай?


2. Құзыреттілік және құзырлылық ұғымдарына сипаттама беріңіз.
3. Білім беру құзырлылықтарын атаңыз.
4. Құзыреттілік тұғырды талқылауда қандай қарама қайшылықтарды айқындауға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8,1 16,17,21
7-Семинар тақырыбы: Адамның кәсібилігі және өзін шығармашылық жүзеге асыруы

1. Оқытушы тақырып бойынша екі немесе одан да көп баламалы шешімдері бар проблеманы анықтап, оларды жариялағаннан кейін студенттерді шағын топ құрамында осы мәселені «Ой қозғау» тәсілін қолдана отырып талқылауды ұсынады.


2. Оқытушы студенттерге көзқарастардың бірін таңдап, үш минут ішінде ұстанған позицияларды дәлелдейтін аргументтерді жазуды тапсырады.
3. Бірінші көзқарасты ұстанған студенттер аудиторияның бір бұрышына, басқа пікірді жақтағандар екінші бұрышына, ал енді үшінші немесе төртінші позицияны таңдағандар бөлменің басқа бұрыштарына барып тұрады.
4. Оқытушы талқыланып жатқан проблема бойынша алдын-ала дайындаған мәтінді (мақала, лекция, ғылыми монография, т.б.) студенттерге таратып береді. Студенттер әр шағын топта мәтінді өзара бөліп, олардың позициясын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Әр топтан 1-2 студент осыдан кейінгі пікірталаста топ пікірін білдіретін спикер (шешен, сөйлеуші) болып таңдалады.
5. Топтарға кезекпен сөз беріледі. Спикерлер өз топтарының атынан 1-2 минут аралығында позицияларын айқындайды.
6. Енді сөз топтардың басқа да мүшелеріне беріліп, олар пікірталасқа араласа алады. Топтарды пікірталасқа ынталандыру үшін оқытушы тарапынан студенттерге келесідей сұрақтар қойған орынды: «Неліктен бірінші топтың мүшелері үшінші топтың көзқарасын қабылдамады?», «Сіздер екінші топтың қандай пікірімен келіспейсіздер?», «Неліктен бірінші топтың студенттері сіздерді өз көзқарасына иландыра алмады?», «Неліктен сіздер өз позицияларыңызға өзгеріс енгізбедіңіздер (енгіздіңіздер)?».
7. Пікірталас кезінде студенттер өз көзқарастарын өзгертіп, басқа топтарға ауыса алатындығын ескерту керек. Оқытушы тіпті студенттерді пікірлерін ауыстыруға ынталандыруы керек. Бұл жәйт олардың ойлану жұмысына қызу түрде қатысқандығын және ойлау икемділігін көрсетіп, топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін көтереді: олар жақтастарынан айрылып қалмау үшін пікірталаста дәлелді болуға тырысады.
8. Пікірталас соңында әрбір топқа өз позициясын қысқа түрде (1 минут) басқалардың алдында ауызша тұжырымдау мүмкіндігі беріледі (спикерлер сөйлеп болғаннан соң оларға сұрақтар қойылмайды).
9. Пікірталас аяқталғаннан кейін оқытушы әрбір студентті өз ұстанымын эссе түрінде жазуды тапсырады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,8,12,24
8-Семинар тақырыбы: Тұлғаның өзін кәсіби жүзеге асыруы оның табысты өзін өзі тануының нәтижесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет